Жар?ынша?ты (РГД-5, Ф-1, РГ-42, РГО, РГН) ?ол гранаттары, оларды? арналу ма?саты ?рысты? ?асиеттері, ??рылысы. Гранатаны ла?тыру?а дайындау ж?не оны пайдалануда?ы ?ауіпсіздік шаралары
Сабақтың тақырыбы: Жарқыншақты (РГД-5, Ф-1, РГ-42, РГО, РГН) қол гранаттары, олардың арналу мақсаты ұрыстық қасиеттері, құрылысы. Гранатаны лақтыруға дайындау және оны пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары.Сабақтың мақсаттары.
Оқулық мақсаты: оқушыларды қол гранаттарының арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері мен жұмыс принципі және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды қол гранаттарын пайдалану кезінде жоғары жауапкершілікке шақыра отырып, гранатты тек мақсатты, қоршаған ортасына қатер төндірмей қолдануға, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың қол гранаттары туралы алған теориялық білімдерін гранатты іс-жүзінде пайдалану үшін бағыттау, алған теориялық білімдерін өмірлік қағида түрінде ұстануға шақыру.
Оқу сұрақтары.
1.Қол гранататтарының арналу мақсаты және ұрыстық қасиеттері.
2.Гранаттар мен тұтандырғыштардың құрылысы, жұмыс принципі.
3.Гранаты лақтыруға дайындау және оны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
шаралары.
4. Гранаттарды күту және сақтау.
Бөлінген уақыт: 45 минут.
Өтетін жері: АӘД пәнінің оқу бөлмесі.
Өткізу әдісі: АКТ пайдалану, баяндау, көрсету, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: физика, химия, дене тәрбиесі, геометрия.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар, әдістемелік, тұтандырғыш,
гранат макеттері, арнайы карточкалар, дулыға.
Сабақтың барысы.
І. Кіріспе бөлім – 8 минут.
ІІ. Негізгі бөлім – 30 минут.
ІІІ.Қорытынды бөлім – 7 минут.
1. Жарқыншақты қол гранаталарының арналу мақсаты, құрылысы.
Жарқыншақты қол гранаталары (граната – итальянның «түйіршік») жақын ұрыста қарсыластың тірі күшін жарқыншақтармен, қопарылыс туғызу арқылы атыс нүктелерін және әскери техникаларын жоюға арналған.
Граната конструкторлары.
капитан Рдултовский 1909ж.( 1912-1914жж. гранаталар)
Лемон(ағылшын) 1915ж., Франция( алғашқы Ф-1)
Корешников(Запал, баяулатқышты 7секундтан - 3,5сек. азайтты)
Милсс (ағылшын, Милсс №5 гранатасы)
М.Г.Дьяконов (РГД-33, РГД-5, РГД-2)
Р.Г. Коршунов,1942ж. (РГ-42, РГ-42в)
Е.Вицени, Бедняков 1942ж. ( Запал УЗРГМ)
Гранаталар жарқыншақтын ұшу қашықтығына байланысты:
- шабуылдық (РГД-5, РГ-42, РГН);
- қорғаныстық (Ф-1, РГО, РГО) болып бөлінеді.
Гранаталардың пайдалану мақсатына қарай түрлері.
Жаяу әскерге қарсы (РГД-5, Ф-1, РГН, РГО, РГ-42);
Танкіге қарсы (РКГ-3, РГД-33);
Түтіндеткіш граната (РГД-2 алюминий ұнтағы, аммоний хлориді);
Дыбыстық ( құлаққа әсер ету үшін 140-160дБ).
Жарық беруші (белгіленген жерге жарық түсіру үшін).
Белгі беруші (әскердің шоғырын көрсету үшін).
Оқулық-имитациялық гранаталары (УРГ-Н, РГД-5 инертті гранатасы)
Өртегіш қоспалар (АСД-1 ампула стеклянная дистанционная 1942ж. «Молотов коктейлі»).
РГД-5 гранатасының құрылысы:
- корпус; - түптің пішпегі;
- тұтандырғыш; - запал;
- жарылғыш қоспа; - гранатаның түбі;
- қалпақ; - қалпақ ішпегі;
- тұтандырғыш түтігі;
Қол гранаталарының салыстырмалы ұрыстық сипаттамалары.
