Азот. Азотты? периодты? ж?йедегі орны ж?не ?асиеттері (10 сынып)


Сабақ: Күні: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
1)білімділік .Азот атомының сипаттамасын Д И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру .Оның кристалдық торы мен қасиеттері арасындағы өзара байланысты түсіндіру.
2)Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің шыңдалуына мүмкіндік беру және оны дамыту
3) Тәрбиелік.Балаларды бірлікке, жолдастыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар: Интерактивті тақта,тестировщик, электронды оқулық ,планшет
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: тест орындау,
Сабақтың барысы:
І.ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлығын тексеру, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау .
ІІІ.Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру
Тренинг :»Сенесің бе, сенбейсің бе?»
Мақсаты:Балаларды тез ойлау, нақты дұрыс жауап беруге тәрбиелеу
(Оқушылар күкірт және күкірт қосылыстары тақырыптары бойынша берілген сұрақтарға тек»иә»немесе «жоқ»деген жауаптарын береді)
1)Сенесің бе сенбейсің бе ,табиғатта бейметалдар саны металдарға қарағанда көп емес »иә»
2)сенесің бе сенбейсің бе VIА тобының элементтері халькогендер деп аталады «иә»
3) сенесің бе сенбейсің бе күкірті бар кен орындары Қазақстанда жоқ «жоқ»
4) сенесің бе сенбейсің бе күкірт суда жақсы еритін сары түсті кристалды зат «жоқ»
5) сенесің бе сенбейсің бе күкірт тек тотықтырғыш қасиет көрсетеді «жоқ»
6) сенесің бе сенбейсің бе күкіртсутек улы зат, онымен тыныс алса адам тұншығады «иә»
7) сенесің бе сенбейсің бе табиғатта күкіртсутек мұнай, жанартау газдары құрамында болады. «иә»
8)сенесің бе сенбейсің бе күкірт 4 түрлі оксид түзеді «жоқ»
9) сенесің бе сенбейсің бе күкірт қышқылы үш негізді қышқыл «жоқ»
10) сенесің бе сенбейсің бе күкірт қышқылымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауымыз керек «иә»
IV.Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен ,мақсатымен таныстыру
V.Жаңа сабақ өту.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде азот ІІ периодта, кіші периодта , 2-қатарда,5-топтың негізгі топшасында орналасқан.
Атом құрылысы және ашылу тарихы
( Интерактивті тақтаның көмегімен виртуалды зертханадан атом құрылысы түсіндіріледі)
Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде бес электрон бар. Азот атомында электрондардың орналасуы:
N +7 2е) 5е) электрондық формуласы:1s22s22p3
Графиктік формуласы: 1s 2s 2p
Азот атомы жетпей тұрған үш электронды қосып алып,-3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары тотығу дәрежесі+5
Бос күйінде азот екі атомнан тұратын жай зат түзеді, оның молекуласының құрылымы
N N немесе N≡N
Азот молекуласы 3р электронның қаптасуы арқылы түзіледі; сонымен қатар бір δ ,екі пи байланыс пайда болады,яғни азот ковалентті, полюссіз байланыс түзеді. Сондықтан азот молекуласы өте берік. Кәдімгі жағдайда азоттың белсенділігі төмен. Азотты ең алғаш ағылшын химигі Д Резерфорд сипаттаған.1772 жыл азоттың ресми ашылған жылы болып есептеледі.
(ашылу тарихы туралы оқушылардың шығармашылығы тыңдалынады)
Табиғатта кездесуі және биологиялық маңызы
1.Азот атмосфераның негізгі құрам бөлігі: оның массалық үлесі 78,2%
2.Органикалық қосылыс түрінде барлық тірі ағза құрамында болады,мысалы нәруызды заттар құрамында және зат алмасу өнімі- карбамид пен зәр қышқылында бар.
