Технологиялы? карта к?ркем ?дебиет Та?ырыбы: ?аза?стан Республикам мені?
Бекітілді:
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қазақстан Республикам менің!
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу. Ой-өрісін дамыту. Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіс-тәсіл: сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекіліктер: суреттер, ҚР картасы, рәміздердің суреттері, мазмұнды суреттер, Б.Ысқақов «Отан»
Билингвальді компонент: отан-родина, әнұран-гимн, елтаңба-герб, ту-флаг
Оқу іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Бағыттап ұйымдастыру Шаттық шеңбері:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. Тәрбиешімен бірге қайталайды
Ұйымдастыру-іздену Балалар, бүгін біздің туған еліміз, отанымыз ҚР туралы айтып үйренеміз.
Гимн дегеніміз-отан әні. Авторлары:
Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов. Н. Назарбаев.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Тудың авторы:Ш. Ниязбеков
Ту дегеніміз-елдің тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышаны. Тудың түсі көк, ашық, аспан мен судың белгісі. Қыран құс бүркіт-еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
«Көк тудың желбірегені» өлеңін айтамыз.
Елтаңба авторы: Ж.Мәлібеков,
Ш. Уалиханов. Елтаңба дегеніміз-қазақтың қасиетті қара шаңырағының белгісі. Біздің ұлттың алтын бесігі. Мемлекеттің елтаңбаның пішіні дөңгелекке ұқсас. Ортасындағы шаңырақ, әрбір отбасының бірлігі, тыныштығы тәріздес, киіз үйге жарық сәулені шашыратып тұрғандай. Алтын қанаттар елдің болашағын қорғаған, достықты ұстап тұр.
«Қазақстан» өлеңін оқимын:
Қазақ жері-Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем, сағынамын,
Отаным сен-Қазақстан.
Отан туралы мақал айтамын:
1.Отан оттан да ыстық.
2.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
3.Отан үшін отқа түс, күймейсің.
4.Туған жердей, жер болмас,
Туған елдей,ел болмас.
Сергіту сәті:
Топ, топ, басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса, алтын күн,
Жаса, жаса, жарқын күн
Боямақпен жұмыс.
Туған жер бейнеленген суреттерді бастырып, бояуды ұсынамын.
«Суреттер сөйлейді» дидактикалық ойыны.
Мемлекеттік рәміздердің суреттерін көрсетіп, түсінгендерін сұраймын. Тыңдайды, қайталайды
Деп, балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Тәрбиешімен бірге қайталайды
Тыңдайды
Бірге қайталайды
Тәрбиешімен бірге қайталайды
Тәрбиешімен бірге жаттығу жасайды
Бояйды
Ойын ойнайды
Жауап береді
Рефлексивті-түзетушілік Сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітемін. Жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейтеді
Игереді: отан, еліміздің нышандарын дұрыс атауға, оларды құрметтеуге
Меңгереді: әнұран, мақал, тақпақ, өлең жаттауды