Ту?ан ?лкем — неткен к?ркем!
Туған өлке
№ Тақырыбы Сағат саны
1 Менің отбасым1
2 Мен тұратын көше 1
3 Қарағандыға саяхат жасайық 1
4 Туған өлкең ді сүйебіл 1
5 Қазақстан Республикасының рәміздері 1
6 Еліміздің астанасы1
7 Қазақстанның ғажайып жерлері1
8 Қазақстанның мәдениеті мен тарихы1
9 Қобыздың атасы Қорқыт 1
10 ТарихиқалаОтырар 1
11 Ежелгі қала Түркістанмен және Ахмед Яссауи кесенесімен таныстыру1
12 Ауыз әдебиеті халық жүрегі 1
13 Ақылды кітап не жайлы әңгімелейді 1
14 Қазақ даласының батыр ұлдары 1
15 Батыр, ақын, композитор Махамбет Өтемісұлы 1
16 Бес арыс1
17 Бесікке салу 1
18 Баланы қырқынан шығару 1
19 Тұсаукесу 1
20 Тоқымқағар 1
21 Қазақ киіз үйі 1
22 Халық қол өнері 1
23 Ән әлеміне саяхат1
24 Қазақ суретшісі Ә. Қастеев 1
25 Қазақ даласы1
26 Жайлауда1
27 Ғалым геолог Қаныш Сәтпаев 1
28 Менің Байқоңырым 1
29 Алғаш қазақ саяхатшысы Ш. Уалиханов 1
30 Сулы жер нулы жер1
31 Қазақстан біздің ортақ үйіміз 1
32 Домбыраның сиқырлы үні 1
33 Қарлығаш туралы аңыз 1
34 Атақты жазушы Мұхтар Әуезов 1
Барлығы 34
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды Қазақстанмен таныстыру Г.А. Карбушова Алма Ата Мектеп, 1984
2. Менің елім Қазақстан Ж. Орынбай Алматы, Балауса баспасы, 2002
3. Ежелгі Қазақстан Т. Жұмаханов, Т. Шанбай, Б. Жұматаев, Л.И. Тетенко Алматы, Аруна, 2001
4. Елтану әліппесі Е. Шаймерденұлы Алматы, Рауан, 1998
5. Той Б. Сапаралы 1993
6.Бала тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің орны. Отбасы және балабақша. М. Төлеубекова Алматы, 1999
7.Менің Қазақстаным. Ж. Дәуренбеков Ана тілі баспасы, 2001
8.Қазақ халқының дәстүрлі өнері. М.Ш. Өмірбекова
9. Сен білесің бе? Кітаптар жинағы ТОО Аруна, 2001
Қыркүйек
Бағдарлама мазмұны Әдістемелік тәсілі
Балалардың туысқандары, отбасылық дәстүрге, әдет ғұрыпқа деген қызығушылықтарын ояту. Өз ата тегі, олардың мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Отбасына, ата анасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балалардың өздері тұратын көше туралы, көшелеріндегі биік ғимараттармен, туған қалаларымен таныстыру, оның тарихы, батырлары, адамдардың еңбектері, мәдени орындары туралы білімдерін кеңейту. 1. Менің отбасым
2. Мен тұратын көше
3. Қарағандыға саяхат жасайық
4. Туған өлкеңді сүйе біл
Қазан
Балалардың мемлекеттік рәміздер, халықтар достастығы, еліміздің бас қаласы Астана туралы білімдерін кеңейту. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білім беру. Ежелгі ескерткіштерге деген қызығушылықтарын арттырып, оларға деген қамқорлық сезімдерін ояту. Музыка туралы білімдерін кеңейту. Музыкаға құрметпен қарауға тәрбиелеу. 1. Қазақстан Республикасының рәміздері
2. Еліміздің астанасы
3. Қазақстанның ғажайып жерлері
4.Қазақстанның мәдениеті мен тарихы
5. Қобыздың атасы Қорқыт
Қараша
1. Тарихи қала Отырар
2. Ежелгі қала Түркістанмен және Ахмед Яссауи кесенесімен таныстыру
3. Ауыз әдебиеті халық жүрегі
Балаларға тарихи қалалар туралы, ортағасырлық тарихы бар ескерткіштер мен кесенелер туралы түсінік беру. Қазақ ауыз әдебиеті туралы білімдерін кеңейту Ертегі, эпос, аңыз, мақалмәтелдер туралы білімдерін толықтырып, әдебиет жанрларын бір бірінен ажырата білуге үйрету. Желтоқсан
Балаларға қазақ даласының алғашқы хандары мен ақылды билері, батырлары туралы білім беру. Олардың отан үшін жасаған ерліктері туралы түсіндіре отырып, балалардың бойында отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерін ояту. Елі үшін жан берген батырларын ешқашан естен шығармай, оларды әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. 1. Ақылды кітап не жайлы әңгімелейді
2. Қазақ даласының батыр ұлдары
3. Батыр, ақын, композитор Махамбет Өтемісұлы
4. Бес арысҚаңтар
Балаларды қазақтың салт дәстүрлерімен таныстыру. Баланы бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, алғаш атқа мінгізу рәсімдері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды салт дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. 1.Бесікке салу
2.Баланы қырқынан шығару
3. Тұсау кесу
4. Тоқымқағар
Ақпан
Балаларға ежелгі көшпелі қазақ халқы жайлы түсіндіру. Киіз үй және оның құрылысы туралы түсінік беру. Қазақ халқының қолөнері, олардың жасалуы жайлы түсіндіру. Қазақтың музыка тарихы туралы, атақты әншілер мен күйшілер туралы түсіндіру. Халықтық аспаптармен таныстырып, оларға қызығушылықтарын ояту.
