«Бухгалтерлік балансты? б?лімшелері бойынша топтастырылуы. К?сіпорын балансын ??ру»


ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
К Е Л І С І Л Г Е Н Б Е К І Т Е М І Н
колледждің методисі директордың ҒӘЖ орынбасары
------------------- Г.К.Қалабаева ------------------- В.Ю.Лысенко
«----» --------------- 2013ж. «----» --------------- 2013ж.
«БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ БӨЛІМШЕЛЕРІ БОЙЫНША ТОПТАСТЫРЫЛУЫ. КӘСІПОРЫН БАЛАНСЫН ҚҰРУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП «БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН БІЛІМДІ БЕКІТУ САБАҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ
Қайырбаева Р:Е:- «Бухгалтерлік есеп негіздері»
пәнінің оқытушысы
«Экономикалық пәндер» циклдік комиссиясының
отырысында қаралып талқыланды
№ ----- хаттама « ---- » -------------- 20--- жылы
Циклдік комиссияның төрайымы ---------------- Қайырбаева Р.Е.
АЛМАТЫ, 2013
ТҮСІНІК ХАТ
Педогогикалық технология оқушылардың сабақ процесіндегі белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Егерде сабақ үстінде оқушылар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарым – қатынас байқалса бұлайша оқыту интербелсенді.
Интербелсенді әдіспен ұйымдастарылған сабақ оқушыларға көңілді келеді.
Интербелсенді әдісті қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты – оқушылардың өз бетінше ой қортып, жауап табуға үйрету. «Бухгалтерлік баланстың бөлімшелері бойынша топтастырылуы. Кәсіпорын балансын құру» нақты ғылым болғандықтан интнрбелсенді технологиясының элементтерін пайдаланып оқыту қолайлы.
Соның ішінде таңдап алғаным топпен жұмыс. Бұл кезде болашақ маманның кәсіби қызметіне деген қызығушылығы және жауапкершілігі артады. Оқушының қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналады. «Кәсіпорынның балансын құру кезінде теориялық білімдерін қорыту болып саналады. Егер де оқушы осы тақырыпты тыңғылықты түсініп алса, одан әрі бухгалетрлік балансты құру оңай болар еді. Сондықтан осы сабақта оқушылар өздері бір жағынан болашақ маман ретінде елестетсе, екінші жағынан бухгалетрлік балансты құру кезінде мұқият болуларын түсінеді.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Бухгалтерлік баланстың бөлімшелері бойынша топтастырылуы. Кәсіпорын балансын құру»
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділігі: Бухгалтерлік баланстың бөлімшелері бойынша топтастырылуын және кәсіпорынның балансын қалай құру керектігін түсіндіру.
Дамытушылылығы: оқушылардың осы тақырып бойынша алдыңғы алған білімдерін тереңдетіп, дамыту.
Тәрбиелігі: тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап, есепті құру кезінде ұқыпты болуға тәрбиелеу.
САБАҚТЫҢ ТИПІ: білімді бекіту
САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, баланс құру
КӨРНЕКІЛІКТЕР: типтік шот жоспарлары, тарату материалдары , микрокалькулятор, интерактивті тақта, слайдтар.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:
1. «Статистика»
2. «Қаржылық есеп»
3. «Салық және салық салу»
САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен материалды қайталау
Сұрақ – жауап
Интербелсенді әдісті қолдана отырып, топпен жұмыс.
1-кезең : « Таныстыру»
2-кезең : командаларға қойылатын сұрақ – жауап.
3-кезең: Бухгалтерлік баланс құру
III. Сабақты қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма.
САБАҚ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі: дәрісхананың сабақ өткізуге дайындығын және студенттердің қатысуын тексеру. Сабақтың жоспарын хабарлау.
II. Өткен материалдарды қайталау:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі білімді бекіту сабағымыз топпен жұмыс түрінде өткізіледі. Тақырыбы: «Бухгалтерлік баланстың бөлімшелері бойынша топтастырылуы. Кәсіпорын балансын құру».
Топ екі командаға бөлінген: «Актив» және «Пассив». Әр командаға сұрақтар қойылады. Сабақты өткізу үш кезеңнен тұрады. Екі команда біріне – бірі сұрақ қояды.
Осы сабақта оқушылар бухгалетрлік баланстың бөлімшелері бойынша топтастырады. Берілген мағлұмат бойынша бухгалтерлік баланс құрады.
