Кел,балалар о?ылы?! (К?ркем ?дебиет, Технологиялы? карта)


017589500
Утепова Самал Аскаровна
Орал қаласы. №49 «Ақ ниет» бөбекжайы.
«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық!» өлең Ы. Алтынсарин
Мақсаты: Б.М. Қазақстаннан шыққан тұңғыш педагог.
Д.МОйыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу.
Т.М. Ой- өрісін дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Хрестоматия, ойыншықтар, жұмыс дәптері.Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Ойыншықтар туралы әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: Ойыншық.
Қос тілділік компонент: Ойыншық- игрушка.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Жылулық шеңберге жиналу.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Жылулық шеңберіне жиналып, тәрбиешімен бірге қайталайды.
Қимыл арқылы жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді жұмбақтар жасырудан бастаймыз.
Жұмбақтар
Шіркіннің өзіне обал-ақ.
Жүреді аяқта домалап.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
-Балалар, доп, қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз?
- Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар?
-Ендеше Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңімен танысып, жаттаймыз.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ойыншықтар
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ,
Қуыршақтар ұйықтайды.
Айтқаныңнан шықпайды.
Бұзау, қозы құлыншақ.
«Ұйықта» десең, ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?
Тентектігін қоймаса,
Тұрғызармын бұрышқа.
(Н. Әлімқұлов)
Сергіту сәті
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Шетімізден шеберміз,
Біз тынығып аламыз,
Әсем сурет саламыз.
Сұрақ-жауап
Балалар, өлең сендерге ұнады ма?
Өлеңде не туралы айтылған?
Ойыншықтармен қалай ойнау керек?
Ойыншықтар неден жасалады?
Өлеңді жаттау.
Дәптермен жұмыс:
1.Суретке қарап әңгімеле.
2.Ойыншықтарды түріне қарай берілген белгілер арқылы қорша. Балалар бар зейіндерін тәрбиешіге аударып, жұмбақтардың жауабын табуға талпынады.
Доп
Қуыршақ
Ойыншықтар.
Балалар бөлмеміздегі ойыншықтарды атайды.
Өлең жолдарын мұқият, зейін қойып тыңдайды. Мағынасын түсінеді.
Жаттығу жасайды.
Ұнады.
Ойыншықтар.
Ұқыпты.
Әртүрлі заттардан
Дәптермен жұмысты аяқтау, берілген тапсырманы орындайды.
Іс-әрекетті бағалау кезеңі Қорытындылау.
Сюжетті-желілі ойын:
«Ойыншықтар әлеміне саяхат» жасау.
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойын ойната отырып, ары қарай жан-жақты дамыту, тіл байлықтарын жетілдіру, сөздік қорларын молайту.
Мадақтау, мақтау, жұлдызшалар беру. Балалар қызықтап ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айта біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Ойыншықтар туралы тақпақ, жұмбақ, суретке қарап әңгіме құрауды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойыншықтардың түрлерін ажыратуды.