Жеке т?л?а туралы т?сінік. Жеке т?л?аны? ?алыптасуы


Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлға туралы түсінік. Жеке тұлғаның қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімгерлердің жеке тұлғаның қалыптасуы туралы ғылыми психологиялық тұрғыда түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
-білімгерлердің ізденіп, оқығанын талдап, мәнін аша білу дағдыларын дамыту;
-білімгерлерді шығармашылыққа баули отырып,сыни ойлауға үйрету;
- білімгерлерді ізденгіштікке, білімқұмарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: практикалық Сабақтың түрі: аралас Қолданылатын әдіс-тәсілдері: интербелсенді, практикалық, білімді бақылау, бағалау әдістері
Сабақтың құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта, бейнероликтер, тесттер, дидактикалық материалдар, стикер, видеороликтер,бағалау мониторингі.
Пәнаралық байланыс: педагогика, физиология, өзін-өзі тану, философия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Білімгерлердің зейіндерін сабаққа аудару
Оқытушының кіріспе сөзі: «Күн де көп жұлдыздың бірі, айырмасы: өзгеге жұлдыздар алыстан жарқырап құр жымыңдаса, күн бар әлемге өмір береді. Адам баласы да осы қалың жұлдыздар тәрізді.Бұлардың арасында басқаға өмір беретін, жарық сәуле төгетіндер аз емес» деген Ілияс Есенберлиннің сөзімен бастап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
«Ойыңмен бөліс» әртүрлі сұрақтар легімен сабаққа кіріспе жасау. Мен бүгінгі күннен . . . күтемін.
Менің ең керемет қасиеттерім . . .
Менің ең үлкен арманым . . .
Психология . . . туралы ғылым
Осы мамандығымды таңдау себебім. . .
Өзгелерден ерекше бағалайтыным. . . .
Жеке тұлға дегеніміз. . . .
Мен . . . сенемін
Менің қолынан ерекше келетіні . . .
Психологиялық процестер . . .
Бір адамды екіншісінен ерекшелейтін психологиялық қасиеттер . . .
Ұстанатын принципім . . .
Қандай психологты білесің? Оның психология ғылымына қосқан үлесі қандай?
Дара тұлға деп кімдерді айтар едің?
Мұрат дегеніміз не?
Бүгінгі көңіл күйің қандай?
-Бүгінгі практикалық сабағымызда өзімізді бір сәтке психология ғылымының дамуына үлес қосып жүрген болашақ ғалымдар ретінде көріп жұмыс жасайтын боламыз,-деп, білімгерлерді ғалымдар, болашақ ғалымдар, сабақтың эксперттері,қатысушы-тыңдаушылар топтарына бөлемін.
«Данышпан» топқа бөлу. -кез-келген жағдайда көмекке кімді шақырар едің? –кіммен серуенге шығар едің? –кімді туған күніңе шақырар едің? –кіммен сыйлығыңды бөлісер едің?
«Сократтық әдіс» бойынша топ сыртқы және ішкі зерттеушілерге бөлінеді. Бөлінген екі топтың жұмысы: жас ғалымдардың жұмыстарын қорғауы мен оларды тыңдаушы ғалымдар алқасының іс әрекеттерін бақылау,бағалау. Сыртқы зерттеушілер іс әрекет үстіндегі білімгерлерді дайын критерийлер бойынша бақылап, бағалайды. Тыңдаушы ғалымдар: психология ғылымының профессоры, институттың «психология» кафедрасының доценті,психология ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының докторы, кәсіптік оқыту кафедрасының психология пәнінің аға оқытушысынан құралған алқа және хатшы тағайындалады.
Жұмыс барысы:
Сабақ ережесі:
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Бір-бірін сынамау
Ынтымақтасық
Сабақтың қанатты сөзі:
Өзіңді-өзің бағалай біл!
Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді.
Білімгерлердің зерттеу жұмыстарының тақырыптары: -Психология ғылымының дамуы; -Психологияның салалары; -Психика мен ми; -Жеке тұлғаның қалыптасуы; -Жеке тұлға компмненттері.
Тыңдаушы ғалымдар алқасының жұмыстарын қорғаушы жас ғалымдарды бақылау, бағалау критерийлері: -жұмыстың мазмұнының ғылымилығы; -мазмұнының толық ашылуы; -өзектілігін дәлелдеуі; -дәлелдердің нақтылығы; -түсіндіруі мен сөйлеу мәдениеті; -уақытты тиімді пайдалануы; -сұраққа толық жауабы.
Білімгерлер дайындалып келген материалдары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын ортаға салады, ғылыми бейнероликтен үзінді, слайдтар көрсетеді.
Осы кезеңде оларды бақылаушы Сократтық зерттеушілер бақылайды.
Сократтық зерттеушілерге (бақылаушылар) бағалау критерийлері: -ғалымдардың қорғаушыларды шынайы (әділ) бағалауы, -ғалымдардың сұрақтарының жүйелілігі, -ғалымдардың тыңдау және қорытындылау шеберліктері, -қорғаушылардың жұмыстарын ғылыми-тәжірибелік қорғай алу шеберлігі, -қорғаушылардың тақырыптың өзектілігін айқындауы, -қатысушылардың жинақылығы, уақытты ұтымды пайдалануы.
Сократтық зерттеушілер өз зерттеулерін бейнетаспаға, суретке түсіруге,жазып алуға болады.Жұмыс соңында алқа төрағасына сөз беріледі. Хатшы қорытындыны тіркеп отырады.
Жеке тұлғаның қалыптасуына қағидалар ұсыну. (әр білімгерлер өз бетінше)
Сократтық зерттеу бойынша жас ғалымдардың қорғаған жұмыстарында тақырыптардың ашылуы мен қатысушылардың жауаптары және белсенділігі, қорғаудағы жаңашылдығына қарай қорытындыланып, марапатталады.
Топтардың бағалауларын алдын-ала дайындалған мониторингке енгізіліп отырылады.
Рефлексия.
Білімгерлер дайын жүрек бейнесіне стикерлермен кері байланыс ретінде пікірлерін жазып береді.
Үйге тапсырма: Егерде мен.... (шығармашылық жұмыс)
Бағалау.
Мониторингке түскен бағалар қорытындысы бойынша бағалау.