Жануарларды ?ыста к?тіп — ба?у
Тақырыбы: Малды қыста бағып-күтуге дайындық жасау. Құстардың қысқа дайындығы.
Мақсаты:
Білімділік: Төрт түлік жайында түсініктерін кеңейту. Жұмбақтар, төлдер
туралы тақпақтар айтуға, оларды ажырата білуге үйрету. Жануарлардың қысқы дайындығы туралы түсіндіру. Құстар тіршілігінде маусымдық өзгерістер, қысқы тіршілігі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың үй жануарларына байланысты сұрақтар
арқылы сөздік қорын байыту, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың жануарларға, құстарға деген сүйіспеншілігін
арттырып, оларды күтіп –бағуға , қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, еңбек
Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік әдісі, Венн
диаграммасы, сәйкестендіру, топтық жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңбері»
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз
Топқа бөлу
1-топ: «Құлыншақтар»
2-топ: «Қошақандар»
3-топ : «Ботақандар»
Сұрақтар қою
1-топ: Құлыншақтарға: Жабайы жануарларды ата.
2-топ: Қошақандарға: Тиін немен қоректенеді?
3-топ: Ботақандарға: Тышқанның зияны не?
Үй тапсырмасы
Аңдардың күзгі тіршілігі
Борсық, аю, кірпі, тиін, тышқан, қоян.
Топтарға сұрақ қою
1-топ: Құлыншақтар:
Борсық немен қоректенеді?
Кірпі не жейді?
2-топ: Қошақандарға:
Аю немен қоректенеді?
Тышқанның зияны қандай?
3-топ: Ботақандарға:
Тиіннің азығы не?
Қоян қысқа алай дайындалады?
Үй тапсырмасын қорыту, бекіту.
Аңдардың түлеуі деген не?
Олар қысқа қалай дайындалады?
Ой қозғау
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Далада ауа-райы қандай?
Қыс мезгілінің неше айы бар?
Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?
Дидактикалық ойын: «Жануарлар қалай дыбыстайды?»
Топтарға жұмбақ жасыру.
1-топ: Құлыншақтарға:
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
2-топ: Қошақандарға:
Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Сегіз тұяғы бар
Иегінде сақалы бар
3-топ: Ботақандарға:
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім
Жаңа сабақ
Біз нелер туралы жұмбақтар шештік?
Олай болса, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Малды қыста бағып-күтуге дайындық жасау» және «Құстардың қысқы дайындығы»
Оқулықпен жұмыс:5-6 оқушы мәтінді оқиды.
Сурет бойынша әңгіме
Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндір.
Малды баға білмеген, пайданы таба білмейді.
Мал семіз болса, төл егіз.
Жер семіз болса, дән егіз.
Қыста малыңды бақ, жазда шөбіңді шап.
Қыста малды қалай күтеді?
Қыста малдың азығын қалай дайындайды?
Сергіту сәті.
Адамдар, жануарлар сияқты құстар да қысқа дайындық жасайды екен. Ендеше құстардың қысқа дайындығы туралы әңгімелейміз.
Жұмбақтар жасыру
Судан шықса баладай,
Тәй – тәй асып қалады – ай.
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ
Топтарға сұрақ қою
1-топ: Құлыншақтарға:
Үй құстарын ата.
2-топ: Қошақандарға:
Жыл құстарын ата.
3-топ: Ботақандарға:
Қыстап қалатын құстарды ата.
Дидактикалық ойын: «Ұшты-ұшты»
Мәтінмен жұмыс
«Сәйкесін тап!» ойыны
Сәйкестендіру.
Сабақты қорыту.
Құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?
Жыл құстары мен қыстап қалатын құстар туралы Венн диаграммасына түсіреміз.
Ендеше, балалар біз құстарды ажырата аламыз ба?
Сендер құстарға, жануарларға қалай көмек бересіңдер?
Құстардың қандай пайдасы бар?
Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып келу. Соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Бағалау.