Сабақты өткіу кезеңдері бойынша дұрыс толық жауап берген командаға қызыл жұлдызша, сәл мүдіріп қалса көк жұлдызша беріліп отырады. Сабақты қорытындылаған кезде осы жұлдызшалар бойынша жеңіп шыққан команданы анықтаймыз.
1. Сұрақ – жауап әдісі
1. Интербелсенді әдісті қолдана отырып, топпен жұмыс:
1- кезең «Таныстыру»
Екі команда бірін –бірі таныстырады, әр команданың бас бухгалтерлері және жай бухгалтерлер өздерінің жұмыстарын баяндайды.
«Актив» командасының мүшесі:
- Мен актив командасының кассирімін. Мен өзімен сеніп тапсырылған ақшалай қаражатқа жауапты қараймын және заттай және ақшалай шығындарға жацуаптымын. Қызметім мен міндетімнің уақытылы дұрыс орындалуына жауаптымын. Ал қызметім кассаға ақша қабылдаймын, кассадан еңбекақы беремін, қызметтік іс – сапарға ақша беремін, 2–3 күнде бір рет есеп жасаймын.
«Пассив» командасының мүшесі:
-Мен пассив командасының материалдық бухгалтерімін. Материалды уақытында кірістеп, есептеп отырамын. Кәсіпорынның қорлану көздерін қарастырамын. Материалдық есеп жасаймын.
2-кезең: «Командалар арасындағы сұрақ – жауап»
«Актив» командасының сұрақтары:
1. Актив дегеніміз не?
2. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімі қанша бөлімнен тұрады?
3. Шоттар байланысы дегеніміз не?
4. Бухгалтерлік баланс дегеніміз не?
5. Ұзақ мерзімді активтерді атаңыз?
6. Қысқа мерзімді активтерді атаңыз?
7. Материалдық емес активтер дегеніміз не?
«Пассив» командасының сұрақтары:
1. Пассив дегеніміз не?
2. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі қанша бөлімнен тұрады?
3. меншікті капиталға жататындарды атаңыз
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді атаңыз
5.Ұзақ мерзімді міндеттемелерді атаңыз:
6. Дебиттік соңғы қалдықты қалай табамыз?
7. Дебит айналымы дегеніміз не?
3 кезең: командалардың кәсіпорынның балансын құруға тапсырмаларын орындауы
«Дебит» - тобына баланс құру үшін арналған тапсырма
р\с Баптар атауы Сомасы
1 Негізгі құралдар 6220000
2 Жарғылық капитал 6430000
3 Шикізаттар мен материалдар 141000
4 Негізгі құралдардың тозуы 450000
5 Кассадағы ұлттық ақша 100
6 Еңбекақы бойынша қарыз 50000
7 Есеп айырысу шотындағы ақша 95000
8 Несиелер 6100
9 Құрылыс материалдары 500000
10 Табыстар 20000
«Пассив» - тобына баланс құру үшін арналған тапсырма
р/с Баптар атауы Сомасы
1 Негізгі құралдар 5027500
2 Жарғылық капитал 5142700
3 Шикізаттар мен материалдар 64240
4 Негізгі құралдардың тозуы 30000
5 Кассадағы ұлттық ақша 100
6 Жабдықтаушылармен есеп айырысу 60000
7 Есеп айырысу шотындағы ақша 35400
8 Несиелер 15000
9 Негізгі өндіріс 240460
10 Табыстар 120000
III. Сабақты қорытындылау:
Біз бүгінгі білімді бекіту сабағында бухгалтерлік баланстың бөлімшелері бойынша топтастырылуын және кәсіпорынның балансын құруды білдік. «Актив» және «Пассив» командалары өздеріне берілген тапсырманы жауапты орындап шықты. Сонымен қатар балансты да дұрыс құра білді. Сабақ белгіленген мақсатына жетті.
IV. Үйге тапсырма: өткен тақырып бойынша қайталау және бухгалтерлік баланстың кәсіпорынның жарғылық капиталымен сәйкестігін анықтау.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Бухгалтерлік есептің Типтік есеп жоспары №185; 23.05.2001 жыл
2. Қ. К. Кеулімжаев; З.Н. Әжібаева; Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы,Экономикс 2003 жыл.
3. С.Б. Баймұханова. Бухгалтерлік есеп. ИздатМаркет. Алматы,2005 жыл
4. Қ.К. Кеулімжаев, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Алматы,Экономика 2006 жыл.
5. С.Б.Баймұханова. Қаржылық есеп. ИздатМаркет. Алматы,2007 жыл.