Урок Химикалы? элементтер, оларды? периодты? ж?йедегі орны 10 класс


Химикалық элементтер, олардың периодтық жүйедегі орны.
Сыныбы – 10             
Тақырыбы: §1.1  Химикалық элементтер, олардың периодтық жүйедегі орны.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту.
Дамытушылық: Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.
Тәрбиелік: Химиялық сауаттылыққа үйрету.
Құрал – жабдықтар: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы жасалған кесте. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.
Тірек білім мен біліктер: Атомның құрылысы туралы және периодтық жүйені оқыту барысында алған білімдері.
Сабақ барысы:  Ұйымдастыру:
Оқушылардың білімін тексеру. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
* Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан?
* Периодтық жүйе қалай құрылған?
* Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
* 4-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар.
* Периодтық жүйеде неше топ бар?
* Топтар қалай бөлінеді?
* Атомның ядро зарядына байланысты  топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
* І топтағы ең белсенді металды және VII топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар?
Жаңа тақырып бойынша түсіндіру: Оқушылар назарын химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына аударамыз.  Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына қарап элемент туралы көп мәлімет алуға болады. Барий элементін мысалға алып, периодтық жүйедегі орнына сай оған сипаттама беру. Жоспар бойынша. Барий тұздарының формуласын құрастырамыз, олардың судағы ерігіштігіне назар аударамыз. Периодтық жүйе дегі орнына сай элемент туралы қанша көп нәрсе айтуға болатындығын атап өтеміз. Осы тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту үшін,кез келген элементке сипаттама берудің үлгі жоспарын ұсынамыз:
* Элементтің периодты жүйедегі орны.
а) реттік нөмірі;
ә) периоды, қатары;
б) тобы, топшасы;
в) атомдық массасы;
 
* Элементтің атомдық құрылысы.
а) атом ядросының заряды;
ә) атом құрамының формуласы (р,п,е сандары);
б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е);
в) электрондық формуласы(1s2,2s….);
г) кванттық ұяшықтар;
д) сыртқы қабаттағы электрон саны=>металл немесе бейметалл;
 
* Элементтің жоғары валенттілік көрсететін қосылыстарының формуласы.
а) оксидтері;
ә) гидроксидтері;б) ұшқыш сутекті қосылыстары;
 
* Химиялық қасиеті.
а) оксидінің (негіздік,екідайлы, қышқылдық);
ә) гидроксидтері (негіз, екідайлы,қышқыл); 
* Элементті көрші элементпен салыстыру.
а) период бойынша;
ә) топ бойынша;  (металды бейметалмен салыстыруға болмайды).
 
загрузка...
Оқушылардың білімін бекіту. Оқушыларға төмендегі кестенің оң жағын толтырту арқылы бүгінгі өтілген сабақты қорытындылаймыз.
Периодтық жүйенің атом құрылысы теориясымен байланысыТүсініктер мен заңдылықты атом құрылысы теориясы  тұрғысынан түсіндіруМысалдар1 Элементтің реттік нөмірі және ядро заряды атомдағы электрон санына сәйкес келеді.
 
 
2. Период нөмірі берілген элемент атомының энергиялық деңгейінің санына сәйкес, яғни атомдағы энергия қабатының мөлшері сан жағынан элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.
 
3. Элементтердің химиялық қасиетінің периодты өзгеруі электрондардың энергиялық деңгейде периодты орнала суына байланысты. Элемент атомының ядро зарядының өсуіне байланысты бірдей валентті электрон бар эле менттер периодты түрде қайталанады.
 
4.Элементтердің жоғары оксидтерінде валенттіктерінің   өсуі сутекті қосылыстарында кемуі (периодта солдан оңға қарай) ішкі энергиялық қабатта электрон санының өсуімен түсіндіріледі.
 
5. Периодта солдан оңға қарай  ядро заряды біртіндеп өседі, ядро мен валенттілік электрондардың ара қашықтығы кемиді. Осыған орай электрондарды беріп жіберу қиындап, металдық қасиет әлсіреп бейметалдық қасиет күшейеді.
 
6. Элементтің жоғары оксидтегі валенттілігі сыртқы электрон қабатындағы электрон санына, топ нөміріне сәйкес болады. Ал сутекті қосылысында валенттілігі сыртқы электрон қабатын аяқтауа жетіспейтін элек трон санымен анықталады.
 
7. Негізгі топтың элементтерінде атомдық массаның өсуіне қарай (жоғарыдан төмен қарай) валенттілік электрон мен ядроның ара қашықтығы ұлғаяды, сондықтан элементтің электрон беру қабілеті мен металдық қасиеті артады. Негізгі топ элементтерінің сыртқы электрон қабатындағы электрон саны топтың нөміріне сәйкес келеді.    Натрий элементінің реттік нөмірі–11. Атомның ядро заряды– +11, оның айналасында теріс зарядты 11 элетрон орналасады.
 
Кальций элементі 4-ші периодта орналасқан. Оның атомында электрондар 4-ші энергиялық деңгейде орналасқан.
 
 
Азоттан фосфорға, одан мышьякқа қарай қасиеттердің периодты қайталануы, осы элементтердің сыртқы энергиялық деңгейінде 5 электроннан орналасуымен, яни сыртқы энергиялық деңгейде электрон санының қайта лануымен түсіндіріледі.
 
Кремний элементінен (ішкі қабатта 4 электрон) фосфор элементіне қарай (ішкі қабатта 5 электрон) жоғары оксидтерінде валенттілік 4–тен 5–ке дейін, сутекті қосылыстарында 4-тен 3-ке дейін кемиді.
 
ІІІ периодта натрийден (Na →СІ)  хлорға қарай металдық қасиет азайып бейметалдық қасиет басым болады. Мұндай заңдылық барлық периодта сақталады.
 
 
 
Хлор элементі VII–топта, сыртқы электрон қабатында 7 электрон орналасқан. Осыған орай хлордың жоғары оксидінде валенттілік VII, ал сутекті  қосылысында–1.
 
 
 
4–ші топтың негізгі топшасындағы көміртегі элементті бейметалл, ал ең төменгі қорғасын — металл.
Үйге тапсырма:  §1.1   7,8-жаттығулар.
 Бағалау.