ХЭПЖ бойынша химиялы? элементтерді? орны
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
Тақырыбы: Химиялық элементтердің ХЭПЖ орны бойынша сипаттамасы
(ашық сабақ)
Пән мұғалімі: Курмашова А.Ж.
Еңбек өтілі: 2 жыл
Білімі: жоғары
Санаты: жоқ
2015-2016 оқу жылы
Жаңа сабақ
Пәні: химия Сыныбы: 8
Сабақ тақырыбы: Химиялық элементтердің ХЭПЖ орны бойынша жалпы сипаттамасы
Жалпы мақсат: Химиялық элементтердің атом құрылысын, периодтық жүйедегі орнын, олардың қосылыстары туралы теориялық білім беру;
Элементтердің атом құрылысын анықтай білу, элементтердің металл не бейметалл екенін ажырата білу;
Белсенді әрекет ұйымдастыру арқылы бір-бірінің пікірін сыйлау, өзара көмек көрсету, өз жұмыстарына әділ баға беруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Химиялық элементтердің атом құрылысын, периодтық жүйедегі орнын, олардың қосылыстары туралы білетін болады.
Элементтердің металл не бейметалл екенін ажырата білуді түсінеді.
Негізгі идеялар: Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң мен химиялық элементтердің пеиодтық жүйесі элементтер атомының құрылымы және олар құрайтын жай және күрделі заттардың қасиеттерін болжауға мүмкіндік береді.
Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті такта, оқулық, Менделеевтің периодтық жүйесі,постер, маркер, үлестірмелі тапсырмалар.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог.
АКТ,
СТО
Бағалау Жеке, жұптық, топтық жұмыс
Дерек көздері: Дәптер, слайдтар, оқулық, интернет ресурстары
Тапсырмалар: сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(2 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық дайындық Қайырлы таң достым, қайырлы күн болсын, сәрсенбінің әр кезі, сәтілікке толсын, біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!
Көңіл – күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынбыз ба?
Топқа бөлу (сандар арқылы топқа бөлінеді – 2 топқа)
Период – 1,2,3
Топ – І, ІІ, ІІІ, ІV
Бағалау парағын түсіндіру Сабаққа дайындалады;
Топқа бөлінеді;
Топ басшысын сайлау (бағалау парағына жауапты)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 5 мин ) Мұғалімнің іс-әрекеті
«Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда білім» (Лев Толстой)
Сандар сөйлейді...(берілген сандарды мәлімдейді)
1869,1957,1834,1931,1907,88,22,8,7,101
Терминалогиялық қобдиша:
Химиялық формула, период, валенттілік, алмасу реакциясы, қосылу реакциясы, орын басу реакциясы, айырылу реакциясы, жай зат, күрделі зат, атом, молекула.
Жасырын элементтер
№ Жасырын элемент Таңбасы аталуы Атомдық массасы
1 Ктеот 2 кйниерм 3 сүімк 4 рсқоғаны 5 ымс 6 скует 7 мреіт Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасына дайындық дәрежесін қағаз бетіне түсіру және талдау
Мадақтау арқылы бағаланады
ІІІ. Жаңа тақырып (7 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті
АКТ (анимациялық слайд)
Атауы Калий
Таңбасы К
Периоды ІV үлкен
Тобы І топ
Қатары 4
Топшасы Негізгі
Атомдық 39
Протон, нейтрон, электрон 19п,20н,19е
Атом құрамы мен құрылысы +19)2)8)8)1
Ядро заряды +19
Қасиеті металл
Валенттілігі 1
Оқушының іс-әрекеті
Мағынаны тану Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау
Қызығушылықты ояту Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтық жұмыс
(10 мин) «Менің мекен жайым қандай?» Постер қорғау;
«Қара жәшікте» жасырын жатқан элементті табу, оған екі топ жалпы сипатта береді
І топ
Таңбасы Периоды Тобы Топшасы Қатары Атомдық массасы Протоны Нейтроны Ядро заряды Электроны Валенттілігі Қасиеті Оксиді Гидорксиді Сутек қосылысы ІІ топ
Табиғатта кездесуі Адам ағзасындағы маңызы Қолданылуы Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру
Постерлерін қорғау
Оқулықпен жұмыс, интернет ресурсын қолдану (гаджет)
Жұптық жұмыс
(8 мин)
Сергіту сәті
(2 мин) «Ойлы болсаң, озып көр» Есептер шығару
(ҰБТ есептері)
3067 нұсқа-2015(5)
10 моль күкірттің массасын табыңыздар.
