Изотоптар. Атом ??рылысы туралы ілім т?р?ысынан периодты? за? ж?не химиялы? элементтерді? периодты? ж?йесі
Тақырыбы:. Изотоптар. Атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан периодтық заң және
химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Мақсаты:
Білімділігі: атом құрылысы туралы ілім периодтық заң мен элементердің
периодтық жүйесінің физикалық мәнін ашу. Элементтер қасиеттерінің
периодты өзгеруі туралы түсініктерін тереңдету беру.
Дамытушылық: химиялық тілді дамыта отырып оқушылардың
Д. И.Менделевтің периоттық жүйесіндегі атом құрылысы
туралы ілім тұрғысынан периодтық заң мен элементерге деген
қызығушылығын артыру
Тәрбиелік: өздігінен талпынып, жауапкершілікті саналы сезінетін оқушыны тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: түсіндірмелі сұрақ- жауап
Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі
II.Жаңа сабақ
III.Бекіту
IV.Үй тапсырмасы
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасып, сынып түгендеу.
II. Жаңа сабақ.
Химиялық элементердің қасиеттері, сондай – ақ элементтер қосылыстарының қасиеттрі мен пішіндері олардың атомдарының ядро зарядтарына перодты түрде тәуелділігі болады.
Бұл тұжырымдама Д. И. Менделев берген тұжырымдаға қайшы келмейді. Оған XX ғасырда белгілі болған жаңа мәліметтер кіреді. Себебі химиялық элементтердің периодтық жүйесі – бұл периодтық заңның көрінісі және элемент атомдарының құрылысы бойынша табиғи жіктелуі.
Атомдардың құрылысы теориясы элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіреді. Атомдар эдросы зарядтарының 1-ден 110-ға дейін артуы сыртқы энергетикалық деігейдің құрылысының перодты қайталануымен жүреді. Элементтердің қасиеттері сыртқы деңгейдегі электрондардың санына тәуелді, сондықтан олар периодты қайталанады. Периодтық заңның мәні осында.
Атомдардың құрылысы туралы ілім Д. И. Менделевтің элементтердің бірыңғай қатарына сай жеті периодтқа бөлінуін негізделеді. Периодтың нөмірі атомдағы энергетикалық деңгейдің санына сәйкес келеді. Табиғатта кездесетін және жасанды жолмен алынған элементтердің атомдарында тек 7 энергетикалық болса, периодтардың саны да соншама.
Сонымен бірге энергетикалық деңгейлердің электрондармен әртүрлі ретпен толтырылуына негізделген топтардың топшаларға бөлінуі де түсінікті болады. Негізгі топша элементтерінің сыртқы деңгейлердегі s-деңгейшелер (s-элементтер) немесе p-деңгейшелер (p-элементтер) толады.
Қосымша топша элементтерінде сыртқы деңгейден кейін орналасқан екінші d-деңгейше толтырылады. Сондықтан атомдарында бірдей электрондар болатын элементтер және топшаларға біріктірілген. Бұл кезде негізгі топша элементерінің сыртқы деңгейінде топтың нөміріне тең электрондар саны , ал қосымша элемент атомдарында бір немесе екі электрон болады.
Бұл топтардың элементтерінде ортақ қасиеттер де бар: химиялық реакцияға кіріскенде олардың барлығы (фтордан басқа) химиялық байланыстар түзеді 7 электроннан береді. Бұл кезде марганец топшасаның атомдары сыртқы деңгейден 2 электрон, астындағы екіншісі деңгейден 5 электрон береді. Осылайша қосымша тпша элементерінде тек сыртқы электрондар ғана емес, сондай-ақ сырттан санағанда екінші деңгейдегі электрондар да валенттік электрондар болып табылады. Негізгі және қосымша топша элементтері қасиеттерінің негізгі айырмашылығы осында. Топтың нөмірі химиялық байланыс түзуге қатыса алатын электрондардың санын көрсетеді.
Д. И. Менделеев периодтық жүйені құрғанда кейбір элементтерді олардың атомдық массаларының өсуі бойынша орналастырмады. Қазіргі кезде мынадай элементтер:
Ar (39,948) – K (39,102), Co (58,933) – Ni (58,71). Бұл ауытқулар периодтық жүйенің кемшілігі деп есептеледі. Д. И. Менделеев бұл дәйектемелерді ғылымның дамуы барысында түсіндірілуі керек деп «түсініксіздікке» жатқызды. Атомның құрлыс теориясы бұл түсініксіздікті түсіндірді. Бұл жұп элементтердің ядро зарядтарын тәжірибе жүзінде анықтағанда, олардың дұрыс орналастырылғаны дәлелденді:
Ar18 – K19, 27Co – 28Ni
Элементтердің ядро зарядын нақты анықтау периодтық жүйедегі барлық орындар толтырылғанын және Z = 1-ден Z = 110-ға дейінгі аралықта жаңа элементтер Жерде де, ғарышта да ашылмайтынын дәлелдейді.
III.Бекіту
Перодтық заңның Д.И.Менделеев берген және қазіргі тұжырымдамаларын салыстырыңдар. Олардың айырмашылығы неде?
Периодтық заңның физикалық мағынасы неде?
Д.И.Менделеев енгізген түсініктердің: қасиеттердің периодты өзгеруін; элементтің реттік нөмерін; периодтың; топтың физикалық мәнін түсіндіріндер.
Бір топтың, бір топшаның элементерінің қасиеттері неліктен ұқсас болады?
Тапсырмалар
Мына қатардағы қай элементтер артық: Li,Na,Zn,K,Rb,Cs; Be, Mg,Ca,Al,Ba;
Мына элементтерге сипаттама бер Li, Na, Zn, K, Rb, Cs, Be, Mg, Ca, Al, Ba;
Берілген элементтерге атомдық құрылысының сызба нұсқасын бейнелендер.
IV .Үй тапсырмасы: §1. Атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан периодтық заң және
химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Тақырып соңындағы 7-10 тапсырманы орындап келу.