1.Қазақ киізүйі
2. Халық қолөнері
3. Ән әлеміне саяхат
Наурыз
Балаларға атақты суретші Әбілхан Қастеев туралы түсіндіру. Суретшінің атақты суреттерімен таныстыра отырып, олардың мағынасын түсіндіру. Суретке деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларға қазақтың кең даласы, әсем табиғаты, жазғы жайлау туралы түсіндіру. Табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін ояту. 1.Қазақ суретшісі Ә. Қастеев
2. Қазақ даласы
3. Жайлауда
Сәуір
Қазақстанның ғылымы, оның даму тарихы, ғылым жолында көп еңбек сіңірген ғалымдар туралы балаларға түсіндіру. Геолог Қаныш Сәтпаев туралы білім беру. Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсіндіру, еліміздің ғарышкерлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен көлдерімен, теңізімен таныстыру. Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері және олардың достығы туралы білімдерін кеңейту. 1.Ғалым геолог Қаныш Сәтпаев
2. Менің Байқоңырым
3. Алғаш қазақ саяхатшысы Ш. Уалиханов
4. Сулы жер нулы жер
5. Қазақстан біздің ортақ үйіміз
Мамыр
Балаларға қазақ халқының қасиетті музыка аспабы домбыра туралы түсінік беру. Домбыраның сиқырлы үніне құлақ түре отырып, домбыра үніне деген қызығушылықтарын арттыру. Өз отаны, туған жері жайлы білімдерін кеңейту. Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Қазақтың атақты жазушысы Мұхтар Әуезов туралы білім беру. Балалардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Жазушы шығармаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу 1.Домбыраның сиқырлы үні
2. Қарлығаш туралы аңыз
3. Атақты жазушы Мұхтар Әуезов
Түсінік хат
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп алды даярлық топтарында балаларды туған жерге, отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, олардың бойында қамқорлық, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру үшін біз өзіміздің ежелден келе жатқан тарихымыз, салт дәстүрлеріміз туралы балаларға білім беру керек. Балаларда отанға, туған табиғатқа, туған қаласына, еліне деген сүйіспеншілік сезім тез қалыптасады. Бала бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру үшін ерте жастан бастап өзі туған жері туралы білім беру. Халық мұрасы бұл бесік жырлары, мақал мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, ертегілер, эпос жырлар, ұлттық ойындар. Ата бабамыз қалдырып кеткен өшпес тарихи мол мұраларымыздың көмегімен балалардың бойында туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақта баланың әрбір қадамын тойлау рәсімдері бар. Олар шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, сүндет той, тоқымқағар және тағы басқалар. Бала бойында осы салт дәстүрлерді, өзінің шыққан тегін, туған туыстарын ұмытпай, оларды құрмет тұту сезімін ояту арқылы болашақта елін, жерін қорғайтын батыр да патриот азамат тәрбиелеу.
Мақсаты: Балаларға туған жер, отан, елі, жері, өз халқы, туған қаласы, көшесі туралы түсінік беру. Бала бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру үшін ерте жастан бастап өзі туған жері туралы білім беру. Халық мұрасы бұл бесік жырлары, мақал мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, ертегілер, эпос жырлар, ұлттық ойындар. Ата бабамыз қалдырып кеткен өшпес тарихи мол мұраларымыздың көмегімен балалардың бойында туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақ халқының тарихи мұрасын естен шығармай құрметей білуге тәрбиелеу.
Міндеті: Қазақтың ежелден келе жатқан тарихи мол мұрасын қолдана отырып, баланың қисынды ойлауымен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетінше ізденушілігін қалыптастыру. Балалардың ой – өрісін дамытып қана қоймай, оларды ойын дәлелдеуге үйрету. Бала бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Баланың көңіл күйін, зейінін, әрекетін бақылау, қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Балалардың тәрбиешінің бастаған ойын жалғастыру, өзінің көзқарасын көрсете білу. Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға арналған жұмыстар арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Туған өлкевариативтік сағаты 1 сағат
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: Балалардың туысқандары, отбасылық дәстүрге, әдет ғұрыпқа деген қызығушылықтарын ояту. Өз ата тегі, олардың мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Отбасына, ата анасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Менің отбасым- моя семья, Сенің аты жөнің кім? Как твое имя, фамилия, отчество? Родственники- туысқандар, есім – имя, отбасы – семья, әпке – сестра, көмек – помощь,
Көрнекілік құралдар: Суреттер, дид.ойын, сұрақтар
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Балалармен сұхбат жүргізу.
Сенің аты жөнің кім?
Сенің есімің қандай мағына береді?
Ұлтың кім?
Сенің отбасың үлкен бе? Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Отбасы тақырыбында әңгімелесу.
Сендерге ең жақын адамдар сендердің аналарың, әкелерің, ата- әжелерің, аға, әпкелерің болып саналады. Ата-аналарың сендерге қамқор болып, сендердің ақылды, дені сау азамат болып өскендеріңді қалайды. Олар көп еңбектенеді. Балалар оларды ренжітпей қолынан келгенше көмектесулері керек. Мысалы: Ыдыс жуу, шаң сүрту, үй жинасу. Бұрыннан келе жатқан мынандай ереже бар: «Ата- анаңды сыйла, қорға, ренжітпе.
Қайда болсаңда, бір шақырғанда жанынан табыл.»
Сергіту сәті:
Бас бармақ- атам
Балан үйрек- әжем
Ортан терек- әкем
Шылдыр шүмек – анам
Кішкене бөбек -мен Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдайды, өз ойларын ортаға салады.
Аталған ережені қайталап, жаттап алады.
Балалар бірге қайталайды.
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.ойын: «Менің отбасым»
Тәрбиеші орысша айтса, балалар қазақша жауап беру керек. «Отбасы мереке үстінде» тақырыбында сурет салу Бабушка-әже, старший брат- аға, дочь –қыз.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Өз отбасы туралы
Қандай түсініктерді игерді: Ата-ананы сыйлау, құрметтеу, қамқор болу керектігін білді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойынға белсене қатысады, сұрақтарға жауап береді, сурет салады.
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Мен тұратын көше
Мақсаты: Балалардың өздері тұратын көше туралы, көшелеріндегі биік ғимараттармен, туған қалаларымен таныстыру, оның тарихы, батырлары, адамдардың еңбектері, мәдени орындары туралы білімдерін кеңейту.
Қостілділік компоненті: Мені тұратын көше – улица которая я живу, биік-высокий, аласа- низкий, үй- дом, таза – чистый, мектеп - школа
Көрнекілік құралдар: көше үйлері, геометриялық пішіндер, дид.ойын
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Тәрбиеші балалармен өз көшелері және ондағы биік және аласа үйлер жайлы әңгіме жүргізеді. Суреттерді көрсете отырып, олардың қандай геом-қ пішінге ұқсастығын анықтайды Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Көрсеткен суреттер бойынша өз ойларын айтады, өз көшелері жайлы әңгімелейді.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Тәрбиеші балаларға көше суретінің үлгісін салып көрсетеді. Әр адамның өз Отаны болады. Сендер Отан сөзін қалай түсінесіңдер?
Отан қайдан басталады?
Біз тұратын көше қалай аталады?
Біз тұрып жатқан көшеде әр түрлі үйлер бар. Жанымызда ұлкен сауда үйі бар. Көшеміз таза әрі әдемі. Және бұл көшеде біз оқитын мектеп орналасқан.
