Сыныптан тыс С?змерген танымды? ойын
Сабақтың тақырыбы: Сөзмерген
Мақсаты:
Оқушыларды өз ана тілін жақсы біліп, таза сөйлеуге үйрету, ұлттық салт-сананы қалыптастыру. Ата-бабадан қалған ұлағатты ғибрат алар сөздерді ұғындыру, мағынасын түсіндіру, ұлы ғалымдар ілімін дәріптеу.
Ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету. Тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ана тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, тілді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық қасиеттерді сіңіре отырып, имандылыққа, мейірімділікке, елін-жерін, Отанын сүйетін патриот тұлға тәрбиелеу. Ұлағатты сөздерден үлгі-өнеге алуға баулу.Көрнекілігі: интерактивті тақтаОйын барысы:
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар «Тілдер күніне» арналған 4 Д- сыныбында өткізгелі отырған «Сөзмерген» танымдық ойынына қош келдіңіздер!
Армысыздар,алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін,байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы –«СӨЗМЕРГЕН– дей отырып, ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.Мұғалімнің сөзі: --- сайыскерлеріміздің білімін, зеректіктерін байқап, бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Бүгінгі «Сөзмерген» танымдық ойыны 5 бөлімнен тұрады, олар:1. «Зымыран сұрақтар»2. Тапқыр болсаң, тауып көр3. Ойлы болсаң, озып көр4. Мәнерлеп оқу сайысы
5. Көрермендер сайысы
5«Ойлы орталық» Топбпсшылар сайысы «Егер мен білім министірі болсам,
Ойынымыздың бірінші бөлімі - «Зымыран сұрақтар». Бұл бөлімде қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен және логикалық сұрақтар берілген. Осы сұрақтарға тез, әрі шапшаң жауап беру керек.
І . топ:
1.Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)
2.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42 әріп)
3.Білім күні қай айда? (1 қыркүйек)
4.Тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынарин)
5.Қазіргі «Қазақ тілі» оқулығы қай баспадан шыққан? (Алматыкітап)
6.Абай Құнанбаев кім? (қазақтың ұлы ақыны)
7.Рәміздерді ата? (ту,елтаңба,әнұран)
8.Бес дұшпанды ата (өсек,өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
9.Сөйлем дегеніміз не?(аяқталған ойды білдіреді)
10Мәтін түрлерін ата (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
ІІ. топ
1.Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қ.Р)
2.Кел,балалар,оқылық кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)
3.Қ.Р-ң мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
4.Өлең жазатын адамды кім дейді? (ақын)
5.Төрт түлікті ата (қой, түйе, сиыр,жылқы)
6.Ең асыл жан кім? (ана)
7.Қазақша жыл басы? (наурыз)
8.Сөйлем мүшесі деген не? (сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздер)
9.Мәтін деген не? (өзара мығына жағынан байланысқан сөйлемдерден құралады)
10.Әнұранның авторын ата (сөзі Нәжімеденов, Назарбаев
Әні Ш.Қалдаяқов )III -ТОП
1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? /10/
2. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? /3/
3. Қазақ тілінде неше септік бар? /7/
4. Мақалды аяқтандар. Мектеп - кеме, білім - .... /теңіз/
5. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? /Ы.Алтынсарин/
6. Қазақстанның елордасы . /Астана/
7. Қазақстанның мемлекеттік тілі. /қазақ тілі/
8. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл/
9. «Мен, сен, ол» есімдіктің қай түріне жатады? /жіктеу/
10. Етістіктің шақтары нешеу? /3/
IV-ТОП
1. Бие сүтінен не әзірлейді? /қымыз/
2. Түйе сүтінен не әзірлейді? /шұбат/
3. Айранды ненің сүтінен әзірлейді? /сиыр/
4 «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? /Ш.Айманов/
5. «Көксерек» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? /Құрмаш/
6. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? /4/
7. Бір жылда неше күн бар? /365/
8. «Мұғалім» сөзінің синонимі /¥стаз/
9. «Үлкен» сөзінің антонимі /кішкентай/
10 Абай Құнанбайұлының шын есімі? /Ибраһим/ Екінші бөлім – «Тапқыр болсаң, тауып көр »
Фразеологизмдер
Шарты: Тұрақты сөз тіркестердің мағынасын табу
І- топ
1. Жерге кіріп кете жаздау /ұялу/
2. Төбе шашы тік тұру /қорқу, шошу/
3. Сегіз қырлы, бір сырлы /жан-жақты /
4. Он сайсағынан өнері тамған /шебер /
5. Қуанышы қойнына сыймау /қаты қуану/
ІІ- топ
1. Қой аузынан шөп алмас/жуас /
2. Мұзға отырғызып кету /алдау/
3. Жұмған аузын ашпау /үндемеу/
4. Көзді ашып-жұмғанша /лезде/
5. Ит жанды /көнбіс/
III -ТОП
1.Ит өлген жер – алыс2.Қас пен көздің арасында – тез
3.Төбесі көкке жетті – қуанды
4.Беті бүлк етпеді – ұялмау
5.Ит терісін басына қаптады – ұрысты
IV-ТОП
1.Қол ұшын берді – көмектесті
2.Ұшан-теңіз – көп3.Жүрек жұтқан – батыр
4. Жүрегі аузына тығылды – қорықты
5.Көзді ашып-жұмғанша – тез, жылдамҮшінші бөлім – «Ойлы болсаң, озып көр » Яғни мен қойған сұраққа мақалмен жауап бересіздер.
1.Жылын інінен қалай шығады?
Жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады.
2.Қар жана ма?
Қалауын тапса қар жанады
3.Инемен құдық қазуға бола ма?
Оқу инемен құдық қазғандай.
4Ең тәтті не?
Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті
5.Не қорқақ,не батыр?
Көз қорқақ,қол батыр.
6.Кімнен кім жаман?
Олақтан салақ жаман.
7.Тауық түс көре ме?
Тауықтың түсіне тары кіреді.
8.Оттан да ыстық не?
Отан оттан да ыстық.
9.Шошқа үре ме?
Ит жоқта шошқа үреді.
10.Ер қаруы нешеу?
Ер қаруы бес қару.
11.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
Отан үшін отқа түс күймейсің.
12.Жігітті шал деген жөн бе?
Жаман жігіт жасында шал болар.
13.Үлкен сөз,үлке көз бола ма?
Қорқақтың көзі үлкен,ақымақтың сөзі үлкен. Төртінші бөлім – «Мәнерлеп оқу» сайысы Шарты: Топ басшылары ұяшықтарды таңдап, шыққан өлеңді жалғастырады авторын табады
1 ұяшық Шәкәрәм Құдайбердіұлы «Насихат»2 ұяшық Абай Құнанбайүлы «Күз»3 ұяшық Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят туралы»4 ұяшық Мұқағали Мақатаев«Үш бақытым »
Бесінші бөлім- Көрермендер сайысы .
Шарта: берілген мақал – мәтелді жалғастыру
Алтыншы бөлім-«Ойлы орталық» Топбпсшылар сайысы «Егер мен білім министірі болсам,
Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.»-деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл байлығы мол адам нағыз бай деп айтуға болады, ендеше барлықтарыңызға байлық тілейміз!
Болашаққа ұмтылған жолымыз бар, Жарқын өмір тұтқасы қолымызда. Осыменен аяқтайық біз сайысты, Көріскенше аман-сау болыңыздар!