Химиялы? элементтерді? тірі ж?не ?лі таби?атта таралуы. Адам организміндегі химиялы? элементтерді? биологиялы? ролі.


Пән химия сынып 8 сынып Күні 2.12
сабақ №:
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық ролі.
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: оқушылардың Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң бойынша алған білімдерінің деңгейін көтеру және шыңдай түсу.
дамытушылық: логикалық қабілет дамыту, ой-өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу. Өзін-өзі бақылау мен талдауды іске асыру.
тәрбиелік: дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың химияға танымдық қызығушылығын қалыптастыру, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі, интербелсенді тақта, слайдтар, бейнекөрініс, тесттер.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясының қадамдары.
Пәнаралық байланыс: Физика, математика, биология, тарих.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Бөлінген уақыт Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың
іс - әрекеттері
І. Амандасу, қызығушылықтарын ояту Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, ынта назарларын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын және жоспарын хабарлау. Оқушыларың сәлемдесу. Топ басшысының топтың сабаққа қатысуы туралы ақпарат беруі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар беру: 1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі қай жылы ашылды? Кім ашты?2. Периодтық жүйеде неше период бар? Период нешеге бөлінеді?3. Периодтық жүйеде неше топ бар? Топ нешеге бөлінеді?4. Период қай металдардан басталады?5. Период қандай элементтермен аяқталады?6. Жаттығу жұмысы. 3 химиялық элементке сипаттамаIII. Жаңа тақырыпты түсіндіру Химиялық элемент Химиялық элемент кездесетін зат Химиялық элементтердің маңызыКөміртек, сутек, оттек, азот Ақуыздар, көмірсулар, т.б.органикалық заттар Органикалық заттар түзу үшін қажетКальций Кальций фосфаты, кальций карбонаты Қанның ұюы, сүйекте, тіс эмалінде кездеседіКалий, натрий Na+ ағзаның сыртындағы ион K+ағзаның ішіндегі ион Жүйке импульсін реттейдіМагний Хлорофилл Фотосинтез процесінде кездеседі. Ферменттің жұмысын жақсартады.Күкірт Ақуыздар, көмірсулар, т.б.органикалық заттар Ақуыз құрылысын түзі үшін қажетФосфор Нуклеин қышқылдары Нуклеин қышқылдарын түзу үшін керек және сүйекте боладыТемір Гемоглобин Оттек тасымалдайдыФтор Кальций фториді Сүйекте, тісте боладыЙод Тероксин Қалқанша безде кездеседіХлор HCl Асқазан сөлінде боладыIV. Мәтінмен жұмысМәтін №1Адам ағзасында 1000-1200гр кальций болады, 99% сүйекте, тісте, 1% жасушада, қан құрамында маңызды рөл атқарады. Магний күніне адамға 400 мг қажет. Магний жетіспесе адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды, қан қысымын реттеп отырады. Барий - бұл да осы топ элементі. Бірақ, ағзаға қауіпті, тұздары улы. Бауыр, сүйек, қан тамырларына зиянды.Мәтін №2Мырыш ІІ топтың қосымша топшасында орналасқан. Ол ферментпен гормондардың түзілуіне қажет элемент. Кадмий биологиялық рөлі теріс элемент. Ол қоқысты және пластмассадан жасалған заттарды жаққанда түзіледі. Темекінің 1 данасын тартқанда 1-2 микрограмм кадмий өкпеге барады. Сынап көп мөлшерде өте зиянды, жүрек жұмысын нашарлатады. Мәтін №3Бор ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан ағзаға қажет элемент. Өсімдіктердің өсуіне, тыныс алу процесіне, зат алмасуға оң әсер етеді. Талий күшті улы зат. 1995 жылы Пекин университетінің студенті аяқ астынан ауырып, шаштары түсе бастаған. Ауруханада тексерістен өткен кезде талий элементінен уланғанын анықтаған.Мәтін №4IV топ элемент көміртек – өмір негізі, ал қорғасын және оның қосылыстары улы, рак ауруын тудырады. Ертеде Рим әскери қолбасшының ұрпағы біртіндеп құрып кеткен. Себебі, үйдегі ыдыстармен су құбыры қоғасыннан жасалған. Аз мөлшерде үнемі сумен адам ағзасына жиналып, жүйке жүйесін улаған.Мәтін №5V топ элементі азот пен фосфор тірі ағзада кездеседі. Оларға ұқсас мышьяк тері рагын тудырады. Көмірдің күлінде, мыс өндіретін зауыт қалдықтарында кездеседі.
V. Сергіту сәті. Қол саусақтарына арналған жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
VI. Бекіту.
Есеп.
Карточкамен жұмыс Есеп: Массасы 100 гр натрий оксидін алу үшін қанша грамм оттегі жұмсалады?Шығармашылық тапсырма: «Темірдің биологиялық рөлі»
ТЕСТ
Натрий атомының қанша энергетикалық деңгейі бар?
А. 2
В. 4
С. 3
Д. 1
Е. 5
2) Азот атомының сыртқы энергетикалық деңгейін толтыру үшін қанша электрон қерек?
А. 2
В. 4
С. 3
Д. 1
Е. 5
3) Қатар саны 16 және атомдық салмағы 32 болатын элемент атомында нейтрон саны қанша?
А. 8
В. 4
С. 12
Д. 16
Е. 32
4) Элементтердің периодты өзгеруіне не себеп болады?
А. Атом ядросындағы оң зарядтардың көбеюі.
В. Бастапқы электрондық құрылымының периодты қайталануы.
С. Атом радиусының азаюы.
Д. Электрон санының артуы.
Е. Энергетикалық қабатының біркелкілігі.
5) 20 нейтрон және 19 электроны бар элементтің атомдық салмағы қанша?
А. 20
В. 19
С. 26
Д. 40
Е. 39
Дұрыс жауаптар:
С.
С.
Д.
В.
Е.
VIІ. Рефлексия
VIII.Оқушыларды бағалау. Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын. Күнделіктеріне баға қойдырады.
ІХ.Үй жұмысы. Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.