Сергіту сәті:№2
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Бір отырып, бір тұрып
Билеп, билеп алайық Балалар сұрақтарға жауап береді
Өлеңді қимылмен қайталайды
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.ойын: «Не артық?» балалар суреттер ішінен артық затты көрсетеді.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау
Балаларды бағалау, мадақтау Балалар ойынға белсене қатысады
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Балалар өздері тұратын көше туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Көшедегі орналасқан әр түрлі ғимараттар мен ұйлерді ажырата алады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын ортаға салады, ойынға белсене қатысады
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Қарағандыға саяхат жасайық
Мақсаты
Білімділік: Қарағанды қаласы туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылық: Айналаны қоршаған орта туралы ой-пікірін дамыту
Тәрбиелілік: Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу
Қостілділік компоненті: Туған жер, родная земля, Отан, родина, ұлт – нация, қала – город, көмір – уголь, байлық - богатство
Көрнекілік құралдар: Қ.Р. картасы, суреттер, рәміздер, Қарағанды қаласының суреттері
с–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Отан анам Отан әкем
Осы сөзім қате ма екен
Отан әжем
Отан анам
Туған жер деп
Ол бекерге аталмаған Отан туралы өлеңді бірнеше рет қайталап жаттайды
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Қ.Р. картасымен ондағы ұлттар достығы туралы айтып түсіндіру. Әр ұлттың өздеріне тән салт дәстүрлерімен таныстыру
Қазақстанның қазба байлықтары туралы балаларға айту, оларды үнемдеп пайдалану, ысырап етпеу керектігін түсіндіру. Туған қаласы Қарағандымен таныстыру
Қарағандының тарихи жерлерімен таныстыру. Қаламыздың қазба байлығы көмір екенін айту. Көмір және оның пайдасын түсіндіру
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Бір отырып, бір тұрып
Билеп, билеп алайық Картадан Қазақстан Республикасының қалаларымен танысады.
Қазба байлықтарын атайды.
Қазақ жері бай, құнарлы екенін айтып әңгімелейді.
Қарағанды қаласының тарихи жерлерімен танысады. Көмір оның қазба байлықтарының бірі екенін білдіреді.
Өлең сөздерінқайталап қимылмен көрсетеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.ойын: «Бұл қаланы ата?»
Оқу іс-әрекетін қорытындылау
Балаларды бағалау, мадақтау Балалар сурет арқылы қаланы айтады.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қазақ жері, халқы, Қарағанды қаласының қазба байлықтары туралы.
Қандай түсініктерді игерді: Қарағанды қаласындағы тарихи орындар атауын, қазақ жерінің кең байтақ, байлығы мол екенін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға жауап береді, ойын ойнайды,әңгімелейді
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Туған өлкеңді сүйе біл
Мақсаты
Білімділік: Балалардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту,
Дамытушылық: Қазақстан Республикасы туралы ой пікірлерін дамыту,
Тәрбиелілік: Ел азаматы, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Отан - родина, тіл - язык, жер – земля, күн – солнце, жылу – тепло, су – вода.
Көрнекілік құралдар: елтаңба, ту, әнұран, суреттер
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар!
Балаларға Отан, туған жеріміз Қазақстан туралы әңгімелеу.
Сурет арқылы түсіндіру. Балалармен бірге өлең жолдарын қайталау.
Тәрбиешіні мұқият тыңдау
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Жер ортақ
Жерден басқа бізге не ортақ?
Біз бәріміз бірдейміз бе?
Әр түрліміз бе?
Картамыз туралы түсіндіру
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлерден
Ытқып ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің Күн ортақ, жылу, жарық ортақ. Су, жаңбыр, қар ортақ.
Біз бәріміз әр түрліміз.
Ақпыз, сары, қарамыз.
Сергіту жаттығуын орындау.
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.ойын: «Аспан, жер, су»
Нақыл сөз:
«Отан оттан да ыстық»
Оқу іс – әрекетін қорытындылау.
Балаларды бағалау, мадақтау Балалар ойынға белсене ат салысады.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Отан, туған жер туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Отан, елтаңба, ту, әнұран туралы түсініктерді игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойынға белсене қатысу, сұрақтарға жауап беру.
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері
Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйспеншілік пен құрмет қасиетін қалыптастыру. Оның табиғатына, салтдәстүріне, ұлттық мұраларына деген қызығушылығын арттыра отырып, сөздік қорын байту, тіл байлығын дамыту.
Қазақстан рәміздері туралы түсініктерін кеңіте отырып, оны құрметтеуге, мақтан тұруға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Отан - родина, тіл - язык, жер – земля, күн – солнце, жылу – тепло, су – вода.
Көрнекілік құралдар: ҚР рәміздерінің суреттері
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Қазақстан Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты!
-Балалар, бұл олеңде не туралы айтылған? Мемлекеттік рәміздер туралы.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған. Мемлекеттік рәміздер дегеніміз не?
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотама Уалиханов.
Мектептің Ту – 1992 жылы 4- маусымда қабылданып, 6 – шы маусымда күшіне енді. Жалаудын жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.
Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Сергіту сәті:
Жарасқан байрақтың мәні бар:
Көк аспан, күн, қыран сәні – бар.
Көк байрақ – ашық көк кең ісім,
Алтын күн – белгісі жеңістік. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Өлеңді қимылмен көрсетеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.ойын: «Аспан, жер, су»
Нақыл сөз:
«Отан оттан да ыстық»
Оқу іс – әрекетін қорытындылау.
Балаларды бағалау, мадақтау Балалар ойынға белсене ат салысады.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Мемлекеттік рәміздер туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Рәміздердің маңызы, ондағы белгілердің мағынас туралы түсінеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойынға белсене қатысады
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы:Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Еліміздің астанасы
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын, ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Бас қала- столица, халық – народ, қала – город, елбасы – глава народа,жаңа – новый.
Көрнекілік құралдар: Астана суреттері
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы 2001 жылдың қыркүйек айында салына бастады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ Ордасының ресми тұсау кесері болды. Балалармен тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдермен кездесуіне арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шетел делегацияларының кеңейтілген құрамымен жоғары деңгейдегі кездесулеріне арналған “Алтын залы”, мәжіліс залдары орналасқан.
Төртінші қабатта Күмбезді зал орналасқан.Күмбезді зал барлық Қазақстан халықтарының бейбітшілігі мен бірлігінің нышаны-шаңырақ түрінде жасалған. Тура осыдан 10 желтоқсан 1997 жылы Үкімет пен Парламенттің біріккен отырысында Мемлекет Басшысы Ақмола(қазіргі -Астана) қаласына Қазақстанның жаңа астанасы деп жариялады.
Сергіту сәті:
Есілімнің жағасында,
Жасарайық жасайық.
Ертеңімен мен басталған,
Нұрлы қалам Астанам! Балалар сұрақтарға жауап береді
Өлеңді қимылмен қайталайды
Тұжырымдаушы
Түзетуші Жайна-Астана! Самға - бәйтерек!Астанам-аспаным, Болашақтың ертеңі!
Оқу іс- әрекетін қорытындылау Өлеңді қайталайды
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Еліміздің бас қаласы туралы
Қандай түсініктерді игерді: Астананың әсем ғимараттары мен тарихи орындарын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өлеңді қайталайды, жатқа айтады
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Қазақстанның ғажайып жерлері
Мақсаты: Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білім беру. Ежелгі ескерткіштерге деген қызығушылықтарын арттырып, оларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Қостілділік компоненті: Отан - родина, тіл - язык, жер – земля, күн – солнце, жылу – тепло, су – вода.
Көрнекілік құралдар: елтаңба, ту, әнұран, суреттер
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар!