3071 нұсқа-2015(10)
23,0 г натрийдің зат мөлшерін тап.
3145 нұсқа-2015(12)
Судың құрамындағы сутегінің массалық үлесі.
3107 нұсқа-2015(14)
3 моль натрий хлоридін Н2SO4 артық мөлшерімен қыздырғанда түзілетін хлорсутектің көлемі(қ.ж)
«4 сурет – 1 жауап» таңымдық ойыны
Берілген суреттер бойынша оқушылар жасырын сөзді табады. Топтарға 2 есептен беріп, жеке және жұптық жұмыстар жүргізіледі, жұмыс дәптерлеріне түсіру.
Берілген тапсырманы топпен орындайды.
IV.Қорытындылау (5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті
«Д.И.Менделеевтің өмірі мен шығармашылығы» атты тақырыпта презентация қорғау
(алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушылар өздері жинап келген мәліметтерді таныстырады.)
Дарынды балалармен жұмыс Оқушының іс-әрекеті
«Көрермендер көрімдігі» шығармашылық топ Презентация қорғау
V. Үйге тапсырма беру (1 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті
59 параграф, 161 беттегі №6,7 есепті шығарып келу. Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VI. Бағалау
(3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті
Сабақ бойы жұмыстану бойынша оқушыларды формативті бағалаймын. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағы арқылы бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Үй тапсырмасы бойынша:
«Сандар сөлейді» - 5 ұпай
«Терминалогиялық қобдиша» - 5 ұпай
«Жасырын элементтер» - 5 ұпай
«Менің мекен жайым қандай?» Постер қорғау – 5 ұпай
«Ойлы болсаң, озып көр» Есептер шығару – 10 ұпай (2 есеп түгел, қатесіз шығарылса)
«Көрермендер көрімдігі» шығармашылық топ – 5 ұпай
Сергіту сәті «4 сурет – 1 сөз» таңымдық ойыны – 5 ұпай
Бағалау бағамы:
«5» - 30-40 ұпай
«4» - 25-20 ұпай
«3» - 15-10 ұпай
«2» - 5-0 ұпай
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, әр көсбасшы параққа оқушылардың балдарын қойып есептейді. Топ басшылары бағалау парағындағы қойған бағалары жөнінде таныстырады.
Формативті бағалау Өзін өзі бағалау
VII. Рефлексия
(2 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті
«3:2:1» әдісі
Сабақта есінде қалған үш негізгі ұғым;
Сабақтағы сен үшін қызықты екі жағдай;
Жаңа сабақ бойынша бір сұрақ. Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар сабақта алған білім деңгейлеріне қарай сұрақтарға жауап береді
Тексерілді, ОІМ: Г.Жетпісбаева
Қосымша-1
Бағалау парағы
Бағалау критерийлері:
Үй тапсырмасы бойынша:
«Сандар сөлейді» - 5 ұпай
«Терминалогиялық қобдиша» - 5 ұпай
«Жасырын элементтер» - 5 ұпай
«Менің мекен жайым қандай?» Постер қорғау – 5 ұпай
«Ойлы болсаң, озып көр» Есептер шығару – 10 ұпай (2 есеп түгел, қатесіз шығарылса)
«Көрермендер көрімдігі» шығармашылық топ – 5 ұпай
Сергіту сәті «4 сурет – 1 сөз» таңымдық ойыны – 5 ұпай
Бағалау бағамы:
«5» - 30-40 ұпай
«4» - 25-20 ұпай
«3» - 15-10 ұпай
«2» - 5-0 ұпай
№ Бағалау критерийі Үй тапсырмасы «Менің мекен жайым қандай?» постер «Ойлы болсаң, озып көр»
Есептер шығару
(2 есеп) «Көрермендер көрімдігі»
презентация «4 сурет- 1 сөз» таңымдық ойын Жалпы ұпай Баға
Оқушының аты-жөні «Сандар
сөйлейді» «терминдер» «жасырын элемент» 1 Әуелбек Б. 2 Бондарева А. 3 Қайырбек Ж. 4 Нұрмат С. 5 Сыздыков А. 6 Шариполлинова М. 7 Шиганов Б.