План урока по казахскому языку на тему К?з айлары
Сабақтың тақырыбы: "Күз айлары"
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Күз туралы түсінік беру. Күз айларынының ерекшеліктерін атап, оқушыларға табиғаттың көркемдігін бейнелеуді тапсыру. Сабақты ән-күй, бейнелеу өнері пәндерімен байланыстыру.Тәрбиелік: Бейнелеу арқылы балаларды көркемдікке тәрбиелеу.Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.ІV. Жаңа сабақ.
Модуль тақырыбына сурет бойынша жұмыс. Күз мезгілі туралы жалпы түсінік беру. Сабақты
қоршаған ортаға байланысты, нақты айтар болсақ, сабақ өтіліп отырған күз айына арнау. Ауа райы,
табиғат көрінісі, құбылыстары туралы оқушылардың ана тілінде түсіндіру. Ол құбылыстардың
атауларын қазақ тілінде бірнеше рет айту, жазу, тыңдату арқылы оқушылардың естеріне сақтату.
Сөздікпен жұмыс:
өтетін сөздердің, сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару;
дұрыс айтуға дағдыландыру:
мұғалім мәнерлеп оқиды;
оқушылар қайталап оқиды;
оқушылар тізбектеп оқиды;
сөз тіркестерін құрау;
сөйлемдер құрау.
1. Оқылым. Күз.
Оқылым әректін іске асыру мақсатында 1-тапсырманы мұғалім өзі оқып, үлгі көрсетеді. Мәтінді
өзі аударып, мағынасын оқушыларға түсіндіреді. Оқушылармен оқылым әрекетін жалғастыру.
Сыныптағы барлық оқушыларға кезекпен оқыту.
2. Есте сақтау қабілетіне тапсырма. Осы мақсатта 2-тапсырманы орындату. Ауызшақайталаулардан соң, тақта алдында жұмыс. Шығармашылық жұмыспен ұштастыру үшін
оқушыларға сөзжұмбақ немесе тізбексөз жасату.
3. Айтылым. Сурет бойынша жұмыс. Бұл мақсатта негізгі тақырып «Күз» тақырыбы бойыншасөз тіркестерін жасатып, сөйлесу, тілдесу әрекеттеріне жетелеу.
4. Сергіту сәті.
5. Жазылым. Жазылым әрекетіне 4-тапсырманы ұсыну. Үлгі бойынша бір сөзден дамыта отырып, сөйлем құрап сөйлеуге жетелеу. Әрі сөздерге, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге байланысты сұрақ қоя білуді үйрету.
6. Тілдесім. Тілдесім әрекетіне сурет бойынша жасалған сөйлесу (диалог) ұсыну. Сурет бойынша сұрақ-жауап
жасау. Табиғаттың өзгерісіне байланысты түстер тақырыбын қайталау. Суреттегі оқушылардың
киімдерінің түстері туралы айтып, оқушылардың өз киімдері туралы айтқызу. Осы тақырыпта
жұптық жұмыс жасау. Тапсырманы екеуара парталас жұптардың сөйлесуді саналы түрде мәнерлеп
оқуымен аяқтау.V. Сабақты қорытындылау. Жаңа тақырыпты бекіту:
а) сұрақ-жауап жасау;ә) күз айларының атауларын және жаңа сөздерді қайталау;б) «Күзгі жапырақ» атты сурет салдырып, оқушылардың эстетикалық талғамын байқау.VІ. Үйге тапсырма.