Биология п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы: ?й ??стары. ??старды? шы?у тегі ж?не аса ма?ызды ?олт??ымдары, оларды адамны? пайдалануы.(7 сынып)


№ сабақ Биология 7 «ә» сынып 09.04.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға құс шаруашылығы, үй құстарының арғы тектері, еліміздегі құс шаруашылығы жайында түсінік беру
2. Тәрбиелік: Оқушыларды құстарды күтіп – баптауға, ұқыпты, жинақы болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың құстар жайындағы түсініктерін молайта отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ҮӘЖ, үлестірмелі тапсырма, жобалау, топтық жұмыс, жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, видео ролик, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: физика, математика, дүниетану, жаратылыстану.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Сабақты қорытындылап, бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу оқушы зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық жаттығу
Ой- маржан (ұйымдастыру кезеңі)
Өткен сабақты қайталау, жинақтау.
Құстар дүниесінде таралған түр саны (8 600-ге жуық)
Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар (жыл құстары)
Қосарлы тынысалу дегеніміз не? (ауа қапшығы және өкпе)
Құс өңешінің кеңейген бөлігі ( жемсау)
Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі (қаламша)
Құстардың дене температурасы (+410С, +430С)
Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі (көнеқұс немесе археоптерикс)
Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады?
Ең кішкентай құстың салмағы қандай, бұл қандай құс? (1,5грамм –колибри)
Ең ірі құс және оның салмағы қандай? (түйеқұс, салмағы 90 кг)
Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс (кезеген альбатрос 75-85күн)
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қазақстанның Қызыл кітабына (1996ж) тіркелген құстар туралы шағын хабарлама дайындаңдар.
2. Құстарға қатысты мақал – мәтел, аңыздарды теңеу сөздрді жинап , оларды талдаңдар.
Жаңа сабақ:
I -деңгей
Асыранды үй құстарының түрлерін ата.
25298401270004330065127000-41910127000
366331511430001720215114300030727651143000
4530090224155-41910224155
2063115191770Үй құстары00Үй құстары
4177665171450014725651714500
3539490863600020059658636000
3253740174625605790174625
(тауық, күркетауық, үйрек, қаз, мысыр тауығы, жапон бөденесі, көгершін, тауыс, баққунақ).
Үй құстарының адам үшін маңызы? (жұмыртқасы, ет өнімі, мамық, сәндік бұйымдар үшін).
II -деңгей
1-тапсырма: Қолға үйретілген асыранды құстардың қандай отрядтарға жататынын тақырып мәтінінен тауып жаз:
Р/с Түрлері Отрядтары
1. Тауық 2. Үйрек 3. Қаз 4. Күркетауық 5. Көгершін 6. Баққунақ 7. Жапон бөденесі 2-тапсырма: Асыранды құстардың арғы жабайы тегін тақырып мәтінінен тауып жаз.
А. Тауықтың ______________________________________________________
Ә. Үйректің_______________________________________________________
Б. Қаздың_________________________________________________________
3-тапсырма: Үй тауығының қандай бағытта өсірілетінін және оған қандай тауық тұқымдары жататынын кестеге толтыр:
Р/с Өсірілетін бағыттары Тұқымдары
1. 2. 3. 4-тапсырма: Сұрақтардың дұрыс жауаптарының астын сызып көрсет:
А. Үй құстарының белгілі бір мақсатқа сай қолдан сұрыптау арқылы шығарылған тобы қалай аталады – түр, іріктеме, тұқым, бройлер.
Ә. Мексика мен Американың оңтүстігінде алғаш рет қолға үйретілген асыранды құс: - тауық, күркетауық, қаз, бөдене.
Б. Құйрық қанаттары ұзын, әр түрлі әсемдік бұйым ретінде қолдану үшін қолда өсірілетін құс – цесарка, үйрек, тауыс, тауық.
III –деңгей
15240143510015240-31751-тапсырма: «Ордабасы құс» фабрикасынан бір айлық 100 үндік балапаны көтерме бағадан 1000 теңгеден сатып алынды. Оны 3 ай бағып әрқайсысы 15 килограм тартқанда «Ордабасы құс» фабрикасына килограмын 500 теңгеден қайта өткізілді. Одан түскен табыс қанша болды?
Әрбір үндік балапаны 3 айда 30 килограмм байытылған жем жейді. «Ордабасы құс» фабрикасының өзінде өндірілетін байытылған құрама жемді килосын жеңілдікпен 70 теңгеге әрбір балапанға 3 айға лайықталған жем сатып алынады. Содан шыққан шығынды үндіктен түскен табыстан аламыз және балапан сатып алған шығынды да аламыз. Сонда қанша пайда түсті?
(100*1000)-(100*15*500)-(100*30*70)=750000-100000-210000=440000
15240476252-тапсырма: Базардан 100 қаз балапаны 400 теңгеден сатып алынды. 100 қаз балапанының 6 ай жейтін жемінің шығыны 10000 теңге.
6 айлық қаздың әрбір басын 3500 теңгеге сатылды. Одан түскен табыстан шыққан шығынын аламыз. Сонда қанша пай болды.
(100*3500)-(100*400+10000)=350000-50000=300000
15240749303-тапсырма: Бір қорада 100 жұмырқалағыш бағытындағы жылына 200 жұмыртқа беретін Голландиялық қолтұқымды тауығы бар. Оладың әрқайшысы айына 5 килограмм жем жейді. Жемнің килограмы 60 теңгеден.
Бұл шаруа қожалығы 6 ай бойы 10 сағат 500Вт лампамен жасанды жарық қосады. 6 айда жасанды жарыққа қанша шығын шықты? Жылына бұл шаруа қожалығы қанша пайда табады?
180күн*10сағ*500Вт=900000/1000=900кВтсағ*12тг=10800
(100*200*35)-(100*5*12*60)=700000-360000-10800=329600
Рефлекция:
Үйге тапсырма: хабарлама дайындап келу