Ұрыстық сипаттары:
РГД-5 РГ-42 РГН Ф-1 РГО
ТиптеріШабуылд. Шабуылд. Шабуылд. Қорғ. Қорғ.
Салмағы, грамм 310 420 310 600 530
Лақтырудың орташа қашықтығы, метр 40-51 30-40 40-50 35-40 35-45
Запал типіУЗРГМ «Д» «УД» «Д» «УД»
Тұтанд.баяулатқыштың жану уақыты, секунд 3,2-4,2 3,2-4,2 3,3-4,3 3,2-4,2 3,3-4,3
Соғылу кезіндегі жану уақыты, секунд - - 1-1,8 - 1-1,8
Жарылғыш салмағы, г
110
114 60
92
Жарқыншақтың ұшу
радиусы, метр
20-25 20-25 20-25
Гранатты лақтыру төмендегі кезеңдерден тұрады:
- Гранатты арнайы сөмкеден алып сол қолдың алақанына салады.
- Оң қолмен сағат тіліне қарсы бұрау арқылы арнайы тығынды ажыратады.
- Босаған тығынның орнына арнайы сөмкеде орналасқан тұтандырғышты алып сағат тілінің
бағытында гранатаның корпусына бұрау арқылы бекітеді.
- Жарақталған гранатаны оң қолдың алақанына салып, сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты суырып алады.
- Оң қолдың алақанында орналасқан гранатаны тиісті нысанаға қарай
лақтыра отырып, өзі қауіпсіз жерге тығылады.
Тұтандырғыштың іске қосылу кезектілігі төмендегідей:
Соққыш – Капсюль тұтандырғыш – Баяулатқыш – Капсюль детонатор.
Ұрыстық гранаттарды лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары:
- үйренушінің болат дулыға(каска) киюі міндетті;
- гранаттар мен тұтандырғыштарды жарақтау алдында оның ақаусыздығына
көз жеткізу қажет;
- қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицердің
жетекшілігімен жарқыншақтар тесіп өтпейтін тасадан немесе
оқпаналардан жүргізіледі;
- бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде алдыңғы
гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін келесі
гранатты лақтыру керек;
- жарылмаған гранаттардың есебін жүргізіп, олардың түскен орынын қызыл
жалаумен белгілеу керек;
-лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі
артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау
және күтіп ұстау нұсқаулығындағы ережелерге сай түскен жерлерінде
жару қажет;
- гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;
- қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300м жері
қоршаулы болуы керек;
- гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрам атыс шебінен қауіпсіз
жерде болуы міндетті:
- гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаумен, ал атыс
шебін - қызыл жалаумен белгілеу қажет;
- гранаттар мен тұтандырғыштарды оқ-дәрі беру пунктінің бастапқы орнынан
25 метр кем емес қашықтықта жарақтау міндеттеледі.
Гранаттарды лақтыру әдістері:
түрегеп тұрып лақтыру;
тізерлеп тұрып лақтыру;
жатқан қалыпта лақтыру;
қозғалыста ЖҰМ (БТР)-нан лақтыру;
жаяу жүріп келе жатып лақтыру;
Қауіпсіздік шаралары:
- гранаталар арнайы сөмкеде болуы қажет;
- запал гранатадан бөлек орналасуы қажет;
- граната корпусында майысу, тот басу болмауы қажет;
- запалдарда қақ болмауы қажет;
- алып жүргенде гранаталарды ылғалдан, оттан, соқтығысудан сақтау қажет;
- гранатаны кептіруге болмайды;
4. Гранаттарды тасымалдау және күтіп-сақтау.
Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізіледі. Жәшікке-гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.
Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкеде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.
Гранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында корпустарында майысулар мен тоттардың жоқтығын қарап алу керек. алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек.
Ескерту: Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі.
ІІІ. Қорытынды бөлім – 7 минут.
Сабақты бекіту сұрақтары:
- Жарықшақты қол гранаттары қандай мақсатта қолданылады?
- ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?
- Қол гранаттарын қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары қандай?
Оқушыларды бағалау және үй тапсырмасын беру.