Балаларға Отан, туған жеріміз Қазақстан туралы әңгімелеу.
Сурет арқылы түсіндіру. Балалармен бірге өлең жолдарын қайталау.
Тәрбиешіні мұқият тыңдау
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Жер ортақ
Жерден басқа бізге не ортақ?
Біз бәріміз бірдейміз бе?
Әр түрліміз бе?
Қартамыз туралы түсіндіру
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлерден
Ытқып ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің Күн ортақ, жылу, жарық ортақ. Су, жаңбыр, қар ортақ.
Біз бәріміз әр түрліміз.
Ақпыз, сары, қарамыз.
Сергіту жаттығуын орындау.
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.ойын: «Аспан, жер, су»
Нақыл сөз:
«Отан оттан да ыстық»
Оқу іс – әрекетін қорытындылау.
Балаларды бағалау, мадақтау Балалар ойынға белсене ат салысады.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Отан, туған жер туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Отан, елтаңба, ту, әнұран туралы түсініктерді игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойынға белсене қатысу, сұрақтарға жауап беру.
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Қазақстанның мәдениеті мен тарихы
Мақсаты
Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білім беру.
Ежелгі ескерткіштерге деген қызығушылықтарын арттырып, оларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Қостілділік компоненті: туған өлке, родная земля, халық, народ
Көрнекілік құралдар: рәміздер туралы өлеңдер, суреттер, альбомдар, ширмалар
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман. Балалармен бірге өлең жолдарын қайталау.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Ол - көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан - бейбіт сүйгіш ел. Ол өз тарихында еш халықтың жеріне шабуыл жасамаған. Бірақ, елін, жерін жаулардан қорғау үшін өлімге бас тіккен. Тәуелсіздік үшін жүргізілген күрес жолында көптеген адамдар саяси қайраткерлер, қолбасшылар, ғалымдар, қатардағы бұқара өкілдері, жастар құрбан болған.
Сергіту сәті:
Арымыздай тап-таза,
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы. Тәрбиешіні мұқият тыңдау
Тұжырымдаушы
Түзетуші Хор: «Менің Қазақстаным».
Дид.ойын: «Бұл қаланы ата?»
Оқу іс-әрекетін қорытындылау
Балаларды бағалау, мадақтау Балалар ойынға белсене қатысады
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қазақстан, оның ежелгі тарихы туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Қазақ жерін қорғаған батыр ұл- қыздар туралы
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өлең айтады, ойынға қатысады
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Тарихи қала Отырар
Мақсаты: Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы білім беру. Отырар халқының еңбегі туралы балалардың білімдерін дамыту. Отырар қаласының ежелгі кітапханасы мен елін қорғаған батырлары туралы білім беру. Қазақстан тарихына қызығушылықтарын арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Древний город- ежелгі қала, жители- тұрғындар, тарих – история, тас үй – каменный дом,тері – кожа.
Көрнекілік құралдар: өлеңдер, суреттер, альбомдар, ширмалар
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Отан анам Отан әкем
Осы сөзім қате ма екен
Отан әжем
Отан анам
Туған жер деп
Ол бекерге аталмаған Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Біздің Отанымыз қалай аталады?Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?Ежелгі қалаларды білесіңдер ме?Мына қала қалай аталады?
Қане оқып көрейік. Бұл қала өте бай, көшелері кең, тас үйлері болған. Адамдар Қалаға барып білім алған, онда көптеген медреселер болған. Қала жаулардан қорғану үшін биік қоршаулармен, қамалдармен қоршалған. Отырардың кітапханасында көптеген кітаптар сақталған, ол кезде кітапты ақ ешкінің терісінен жасаған, оны тұздап, кептірген, жұп жұқа болғанша илеген.
Сергіту сәті:
Жарасқан байрақтың мәні бар:
Көк аспан, күн, қыран сәні – бар.
Көк байрақ – ашық көк кең ісім,
Алтын күн – белгісі жеңістік. Балалар сұрақтарға жауап береді
Отырар
Өлеңді қимылмен қайталайды
Тұжырымдаушы
Түзетуші Мақал: Бір кітап мың адамды оқытады.
Дид.ойын: Жақсы – жаман
Оқу іс-әрекетін қорытындылау
Балаларды бағалау, мадақтау Балалар ойынға белсене қатысады
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Ежелгі қалалар туралы түсінеді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойынға қатысу, мақалды жаттау
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Қобыздың атасы Қорқыт
Мақсаты: Балаларды қазақ халқының музыка мұрасымен таныстыру. Қобыз жайлы білімдерін дамыту. Балалардың тыңдау,қиялдау, есте сақтай білу қабілеттерін дамыту. Халық музыкасына деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру
Қостілділік компоненті: Қобыз, кюй – күй, музыка – ән күй, үн – звук,аспап – инструмент, құрметтеу - уважать
Көрнекілік құралдар: Суреттер, қобыз
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Отан анам Отан әкем
Осы сөзім қате ма екен
Отан әжем
Отан анам
Туған жер деп
Ол бекерге аталмаған Шаттық шеңберіне тұрып бір – біріне тілектерін білдіреді
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Қорқыт баба - қазақ даласының ұлы ойшылы, күйшісі. Қобыз өнері – қазақ музыка мәдениеті тарихында ерекше орын алады. Халық «қобыз үнінде адамды қайғы-қасіреттер, қиындықтан, өлімнен құтқарушы құдіретті күш бар» деп ерекше қадірлеп, сеніп, қастерлеп, құрметтеген. Күй - өткен өмірдің тілсіз шежіресі.
Адам жүрегін тебірентетін толғауы тоқсан түрлі күйлер шығарып, әсерлі ән мен сазды күйлер ұрпақтан ұрпаққа тарап, халық жүрегінде мәңгі сақталатынын, жанымен тарап, халық жүрегінде мәңгі сақталатынын жанымен түсінген Қорқыт: «Өлмейтін өмір кілті ---- өнерде» деген. Қорқыттың көтерген мәңгілік құндылығы –өмір сүйгіштік.
Сергіту сәті:
Арымыздай тап-таза,
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Өлеңді қайталап, қимылмен көрсетеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Оқу іс – әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау Балалар өз ойларын айтады
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Халық музыкасы туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Қобыздың атасы Қорқыт туралы білді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын жеткізді
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Ежелгі қала Түркістанмен және Ахмед Яссауи кесенесімен таныстыру
Мақсаты: Балаларды тарихи қала Түркістанмен, Ахмед Яссауи кесенесімен
таныстыру. Балалардың тіл байлығын, ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Архитектурный комплекс – ескерткіш,древний – ежелгі, ықшамаудан – микрорайон, туған – родился, кітап – книга.
Көрнекілік құралдар: Суреттер, қазақстан картасы, дид ойын
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Қазақстан – ел, ал Түркістан?
Түркістан – қала, ал Майқұдық?
