Т?рбие са?аты: Мейірімділік оша?ы


Мейірімділік ошағы- отбасы
Тәрбие сағатының мақсаты: Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Жоспары:
«Киіз үй» тренингі (шаңырақты бейнелеу)
Ата-аналар топтарын құру ( ән арқылы)
Өзіңді тереңірек тани біл ( мінез-құлқына сипаттама беру)
Ой қозғау: «Бала деген кім?»
Тәжірибе
Сергіту сәті: «Қарлығаш»
«Бақытты жанұя» (постер қорғау)
Түсін мені. (Балалардың ата-аналарына қажеттіліктерін ыммен түсіндіруі)
Қорытынды:
-ананың аялы алақаны;
-бақыт салатының рецептісі;
-ата-аналарға арналған ережелер, жадынама тарату.
Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің колледжімізде өткелі отырған «Мейірімділік ошағы- отбасы» атты шарамызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.Баланы баптап бақпасаң,Жамандықтан қақпасаң,Қадірден жұрдай қасқа бопКешкенің өмір босқа тек- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші- ата-ана. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-анасы. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
Біздің балаларымызға мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс жүргізу қажет.Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
Дөңгеленіп тұрайықКерегені құрайық.Уықтар боп иіліп,Шаңыраққа киіліпКиіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
«Әнмен бой сергіту» Ата-аналардың өздерін еркін сезініп, ойларын ашық айтуға мүмкіндік беру үшін Шәмші әндері арқылы топқа бөлу.
3 ән жазылған  қағаз таратады. Ата-аналар өзіне тиген ән бойынша топ құрады.
-Рахмет! Енді орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын. Ата-аналар топтасып отырған соң әр топ өз әндерін орындайды.
Мұғалім сөзі: Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынадай бір аңыздан бастағым келеді. Ертеде 100 адамнан тұратын бір жанұя өмір сүріпті. Олар үнемі бейбітшілік, махаббат, келісушілікпен көзге түсіпті. Бұл хабар елді  басқарушының құлағына шалынады. Ол жанұя басшысын өзіне шақырып, «Бір жанұяда бір-біріңмен ұрыспай, ренжіспей қалай өмір сүресіңдер?»-деп сұрапты. Сонда ол қағазды алып, жаза бастайды. Жауапты ел басқарушы оқыған кезде таңданыпты, себебі қағазда «түсінушілік» деген сөз 100 рет жазылған екен. Жаңағы аңызда айтылғандай, түсінушілік бар кезде татулық болады. Ал жанұяны басқарудың басты кілті бір адамның  қолында- ол әке. Әкеге бағыну сөзсіз, яғни толығымен әкемен келісу керек.
«Өзіңді тереңірек тани біл»Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Ешуақытта ешнәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен    жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі    жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз. Есесіне сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.
Ой қозғау    «Бала деген кім?»Гүлдің бейнесін келтіріп, гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым, т.б.
Тәжірибе: Ата-аналарға бұршақ, құмтастар, құм және су беріледі.
Тапсырма: осы аталған заттармен банканың ішін толтыру. Алдымен ата-аналар тәжірибені өз топтарында орындап көреді.  Содан кейін ғана ата-аналардан тәжірибенің мағынасын, нәтижесін сұрау.
Банканың ішін алдымен тастармен толтыру. Одан кейін ас бұршағын салып араластыру, бұршақтар тас арасындағы бос жерлерге орналасады.Оның үстіне құмды, одан кейін суды құю. Су банкадағы құмды ерітіп жібереді.Мағынасын түсіндіру: «Біздің өміріміз мына банка секілді. Тастар өміріміздегі ең маңызды нәрселер. Жанұямыз, балаларымыз, денсаулығымыз, яғни бізді бақытты ететін нәрселер. Ас бұршақтары жеке сіз үшін маңызды болған нәрселер: қызмет, мансап, көлік т.б. Ал құм қалған ұсақ түйектер. Егер банкаға алдымен құмды толтырсақ, онда тасқа да, ас бұршаққа да орын болмас еді. Өмір де дәл осындай: егер барлық уақытыңыз бен күш жігеріңізді ұсақ түйекке кетірсеңіз, маңызды нәрселер үшін орын қалмайды. Өмірде тек маңызды деген нәрселермен айналысыңыз. Ең басты сізге не қажет, соған уақыт бөліп, сол мақсат-мүддеңізді орындауға асығыңыз. Ал қалғандары жәй құм ғана. Өмірімізді құм секілді ұсақ-түйекке кетіріп алмай, ең маңызды нәрселердің бірі- бала тәрбиесіне маңызды көңіл бөлейік.»
Сергіту сәті: «Қарлығаш»
«Бақытты жанұя» (постер қорғау)Құрметті ата-ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың, яғни баршамыздың балаларымыздың қолында, ол бақыт отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан да балаларыңыз бақытқа кенелсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер! Сіздің ойыңыздағы «Бақытты жанұя» ұғымын алдарыңыздағы қағаз бетіне түсіруіңіз сұралады.
Түсін мені. Балалар ата-аналарына ыммен қажеттіліктерін түсіндіруі керек.
v Көйлегімнің түймесі үзіліп қалды. Тігіп беріңізші.
v Көйлегімнің жағасы кірлеп кеткен. Тазалап беріңізші.
v Үй жинайтын уақытым жоқ, сабақ оқуым керек.
Қорытынды: Бүгінгі тренингте сіздер бала тәрбиесінің оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін!
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін алдарыңыздағы мейірімділікке толы ана алақанының суретіне бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізді, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде жазып, тақтаға ілулеріңіз сұралады.
Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.
Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
«Бақыт» салатының рецептісі
Құрамы: Махаббат (мүмкіндігінше көбірек)
Тосын сый (тек жақсылары мен жаңалары)
Күлкі (тек жолдастық, достық түрі ғана)
Бақыт (шексіз)
Мейірімділік (тіршіліктің барлығына)
Жауапкершілік (әр іске жеткілікті мөлшерде)
Күтім (шексіз)
Дайындалу әдісі: Бар тіршілікке жетерлік мейірімділікке бір уыс махаббат қосыңыз. Осы екі қоспаны мұқият араластырып, бір қасық күлкі, екі қасық күтім мен жауапкершілік салыңыз. Салаттың бетін әдемі тосын сыймен безендіріңіз.