Химиялы? элементтерді? тірі ж?не ?лі таби?атта таралуы


Бекітемін
Оқу-ісінің меңгерушісі___________Бағытова Ә.
Күні: 2.12.15Пәні: Химия Сыныбы: 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің тірі жəне өлі табиғатта таралуы, адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтердің байланысын көрсету. Химиялық элементердің тірі организмдер үшін маңызын анықтау.Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау, өздігінен ойлау және ой толғаныс қабілеттерін арттыру. Тәрбиелілік: оқуға деген қызығушылығын, өзін –өзі бағалауға, жауапкершілікке, оқушылармен қарым-қатынас құруға тәрбиелеу .
Саб. әдіс -тәсіл: бүкіл сыныптық, жеке және топтық әдістер,
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы Көрнекілігі: презентация Power Point, зертханалық тәжірибеге құралдар
Сабақ жоспары:
1.Қызығушылықты ояту;
2. Сұрақ-жауап.
3. Тәжірибе
4. Жаңа сабақ
5. Мәтінмен жұмыс, тест, есеп шығару
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты 3 түрлі түстер арқылы топқа бөлу.
І. Қызығушылықты ояту. Қ. Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңінен шапшаңдықпен қандай элементтер айтылғанына жауап береді.Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын, 
Менделеев кестесіне қарап тұрып таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік, Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орнын сұрама сен Айтуға оны ұялам
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан.
Элементтер ішінде де қатты сірә, қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда бар ма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.
(Титан, темір, қорғасын, мыс, күміс, платина, алтын)
ІІ. Сұрақ-жауап.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі қай жылы ашылды? Кім ашты? 
Периодтық жүйеде неше период бар? Период нешеге бөлінеді? 
Периодтық жүйеде неше топ бар? Топ нешеге бөлінеді? 
Период қай металдардан басталады? 
Период қандай элементтермен аяқталады? 
ІІІ. Тәжірибе.
№1 тапсырма
Айнаны қолдарыңа алып үрлеңдер. 
Айнаның бетінде не пайда болды? Қандай элементтер адам организміне кіреді деп ойлайсыңдар?
№2 тапсырмаСтаканда әк суы(Са(ОН)2) берілген. Түтік арқылы үрлеңдер. 
Қандай өзгеріс көресіңдер? Қандай элемент бар екенін білдіреді? 
( көмірқышқыл газының әсерінен су лайланады) 
№3 тапсырма 
Алдарыңда тоттанған шеге және кесілген алма берілген. Екеуінің ұқсастығын тауып, ол нені білдіретінін анықтаңдар. Қандай элемент құрамында бар? 
( темір ауада тоттанады қоңыр түске айналып)
Химиялық элементтердің биологиялық рөлі
Химиялық элемент  Химиялық элемент кездесетін зат  Химиялық элементтердің маңызы 
Көміртек, сутек, оттек, азот  Ақуыздар, көмірсулар, т.б.органикалық заттар  Органикалық заттар түзу үшін қажет 
Кальций  Кальций фосфаты, кальций карбонаты  Қанның ұюы, сүйекте, тіс эмалінде кездеседі 
Калий, натрий  Na+ ағзаның сыртындағы ион K+ағзаның ішіндегі ион Жүйке импульсін реттейді 
Магний  Хлорофилл  Фотосинтез процесінде кездеседі. Ферменттің жұмысын жақсартады. 
Күкірт  Ақуыздар, көмірсулар, т.б.органикалық заттар  Ақуыз құрылысын түзі үшін қажет 
Фосфор  Нуклеин қышқылдары  Нуклеин қышқылдарын түзу үшін керек және сүйекте болады 
Темір  Гемоглобин  Оттек тасымалдайды 
Фтор  Кальций фториді  Сүйекте, тісте болады 
Йод  Тероксин  Қалқанша безде кездеседі 
Хлор  HCl  Асқазан сөлінде болады 
IV. Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтін бойынша кластер қорғайды.
Мәтін №1
Адам ағзасында 1000-1200гр кальций болады, 99% сүйекте, тісте, 1% жасушада, қан құрамында маңызды рөл атқарады. Магний күніне адамға 400 мг қажет. Магний жетіспесе адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды, қан қысымын реттеп отырады. Барий - бұл да осы топ элементі. Бірақ, ағзаға қауіпті, тұздары улы. Бауыр, сүйек, қан тамырларына зиянды.
Мәтін №2
Мырыш ІІ топтың қосымша топшасында орналасқан. Ол ферментпен гормондардың түзілуіне қажет элемент. Кадмий биологиялық рөлі теріс элемент. Ол қоқысты және пластмассадан жасалған заттарды жаққанда түзіледі. Темекінің 1 данасын тартқанда 1-2 микрограмм кадмий өкпеге барады. Сынап көп мөлшерде өте зиянды, жүрек жұмысын нашарлатады.
Мәтін №3
Бор ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан ағзаға қажет элемент. Өсімдіктердің өсуіне, тыныс алу процесіне, зат алмасуға оң әсер етеді. Талий күшті улы зат. 1995 жылы Пекин университетінің студенті аяқ астынан ауырып, шаштары түсе бастаған. Ауруханада тексерістен өткен кезде талий элементінен уланғанын анықтаған.
Сергіту сәті.
V. Тест
1) Натрий атомының қанша энергетикалық деңгейі бар?
А. 2 В. 4 С. 3 Д. 1 Е. 5
2) Азот атомының сыртқы энергетикалық деңгейін толтыру үшін қанша электрон қерек?
А. 2 В. 4 С. 3 Д. 1 Е. 5
3) Қатар саны 16 және атомдық салмағы 32 болатын элемент атомында нейтрон саны қанша?
А. 8 В. 4 С. 12 Д. 16 Е. 32
4) Элементтердің периодты өзгеруіне не себеп болады?
А. Атом ядросындағы оң зарядтардың көбеюі.
В. Бастапқы электрондық құрылымының периодты қайталануы.
С. Атом радиусының азаюы.
Д. Электрон санының артуы.
Е. Энергетикалық қабатының біркелкілігі.
5) 20 нейтрон және 19 электроны бар элементтің атомдық салмағы қанша?
А. 20 В. 19 С. 26 Д. 40 Е. 39
Дұрыс жауаптар:
1) С. 2) С. 3) Д. 4) В. 5) Е.
VI. Есеп шығару.
І топ.
Массасы 8 г кальций оттекпен әрекеттескенде түзілетін кальций оксидінің массасын есептеңдер
ІІ топ.
Массасы 48 гр магний оттекпен әрекеттескенде түзілетін магний оксидінің массасын есептеңдер
ІІІ топ.Зат мөлшері 2 моль кальций оттекпен әрекеттескенде түзілген кальций оксидінің (CaO) массасын есептеңдер. 
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Бір химиялық элемент туралы мәлімет дайындау 
Химиялық элементтерге сөзжұмбақ, ребус, нақыл сөздер құрастыру.
Бағалау парағы№ Оқушының аты-жөні Қызығушылықты ояту Сұрақ-жауап .Мәтінмен жұмыс Тест Есептер шығару Қорытынды баға
1 2 3 4 5 6 7 8