Майқұдық – ықшамаудан, ал Қарағанды? Қала
ықшамаудан
қала
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Қалалар мен елдерді бірейік,
Кімдер тұратынын шешіп көрейік
Карағандыда қарағандылықтар тұрады, Астанада астаналықтар тұрады, ал Алматыда кімдер тұрады?
Қазақстанның ежелгі қалалары, соның ішінде Түркістан қаласымен, Ахмед Яссауи кесенесімен таныстыру. Түркістан Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі қала. Ежелгі кездегі атауы Шабғар болған, одан кейін Ясы. Осы қалада өте ақылды Ахмед Яссауи өмір сүрген. Өзі Сайрам қаласында туған. Ол атақты ақын,үлкен медресе ашқан,балаларға білім берген, «Даналық сөздер» деген кітап жазған. Ясы халқы оны өте жақсы көрген, қайтыс болған кезде басына мазар тұрғызып, аулие, қасиетті жер деп атаған.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Бір отырып, бір тұрып
Билеп, билеп алайық Алматылықтар
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Өз ойларын ортаға салады.
Өлеңді қайталап, қимылмен көрсетеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Қорытындылау:
Бүгін біз қай қаламен таныстық? Ахмед Яссауи қай қалада туған? Түркістандағы мектептер қалай аталады? Түркістанның ежелгі атауы қалай? Түркістан
Сайрам
Медресе
Шабғар
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Ежелгі қалалар туралы
Қандай түсініктерді игерді: Түркістанмен және Ахмед Яссауи кесенесімен танысты
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын айтты, сұраққа жауап берді
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы:
Бөлімдері:
Тақырыбы: Ауыз әдебиеті халық жүрегі
Мақсаты
Білімділік: Ертегі, эпос, аңыз, мақалмәтелдер туралы білімдерін толықтырып, әдебиет жанрларын бір бірінен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Қазақ ауыз әдебиеті туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілік: Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу
Қостілділік компоненті: устное народное творчество, ауыз әдебиеті, ақын – поэт, жазушы – писатель, ғасыр – век.
Көрнекілік құралдар:Суреттер, дид. ойын
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар! Шаттық шеңберге тұрып, бір біріне тілектерін білдіреді
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.
Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.
Сергіту сәті:
Ал қанекей тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық Тәрбиешінің ауыз әдебиеті туралы айтқандарын мұқият тыңдайды, түсінеді
Өлеңді қайталап, қимылмен көрсетеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.ойын: «ойлан , тап!» Оқу іс- әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау Ойынға қатысады. Өз ойларымен бөліседі
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Мақал – мәтелдер туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Ауыз әдебиеті түрлерімен танысып, бір – бірінен ажыратады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын айтады. Ойынға қатысады
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері:Туған өлке
Тақырыбы: Ақылды кітап не жайлы әңгімелейді
Мақсаты : Балаларға қазақ даласының алғашқы хандары мен ақылды билері, батырлары туралы білім беру. Олардың отан үшін жасаған ерліктері туралы түсіндіре отырып, балалардың бойында отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерін ояту. Елі үшін жан берген батырларын ешқашан естен шығармай, оларды әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: хан, ақылды – умный, кітап – книга, халық ауыз әдебиеті – устное народное творчество, ғасыр – век.
Көрнекілік құралдар: суреттер, дид.ойын.
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар! Шаттық шеңберге тұрып, бір біріне тілектерін білдіреді
Ұйымдастырушы,
Ізденуші XV ғасырдың ортасынан бастап, жергілікті этникалық бірлестікке сүйенген тайпалар қазақтың ұлттық мемлекетін құрды.Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін қорғауда есімі аса құрметпен айтылатын: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Тәуекел хан, Есім хан, Абылай хандар баға жетпес әскери дара басшылық тәжірибесін жинақтады.Отанын қорғауда өздерінің қабілеттілігімен, жеке басынын ерлігімен халық жадында ұмытылмас тұлға болып қалған: Қарасай, Кабанбан,Бөгенбай,Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай батырлар Қазақ әскери тарихында өзіндік қолтаңбаларын қалдырды және қазақ әскери өнерінің дамуына аса зор үлес қосты. Сергіту сәті:
Ал қанекей тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық Тәрбиешінің ауыз әдебиеті туралы айтқандарын мұқият тыңдайды, түсінеді
Өлеңді қайталап, қимылмен көрсетеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.ойын: «буынға буын қос» Оқу іс- әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау Ойынға қатысады. Өз ойымен бөліседі
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Ерлік, батырлық туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Хандар мен, ақылды билер туралы түсінді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойынға қатысты
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері:Туған өлке
Тақырыбы: Қазақ даласының батыр ұлдары
Мақсаты: Танымдық іскерлігін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету. Творчестволық қабілеттерін ашу, мәнерлеп оқуды дамыту. Балаларды патриоттық рухта тәрбиелеу, отанына деген сүйіспешілігін арттыру, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті:патриот, халық – народ, отан – родина, тәуелсіз – независимый, дала -степь
Көрнекілік құралдар: Суреттер, халық батырларының суреттері
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман. Өлеңді барлығы бірге қайталап айтады
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Қазақ елі тағдырдың тәлкегін де, жат елдердің әділетсіздігін бастан кешсе де, өзін жоғалтпай ғасырлар бойы армандаған азаттықтың ақ таңын қарсы алу үшін, осы ақ жолда әр ғасырдың ұрпақтары талай күрестерді бастан өткізді.
Енді осы тәуелсіздіктің арқасында, өз тізгінімізді өз қолымызға алып, киелі Ұлы Даламызды өзіміз басқарып, жат елдердің өкілдерін бауырымызға басып, төл теңгемізді дүниеге әкелдік.
Әлемге елдігімізді білдіретін мемлекеттік символикамызды таныстырдық. Біз - күн нұрынан қуат алған, айы оңынан туған, көк байрағы желбіреген, әнұранымызды әлемнің бәріне таныстырған, елтаңбамызды таңдап алған тәуелсіз елміз! Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, түсінеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Ән: «Менің Қазақстаным». Оқу іс – әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау Әнді барлығы орындайды.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Өз Отаны, елі – жері туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Отанға деген сүйіспеншілік, елін қорғау,
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын айтты, ән орындады.
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Батыр, ақын, композитор Махамбет Өтемісұлы
Мақсаты: Дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
жөнінен білім беру. Оқушының ой еркендігін дамыту. Сөздік қорын байыта отырып, ауызша және жазбаша тіл байлықтарын дамыту, әңгімелеп
айтуға үйрету. Махамбет өлеңдері арқылы Туған жерін, Отанын сүйуге, шыншылдыққа тәрбиелеу
Қостілділік компоненті:өлең – стихи, отан - родина, батыр – герой, жүрекке жақын – близко к серце.
Көрнекілік құралдар: Махамбет Өтемісұлының, оның ерлік көрсеткен суреттері.
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Шаттық шеңбері
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. Балалар бір біріне тілек айтады.
