3 сынып?а арнал?ан ашы? саба? Білімдерін тексеру


Сынып: 3 (ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Білімдерін тексеру.
Сабақтың максаты:
Білімдік: Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеріп,қорытындылау.
Дамытушылық: дұрыс сөйлеу, ойлана білуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайту, тілге деген қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа,ізгілікке тәрбиелеу,тіл құдіретін сезіне білуге,сөз мағынасын келістіре отырып,оларды дұрыс қолданып,дәл түсінуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,аударма, талдау, түсіндіру,сөздік, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:слайд, интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі қималар,
Пәнаралық байланысы: орыс тілі,
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезені:
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеуОқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз -білім алу,
Міндетіміз-еңбектену.
Барлығымыз жұмыла,
4-5-ке қол жеткізу.
II.Үй тапсырманы тексеру:
Үй жұмысын тексеремін, оқушылардың жазып келген жұмыстарын тыңдаймын, оқушылармен бірге бағалаймын.
Оқушылар жұлдызшалармен бағалайды
Топқа бөлемін. Сандар арқылы 2топ құрылады.
III Топқа бөліну: (оқушылар екі топқа бөлінеді)
I тобы  «Дауысты»
 II тобы  «Дауыссыз»
       ІІІ. Қайталау  сабақ
 1 кезең. «Кім жылдам» ойыны
  Тест сұрақтарына  жауап  беріңдер.
1-топ: 1.Бір аптада неше күн бар? Атап шық.
2. Дыбыс нешеге бөлінеді?
3.Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
4.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
5.Қатаң дауыссыз дыбыстарда неше әріп?
2-топ:1.Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
2.Қазақ тілінде неше әріп бар?
3.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
4.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
5.Ұяң дауыссыз дыбыстарда неше әріп?
2 кезең. Грамматикалық тапсырма
1-тапсырма. Мына сөздердің ішінен жуан дауысты дыбысты бар сөздерді бір бағанға, жіңішке дауысты дыбысты бар сөздерді екінші бағанға  теріп жазу.
1-топ: алма,алмұрт, кеме, дала, қалам, ана, жер,сөз, жаңбыр, ән,тіс,жаз,күз.
2-топ: дала, тіл, терезе, бала,әлем, тамыз, мамыр,қар, шөп, әке,көл,қыс,көктем.
2-тапсырма: Мына сөздерді орысшаға аудар.
1-топ: Мектеп, қалам, сызғыш, желім, тақта,оқушы, ұштағыш,бор,сабақ.
2-топ: Дәптер, күнделік,өшіргіш, қайшы,бор,оқушы,терезе,тақта,сабақ.
3-тапсырма: Мына сөздерді буынға бөліп жазындар.
1-топ: балалар, орман, желім, терезе, оқушылар, кітап, қонырау,тапсырма,далада,Қазақстан, отан,жаңбыр,достар,қарлығаш,көкөніс.
2-топ: мектеп, күнделік, дәптер, тақта, мұғалімдер,сабақ, құстар,сынып,жаттығу,жұмыс, Қазақстан,отан, көктем,музыка,көкөніс.
3 -кезең: Мәтінді мәнерлеп оқып, аудар.
1-топ: Менің атым-Маржан. Бұл- біздің отбасымыз. Отбасымызда төрт адам бар. Олар: әке-шешем, інім және мен. Менің анам әдемі және мейірімді. Әкем ақылды және күшті.Кішкентай інімнің аты-Әсет. Ол екінші сыныпта оқиды.
2-топ:Мынау -менің оқу құралдарым. Олар: кітаптар, дәптерлер, күнделік, қалам, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, қайшы, желім, ұштағыш.Мен кітапты оқимын,қаламмен жазамын.Мынау-менің күнделігім.Мен күнделікті өзім толтырамын.Мұғалім күнделікке баға қояды.
IV.Сергіту сәт: ( 3 мин интерактивті тақтаға назар аударамыз )
(Қара жорға биі)
4-кезең:Сөздерді тап.
1-топ:
2-топ:
V.Сабақты бекіту.
4- кезең: Фонетиқалық талдау жаса.
1-топ: Жапырақ, күнделік.
2-топ:Демалыс, мұғалім.
VI. Сабақты қорыту.
Кері байланыс
-Бүгінгі сабақта не білдіңіздер?
-Сабақ ұнады ма?
Балалар кемені бояйды.
Жасыл түс- сабақ ұнады.
Сары түс- сабақта қиындықтар болды.
Қызыл түс- ештене түсінген жоқпын.
VII.Үйге тапсырма: Ереже қайталау.
VIII.Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалаймын.
Златополье орта мектебі
Ашық сабақ
Білімдерін тексеру
3 -кезең: Мәтінді мәнерлеп оқып, аудар.
1-топ: Менің атым-Маржан. Бұл- біздің отбасымыз. Отбасымызда төрт адам бар. Олар: әке-шешем, інім және мен. Менің анам әдемі және мейірімді. Әкем ақылды және күшті.Кішкентай інімнің аты-Әсет. Ол екінші сыныпта оқиды.
2-топ:Мынау -менің оқу құралдарым. Олар: кітаптар, дәптерлер, күнделік, қалам, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, қайшы, желім, ұштағыш.Мен кітапты оқимын,қаламмен жазамын.Мынау-менің күнделігім.Мен күнделікті өзім толтырамын.Мұғалім күнделікке баға қояды.
1-тапсырма. Мына сөздердің ішінен жуан дауысты дыбысты бар сөздерді бір бағанға, жіңішке дауысты дыбысты бар сөздерді екінші бағанға  теріп жазу.
1-топ: алма,алмұрт, кеме, дала, қалам, ана, жер,сөз, жаңбыр, ән,тіс,жаз,күз.
2-топ: дала, тіл, терезе, бала,әлем, тамыз, мамыр,қар, шөп, әке,көл,қыс,көктем.
2-тапсырма: Мына сөздерді орысшаға аудар.
1-топ: Мектеп, қалам, сызғыш, желім, тақта,оқушы, ұштағыш,бор,сабақ.
2-топ: Дәптер, күнделік,өшіргіш, қайшы,бор,оқушы,терезе,тақта,сабақ.
3-тапсырма: Мына сөздерді буынға бөліп жазындар.
1-топ: балалар, орман, желім, терезе, оқушылар, кітап, қонырау,тапсырма,далада,Қазақстан, отан,жаңбыр,достар,қарлығаш,көкөніс.
2-топ: мектеп, күнделік, дәптер, тақта, мұғалімдер,сабақ, құстар,сынып,жаттығу,жұмыс, Қазақстан,отан, көктем,музыка,көкөніс.






Златопольская средняя