3. Бейорганикалық тұздар күйінде Na NO3 KNO3
(биологиялық маңызы флипчарт арқылы Актив студио бағдарламасы бойынша,ондағы суреттер арқылы түсіндіріледі.)
Азот тіршілік үшін өте маңызды элемент. Ол нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болып табылады. Барлық тірі ағзалар азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер азотты топырақтан тек нитрат және аммоний тұздары түрінде алады.Жануарлар ағзасында азот 1-10% ;мал мүйізінде 15%, жануарлар жүнінде-15%, адам ағзасында-3% болады.
Физикалық қасиеттері
( Активстудио бағдарламасы арқылы, флипчарт арқылы түсіндіріледі)
Азот- иіссіз, түссіз, дәмсіз, ауадан жеңіл газ. Суда ерігіштігі оттекке қарағанда төмен:200С-та 1л суда 15,4мл азот ериді. 1л азот газының массасы 1,25г.Азот-1960С-тасұйылады, -2100С-та қар тектес массаға айналып қатады.
Химиялық қасиеттері(электрондық оқулықтан)
1. Кәдімгі температурада тек қана литиймен әрекеттеседі:
6Li+N2→2Li3N
2. Жоғары температурада және катализатор қатысында көптеген реакцияға қатысады:
А) оттегімен: N2 +O2→2NO -289 кДж тотықсыздандырғыш қасиет
Б) сутегімен: N2+H2→2NH3 +92 тотықтырғыш қасиет
В) металдармен: 3Mg+N2→Mg3N2 тотықтырғыш қасиет көрсетеді
Алынуы(флипчарт арқылы түсіндіру)
Зертханада:
1.Аммоний нитритін айыру арқылы(бірақ бұл реакция қопарылыс бере жүреді) NH4NO2↔N2+2H2O
2.Аммиакты ұнтақталған және қыздарған мыс оксидінен өткізу
2NH3+3CuO→N2+3H2O+3Cu
3. Аммоний дихроматын айыру( NH 4 )2 Cr 2O 7→N2+Cr2O3+4H2O
Өндірісте:
Азотты сұйық ауадан алады. Ауаны қатты қысып,-2000С-та азот сұйық күйге ауысады. Азотты бөліп алу үшін ауаны қыздырады. -1960С азот қайнап бөлініп шығады
Қолданылуы
(интерактивті тақта көмегімен флипчарт арқылы түсіндіру)
1.Аммиак , азот қышқылын алуда
2. Электр шамында, термометрде инертті орта жасау үшін
3. Тыңайтқыш өндірісінде
4. Қопарылғыш заттар алу үшін
5. Беріктігін арттыру үшін болат өнімдерінің қабатын қанықтыруда
6. Салқындатқыш жүйелерде
VI-VII.Жаңа сабақты бекіту( Интерактивті тақтаның көмегімен химиялық диктант қолданылады, арнайы активстудионың шторы арқылы тапсырманың дұрыс жауабы қараңғыланып жабулы тұрады да, балалар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемді оқиды және әрбір дұрыс жауаптан кейін штор ашылады, балалар жауаптарының дұрыс-бұрыстығына көздері жетеді)
А) Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейінде........ электрон бар.
Б) Азоттың ең жоғарғы тотығу дәрежесі......
С) Азоттың электрондық формуласы.........
Д) Азоттың ресми ашылған жылы...........
Г)Ауадағы азоттың көлемдік үлесі.........
Ж) Азот адам ағзасында.....%
Е)Азот....., ......, ....... газ
Л) Бөлме температурасында тек ....... әрекеттеседі
М) Азот......және........ қасиет көрсете алады.
К) Адам азотты...... арқылы алады..
Сабақты бекітуге одан әрі есептер шығару
№1 Азоттың ауа бойынша тығыздығын тап
№2 Көлемі 112л сутек газы(қ.ж) қанша көлем азотпен әрекеттеседі
VIII.Үйге тапсырма беру § № есепті шығару
ІХ. Қорытындылау, бағалау.