Тәрбиешіні тыңдайды
Ұйымдастырушы,
Ізденуші 1834 жылы Исатай батырмен бірікті. Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды. Оның өлеңдері бұқара халықтың жүргеніне тым жақын болды.
Сергіту сәті:
Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді. Махамбет Өтемісұлы туралы айтылғандарды тыңдап, түсінеді
Өз ойларын айтады
Өлеңді қайталап, қимылмен көрсетеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Оқу іс – әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау Балалар өз ойларын айтады
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Елін – жерін қорғаған батыр ұл – қыздары туралы біледі
Қандай түсініктерді игерді: Батыр, ақын – Махамбет Өтемісұлымен танысты
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларымен бөлісті
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері:Туған өлке
Тақырыбы: Бес арыс
Мақсаты: Қазақ халқының ақын, жазушылары туралы білімдерін кеңейту. Олардың өмір жолы туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстан мәдениеті мен тарихы туралы айта отырып, қазақ жазушыларына деген мақтаныш сезімдерін ояту.
Қостілділік компоненті: Поэт – ақын, писатель – жазушы, от – огонь, өлең – стих, әріптер - буквы.
Көрнекілік құралдар: Ақын, жазушылардың суреттері
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Шаттық шеңбері
Балалалрға Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев туралы айтып түсіндіреді. Суретімен таныстыра отырып, олардың өмірі, шығармашылығы жайлы әңгімелейді. Балалар бір біріне тілек айтады. Тәрбиешіні тыңдап, ақын – жазушылармен танысады.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Бес арыстың ішіндегі Мағжан Жұмабаев туралы айта отырып, «От» өлеңімен таныстыру, жаттату.
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын
Күнге ғана бағынам
Өзім – күнмін, өзім – от
Сөзім, қысық көзім де – от.
Өзіме – өзім табынам
Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіреді
Сергіту сәті:
Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді. Балалар мұқият тыңдайды, өлеңді қайталап жаттайды.
Сергіту жаттығуын жасайды
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.ойын: «Сөз құра, тез құра» Оқу іс – әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау. Балалар берілген әріптерден А. Байтұрсынов пен М. Дулатов редактор болған газеттердің атауын құрап шығарады
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қазақтың ақын – жазушыларымен танысады
Қандай түсініктерді игерді: Мағжан өлеңінің мағынасын түсінді, жаттап алды
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойынға белсене қатысты.
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Бесікке салу
Мақсаты: Балаларды «Бесікке салу» салтымен таныстыру. Бесіктің құрылымымен, оның бала денсаулығына тигізер пайдасы туралы айтып түсіндіру. Балаларды қайырымды, мейірімді, кішіпейіл, қамқор болуға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: Бесік – колыбель, песни – әндер, жастық – подушка, әже –бабушка, немере – внук, ауыл – аул.
Көрнекілік құралдар: Бесіктің, оған қажетті заттардың суреттері.
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Тәрбиеші: Балалар мен таңертең Ақ әжеден хат алдым. Ақ әже бізді немересінің бесікке салу тойына шақырыпты. Олай болса барлығымыз жолға шығайық Балалар тәрбиешімен бірге Ақ әженің ауылына жолға шығады.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Амансыңдар ма балалар?
Менің ауылыма қош келіпсіңдер, мен бүгін үлкен той жасап жатырмын, немеремді бесікке салғалы жатырмын. Сендер бесіктің не екенін білесіңдер ме? Ақ әже балаларды бесікпен , оның көрпе, жастығы, қажетті заттарымен таныстырады. Баланы бесікке бөлеген әже баланы тербете отырып ақырын ыңылдап бесік жырын айтады:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Астына терік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын,
Ауылдан кеткен апаңды,
Қайдан іздеп табайын.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Бір отырып, бір тұрып
Билеп, билеп алайық Сәлеметсіз бе әже
Балалар Ақ әжені тыңдайды.
Өлеңді қайталап, қимылмен көрсетеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Балалармен бірге топқа қайту. Оқу іс – әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау. Балалар өз ойларын ортаға салады.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қазақ салт дәстүрлері туралы білді
Қандай түсініктерді игерді: Бесікпен, оның құрылымымен танысты
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларымен бөлісті
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Баланы қырқынан шығару
Мақсаты: Балаларды «Қырқынан шығару» салтымен таныстыру
Баларды қазақ халқының салт- дәстүрлерімен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту. Балаларды қайырымды, мейірімді, кішіпейіл, қамқор болуға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: салт – обряд, қырқынан шығару, қырық – сороқ, су – вода, күн – день, тілек - пожелания
Көрнекілік құралдар:Суреттер, мүсіндер.
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Балалар біздің топқа бір қорап әкеліп қойыпты. Қорапшамыз өте ауыр екен, қане бәріміз ашып көрейік.
Бұл мүсін Балалар қорапты ашып қарайды
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Тәрбиеші мүсін туралы балаларға түсіндіреді. Балалар бұл мүсін «Қырқынан шығару» деп аталады. Бұл салт жаңа туған балаға 40 күн туғанда орындалады. Адамдар ұлттық киімде киінген, бұл баланы шомылдырудың ерекшелігі, судың түбіне тиын, сақиналар салады, бірі баланың барлық денесіне қасықпен 40 қасық су құяды.
Осы салт кезінде балаға өте көп жақсы тілектер айтылады. Сендер қандай тілектер білесіңдер?
Сергіту сәті:
Айналайын балашым
Аман болсын анашың.
Аман болсын әкең де,
Өзің тәтті балдай бол,
Өніп - өсіп таудау бол. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Үлкен азамат бол. Ер жігіт бол. Денің сау болсын. Ата – анаң аман болсын. Отаныңның мақтанышы бол
Өлеңді қимылмен қайталайды
Тұжырымдаушы
Түзетуші Ойын: «Арқан тартыс». Оқу іс – әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау. Балалар өз ойларын ортаға салады.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қазақ салт дәстүрлері туралы білді
Қандай түсініктерді игерді: Қырқынан шығару салтымен танысты
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларымен бөлісті
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Тұсау кесу
Мақсаты: Балалардың қазақтың ұлттық салт – дәстүрі туралы білімдерін бекіту, ұлттық салт – дәстүрге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген оқу іс - әрекетінде киімдердің түрлері, суреттер, слайд, темір, күміс, алтын қақпа көрнекілікке алынып, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап әдіс – тәсілі қолданылады.
Қостілділік компоненті: тұсау кесу – перерезание пут,жіп – шнур, келін – сноха, ұлттық киімдер – национальные одежды.
Көрнекілік құралдар: суреттер, ойындар
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Бүгінгі оқу іс - әрекетінде қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық салт – дәстүрі, бұйымдары, жайлы әңгімелесеміз, қазір мен сұрақ қоямын, ал сендер жауап беріңдер
Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
Ұлттық тағамдарды білесіңдер ме?
