Конспект по истории для 9-11 класса «Ша?ыра? » тарихи танымды? ойыны
9-11 сыныптар оқушылары арасында өткізілген « Шаңырақ » тарихи танымдық ойынының жоспары.
Бұл ойын 5 бөлімнен тұрады, оған әр сыныптан 2-ден оқушы қатысады.
I бөлім: Салт –дәстүріңді білесіңбе?
Жүргізуші ойынға қатысушылырға осы тақырып аясында сұрақтар береді, қай команда алдарындағы қамшыны бірінші көтерсе, сол команда жауап береді.
II бөлім: Сен маған – мен саған
Бұл бөлімде әр команда қарсыластарына үйден даярлап келген сұрақтарын қояды. Мысалы: 9- сынып оқушылары 10-сыныпқа мынадай сұрақтар қойды:
Қазақстанда болған ұлт-азаттық көтерілістерін ата.
« Қазақстан 2030 » бағдарламасы туралы не білесіңдер?
Қазақстанның төл теңгесі қашан шықты?
Ал 11- сынып оқушыларының сауалдары мынадай:
1723 жылы Қазақстан тарихында қандай оқиға болды?
М.Өтемісұлының неше жылдық тойын тойлаттық?
Мемлекеттік рәміздеріміз қашан қабылданды, авторларын атаңдар.
III бөлім: Өнер көзі- халықта
Жүргізуші әр командаға қазақ халқының өнер туындыларын көрсетеді. Олар оның не зат екендігі, жасалу жолы, не үшін керек екндігін айту керек.
9-сынып 10-сынып 11-сынып
1.Уық 1.Келі 1.Торсық
2.Тұсау 2.Қамыт 2.Тайқазан
3.Ер тоқым 3.Саба 3.Қоржын
Мысалы: уық-кереге басы ман шаңырақты жалғастыратын ағаш. Уық саны кереге басының санына қарай құба талдан жасалады. Үйдің маңдайшасына алты уық байланады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып, имек келеді. Мұны уықтың иіні деп атайды. Уықтың жоғарғы , түзу жағын –қары, шаңырақ көзіне кіріп тұратын төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағы тесіліп, бау өткізіледі, оны уықбау деп атайды.
IV бөлім: Таным таразысы
Мақал-мәтел жарысы. Командалар мақал- мәтелдің басын айтады, қврсыласы жалғасын айтып, мағынасын түсіндіреді.
V бөлім: Қазақ тілі – ана тілім.
Жүргізуші қазақ халқының ақын- жазушыларының өмірі, шығармалары төңірегінде сұрақтар береді.
« Абай жолы» эпопеясынын 10 кейіпкердің есімін ата.
Ілияс Есенберлиннің қандай шығармаларын білесіңдер?
Биыл Мұқағали Мақатаетың туғанына неше жыл болды?
Шерхан Мұртазаның « Қызыл жебе » романы кім туралы жазылған?
Апталық соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталды.