Открытый урок по химии и биологии на тему: Таби?и биополимерлер. А?уыздар.
Кіріктірілген сабақ
Тақырыбы: Табиғи биополимерлер. Ақуыздар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:жаңа технологиялық үдерістер жүйесін қолдана отырып, өз шеберлігін пайдалану арқылы, студенттердің азотты органикалық қосылыстар, ақуыздар туралы білімін нығайту.
Дамытушылық: ақузыдың адам үшін маңызын, еркшелігін , табиғаттағы рөлін терең зерттеу, ойлау, талдау барысында студенттердің дамытушылығын арттыру,
Тәрбиелік: өз бетімен еңбектену, іскерліктерін арттыру, ойларын еркін жеткізу. Студенттерді шығармашылық, іздемпаздық, тиянақтылық бағытында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: кестемен жұмыс, тәжірибелер, тірек сызбанұсқасы, слайд
Сабақтың пән аралық байланысы: биология, химия, экология, арнайы технология
Сабақтың көрнекіліктері: мультимедиялық сюжет, интерактивті тақта, лабораториялық құрал – жабдықтар,
Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері әдісі арқылы, студенттерді ұжымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Танымдық ойын «ойлайық та, ойнайық» түрінде үй тапсырмасы тексеріледі.
Құралдар мен реактивтер: Жұмыртқа ақуызы, концентрлі азот қышқылы , этил спирті, сынауықтар, мыс гидроксиді, қорғасын сульфиді, спирт шамы, химиялық стакан, химиялық таяқшалар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.
1.Білімді жаңғырту:
Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.
Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Төрт түрлі құрылымы болады. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды. Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар. Ақуыздар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды. Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Фридрих Энгельстің пікір бойынша: «Тіршілік — ақуыз заттарының өмір сүру формасы». Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Белок молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер жасушасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды. Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді: Қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар)
Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D2%9B%D1%8B%D1%88%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80" \o "Аминқышқылдар" аминқышқылдарынан құралған HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B7%D0%B0%D1%82" \o "Органикалық зат" органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.
Ақуыздардың екінші және үшінші реттік құрылымдарына жауапты байланыстар (сутектік, дисульфид көпіршесі, т.б.) әлсіз болғандықтан, оңай үзіліп, ақуыздардың кеңістік құрылымдарының қайтымсыз бұзылуы ақуыздың денатурациясы деп аталады. Денатурацияға ұшыраған ақуыз өзінің биологиялық функциясын атқара алмайды (denatuze — табиғи қасиетінен айырылуы). Қыздыру, радиация, ортаның өзгеруі, кейбір химиялық әсерлерден, шайқап сілкуден ақуыз денатурацияланады. Жұмыртқаны пісіргенде альбумин ақуызының, сүт ашығанда казеиннің ұюынан, олардың кеңістік құрылымдары бұзылады. Шашты химиялық бұйралаудың, теріні илеудің негізінде де ақуыздардың денатурадиялануы жатады. 1. Физикалық қасиеттері және құрылысы: кітаппен өз бетінше жұмыс 2. Химиялық қасиеттері: Ақуыздардың түсті реакциялары. Белоктарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады. Биурет реакциясы. Мыс (II) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен ақуыздарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция ақуызтардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.
Жұмыртқа ақуызының концентрлі күкірт қышқылының әсерінен денатурацияға ұшырауы
Қыздырғандағы ақуыз денатурациясы
Ксантопротеинреакциясымен (грек. ксанты — сары) құрамында бензол ядросы бар ақуыздар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді
Студенттердің тәжірибе арқылы ақуыздың денатурацияға ұшырауын және ақуыздардың түсті реакцияларын зерттеуі
Қорытынды:
Ақуыздар аса маңызды тағамдық, заттар (ет, жұмыртқа, сүт, нан, т.б.) құрамында болғандықтан, ас қорыту жолдарында ферменттер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап гидролизденеді.
Көмірсулар мен майлардан айырмашылығы — аминқышқылдары ағзада қор болып жиналмайды
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
Өзара тексеру(сұрақтар дайындау: жұппен жұмыс)
Үй тапсырмасы: «Ақуыздардың маңызы» тақырыбына шағын жобалар даярлау
Бағалау.