Ұлттық киімдерді атап беріңдер? (Сәукеле, тақия, айыр қалпақ, кимешек, бөрік, тымақ)
(Саптама етік, мәсі, шоңқайма, байпақ, кебіс)
Алтыбақан, ақ сүйек, арқан тартыс, тақия тастамақ, хан талапай, көкпар, бәйге)
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Тәрбиеші балаларды тұсау кесу дәстүрімен таныстырады. Таңдандыру сәті: Алақай, алақай біздің үйде той болады, тойға келіңіздер, көріңіздер, ұсау кесу тойына шақырамыз.
Әже: Келін, әй келін, әкеле ғой немеремді.
Тоқ шекпен кескенім,
Тоқшылық болсын дегенім.
Көк шөппен кескенім,
Көктей көгерсін дегенім.
Ала жіппен кескенім,
Адал болсын дегенім. Балалар тұсау кесу дәстүрімен танысады.
Тұсау кесу дәстүрін көреді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Ойын: «Арқан тартыс». Оқу іс – әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау. Балалар өз ойларын ортаға салады.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қазақ салт дәстүрлері туралы білді
Қандай түсініктерді игерді: Тұсау кесу дәстүрімен танысты
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларымен бөлісті
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Тоқымқағар
Мақсаты
Білімділік: Балаларды қазақтың салт дәстүрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Баланы алғаш атқа мінгізу рәсімі туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелілік: Балаларды салт дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: атқа мінгізу – посящение в наездники,ақсақал – старик, бәйге – байга, ұл бала - мальчик, ата – дедушка.
Көрнекілік құралдар: Суреттер, ойындар
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Балалар бүгін біздің Жалғас 5 ке толды, ол енді үлкен жігіт болды, ер жетті. Оның ауылдағы атасы мен әжесінен хат келіпті. Олар бізді ауылға тойға шақырыпты. Балалар жиналып, жолға шығады. Ауылға барады.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Сәлеметсің бе, Жалғас! Сәлеметсіздер мен, қонақтар! Сендердің келгендеріңе қуаныштымыз. Бүгін бізде үлкен той. «Тоқымқағар» Сендер бұл қандай той екенін білесіңдер ме? Бұл ұл бала 5 жасқа толғанда тойланады. Арнайы ер дайындап, атасы немересін атқа мінгізіп, ауыл ішімен жүріп өтеді. Әжесі баласына тілектер тілейді. Ауыл ақсақалдары бата береді: Үлкен азамат бол! Өмірде өз жолыңды таба біл! Отаныңды қоғайтын батыр бол! Бүгін бізде үлкен той сондықтан сендермен көптеген ойындар ойнаймыз. Ойын: «Бәйге» Балалар амандасады. Ата мен әжені тыңдайды.
Балалар ойынға белсене қатысады.
Тұжырымдаушы
Түзетуші Ойын: «Арқан тартыс»
Ата мен әжеге рахмет айтып, қоштасады. Оқу іс – әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау Балалар ойынға белсене қатысады.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қазақ салт дәстүрлері туралы білді
Қандай түсініктерді игерді: Тоқымқағар дәстүрімен танысты
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларымен бөлісті
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Қазақ киіз үйі.
Мақсаты: Білімділік: Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.
Дамытушылық: Киіз үйді ауа райының қандай жағдайда да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу
Тәрбиелік: қабілеттерін дамыту. Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: киіз үй жабдықтары- продлежности юрты, үй жиһаздары- мебели для юрты, қолайлы – удобный, ағаштан жасалған – сделано из дерево, тері – кожа, тамақ – еда.
Көрнекілігі: киіз үйдің сырты, ішкі көрністері.
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады Жылы лебіздерін арнайды.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші -Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы.Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды.Киіз үйдің негізгі қанқасын сүйегі деп атайды.Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық/жарма есігі/Кереге –киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі. Шаңырақ –киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер. Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық. Киіз есік –сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады.Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.Үй жиһаздары: Абажа- тамақ пен ыдыс -аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, теріден қапталған. Кебеже- сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап өрнектелген үй жиһазы.Асадал- тамақ пен ыдыс-аяқ сақтайтын кебеже. Адалбақан- киім ілуге арналған үй жиһазы.
Дәптермен жұмыс. Киіз үй сүйектерін тапқыздыртады. Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды, сұрақтарға жауап береді.
Киіз үй сүйектерін тауады.
Тұжырымдаушы
Түзетуші Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін бекітеді. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: киіз үй жабдықтарының аталуын білу.
Қандай түсініктерді игерді: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ата-баба дәстүріне құрметпен қарауды.
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері:Туған өлке
Тақырыбы: Халық қолөнері
Мақсаты
Білімділік: Қазақ халқының қолөнері, олардың жасалуы жайлы түсіндіру.
Дамытушылық: Қазақ қолөнеріндегі өрнектер жайлы олардың неден жасалғандығы жайлы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілік: Халық қолөнеріне деген қызығушылықтарын ояту. Оларды түсініп, бағалай білуге тәрбиелеу.
Қостілділік компоненті: кожа – тері, дерево – ағаш, кости – сүйек, ою – орнамент, өрнек - узор .
Көрнекілік құралдар: Суреттер, қолдан жасалған заттар
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар! Шаттық шеңберге тұрып, бір біріне тілектерін білдіреді
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Бүгін біз сендермен біздің ерте кездегі ата – бабамыз өз қолдарымен жасаған заттар туралы айтамыз. Ерте кезде қазақтар көшпелі халық болған, мал өсірген. Қойдың жүнінен киіз басқан. Қазақ ұсталары киізден тон, бас киімдер, шұлық, жамылғыш, жастық жасап, әдемі ою – өрнектермен әшекейлеген. Қараңдаршы мына текеметтің бетіндегі оюлар қалай аталады?
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Бір отырып, бір тұрып
Билеп, билеп алайық Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Қошқар мүйіз, қос мүйіз, тұмарша, балдақ.
Өлеңді қайталап, қимылмен көрсетеді
Тұжырымдаушы
Түзетуші Бұл не? Ол неден жасалған? Торсық не үшін қажет? Оқу іс – әрекетін қорыту. Балаларды мадақтау. Торсық. Теріден. Қымыз құятын ыдыс.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Халық қолөнері туралы білді
Қандай түсініктерді игерді:Теріден, ағаштан, сүйектен жасалған заттарды атайды
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұраққа жауап берді. Ою түрлерін атады.
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Ән әлеміне саяхат
Мақсаты
Білімділік: Қазақтың музыка тарихы туралы, атақты әншілер мен күйшілер туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Халықтық аспаптармен таныстырып, оларға қызығушылықтарын
Тәрбиелілік: ояту. Халық музыкасына деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру
Қостілділік компоненті: Қобыз, домдыра, кюй – күй, музыка – ән күй, үн – звук,аспап – инструмент, құрметтеу - уважать
Көрнекілік құралдар: Суреттер, қобыз, домбыра
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Отан анам Отан әкем
Осы сөзім қате ма екен
Отан әжем
Отан анам
Туған жер деп
Ол бекерге аталмаған Шаттық шеңберіне тұрып бір – біріне тілектерін білдіреді
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Балалар сендер домбыра жайлы не білесіңдер?
Домбыра өте кең тараған қазақтың музыкалық аспабы. Домбыра қазақ халқының ең қажетті заттарының қатарында болған, оны кез – келген киіз үйден кездестіруге болады. Домбырашыларыды қатты құрметтеген, оларды тойлар мен мерекелерге шақырған.
Атақты күйшілер домбырамен әр түрлі күйлер, жырлар, әндер орындаған.
Сергіту сәті:
Жарасқан байрақтың мәні бар:
Көк аспан, күн, қыран сәні – бар.
Көк байрақ – ашық көк кең ісім,
Алтын күн – белгісі жеңістік. Балалар өз білетіндерін ортаға салады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Өлеңді қайталап қимылмен көрсетеді.
Тұжырымдаушы
Түзетуші Дид.Ойын: «Дауысынан таны» Оқу іс – әрекетін қорытындылау, балаларды мадақтау Ойынға белсене қатысады
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қазақ музыкасы туралы
Қандай түсініктерді игерді: Музыкалық аспаптар туралы білді, маңызын түсінді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Сұрақтарға жауап берді, ойынға қатысты.
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері:Туған өлке
Тақырыбы: Қазақстан біздің ортақ үйіміз
Мақсаты: Балаларға отан туралы түсінік беру. Отанға деген сыйластық, қарым-қатынастарын дамыту. Өз еліне деген мақтаныш сезімдерін дамыту. Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу.
Қостілдік компоненті; Отан- родина, Азамат- гражданин, күн – солнце, гүл – цветок, нәзік - нежный
Көрнекі құралдар:Дәптер, Отан туралы суреттер.
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Жайлауындай жазықпын
Өзегімдей өршімесін
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін.
Әңгімелеу «Менің Отаным» Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Бекжанның басқа балалардан қандай ерекшелігі бар? Қалай ойлайсыңдар,Бекжанның ерекше сезімге бөленуі неліктен? Сергіту сәті; өлең мазмұндарына сәйкес қимылдай жасайды.
Біз кішкентай баламыз,өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз.
Дәптермен жұмыс.
-суретке қарап әңгіме құрастырыңдар, бояңдар. Балалар сергіту жаттығуын қимылмен жасайды.
Тұжырымдаушы
Түзетуші -Біз Отанымыздың кең байтақ екенін білдік. Біз Қазақстан Республиксының азаматымыз. Біз Отанымызды сүйеміз.
Балалар шеңберге тұрып оң колдарын жүрек тұсына қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын айтады.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Отан,туған ел туралы білді.
Қандай түсініктерді игерді: Отанға деген сүйіспеншілік.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Суреттер бойынша әңгіме құрайды
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Қазақ даласы
Мақсаты
Білімділік: Туған өлке туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу.
Қостілдік компоненті: Туған өлкем – родная земля, тамаша – прекрасна, қала – город, еңбек – труд, тәуелсіз - независимый.
Көрнекі құралдар: Қазақстан аймақтық картасы, туған өлкенің әр түрлі суреттері.
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Қазақстан Республикасының рәміздерімен және олардың авторлары туралы әңгімелеу.
Біздің мемлекет, отанымыз тәуелсіз мемлекет.
Біздің республикамыздың Ата заңы бар, ол занның ішінде балаларға арналған баптар бар.Тегін оқу, тегін емделу құқы бар. Балалар санамақты қайталап айтады.
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Қазақстанның аймақтық картасын көрсетіп, ондағы қалалармен таныстыру.
Әр қалада өндіріс бар екенін айту.
Шымкент облысында бақша өнімдері бар.
Алматы облысында жеміс – жидектер өседі.Қостанай облысында – бидай өнімдері өндіріледі.Қазақстандағы адамдардың еңбекқорлығын сүйіспеншілігін айта отырып, олардың жемісті еңбектерінің нәтижесі еліміздің өсіп, өркендеуіне қосқан үлесі біз үшін мақтаныш екенін түсіндіру.
Сергіту жаттығуы: Балалар мұқият тыңдайды салыстыру.
Балалар оқулықты ашады ағаштарды салыстырады.
Сергіту жаттығуын қимылмен көрсетеді.
Тұжырымдаушы
Түзетуші Бүгінгі оқу іс-әрекетінде не туралы әңгімелестік? Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Бидай өнімі қай облыста көп шығады? Туған өлке туралы әңгімелестік.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Қ.Р. рәміздері туралы білді.
Қандай түсініктерді игерді: Отанды қорғауды меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: : Қазақстан картасы бойынша жұмыс жасай алды.
Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық қартасы.
Күні, айы, жылы:
Білім ортасы: Таным
Бөлімдері: Туған өлке
Тақырыбы: Сулы жер – нулы жер
Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру. Табиғат байлықтарын қорғай білуге баулу. Табиғат аясында өздерін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны ластамай сақтауға тәрбиелеу. Балалардың экологиялық, адамгершілік, имандылық тәрбиелерінің негіздерін қалыптастыру.
Қостілділік компоненті: су -вода, өмір – жизнь, сусыз – без воды, түссіз – без цветный, ауру – болезнь,балық – рыба.
Көрнекілік құралдар: Суреттер, ойын
Іс–әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық Балалар, барлығымыз қосылып амандасайық. Балалар: Сәлеметсіздер ме! Балалар, біз немен демаламыз?
Нені басып жүреміз?
Су не үшін керек? (ауамен)
(Жерді)
(Жер бетіндегі тіршілік үшін керек).
Ұйымдастырушы,
Ізденуші Су – ғажайып зат. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлге шыдамайды. Су – тіршілік көзі. Су табиғатта тіршілік ететін тірі жанның барлығына қажет. Судың үші түрі бар. Су түссіз, мөлдір, таза болады. Мұз – судың қатты күйі, ал мына шәйнектегі қайнаған судың қақпағын ашса бу шығады. Судың тағы бір қасиеті – жақсы еріткіш. Сондықтан суды ластамай таза ұстау керек. Ластанған судан неше түрлі жұқпалы аурулар тарайды. Өзен, көлдердегі су лас болса балықтар өледі. Сергіту сәті. Балық болып жүземіз, Шынығамыз суда біз. Шынықсақ біз бәріміз. Шымыр болып өсеміз. Тұжырымдаушы
Түзетуші Д/о: «Қажет сөздерді ойла» Қорытынды.
Суды ластауға бола ма?
Су пайдалы ма?
Суды берекесіз төгуге бола ма? Теңіз қандай болады?
Су қандай болады?
Өзен қандай болады?
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Су туралы білді
Қандай түсініктерді игерді: Судың қасиеті, пайдасы туралы
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойынға қатысады, сұрақтарға жауап береді