Темір ж?не оны? ?осылыстары (ашы? саба?) 9 сынып


Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары Мақсаты: 1. Темірдің периодтық жүйедегі орнын, атом құрлысын, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы түсінік беруБілімділік: 2. Темір және оның қосылыстарының ерекшеліктері мен қолданылатын жерлерін көрсету.Дамытушылық: 3. Темір және қосылыстары туралы білімдерін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту.Тәрбиелілік: а) оқушыларды химия талап ететін ережелерге баули отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға баулуә) Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Темір және оның құймалары, FeCl3, NaOH, H2SO4, HNO3, индикатор HCl, Fe (OH) 2, Fe(OH) 3, т. с. с.Технологиясы: Проблемалық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, дамыта оқыту технологиясы т. с. с.Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі2. ТүгендеуСабақ түрі: Аралас сабақСабақ әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, салыстыру т. с. сТехнология: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, дамыта оқыту, сыни тұрғыданСабақ бөлімдері:1. Ой шақыру2. Ұғыну3. Мағынаны тану4. Білімді тиянақтау5. Топтастыру1. Ой шақыру. (Бұл бөлімде өткен сабақта алған білімдерімізді қайталаймыз, еске түсіреміз, тиянақтаймыз.)Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап болсын.Сұрақтар:1. Алюминийдің атом құрлысы қандай?2. Периодтық жүйеде алюминий қай топта, қай периодта орналасқан?3. Табиғатта қандай күйде кездеседі? Қосылыстарын ата.4. Алюминийдің химиялық қасиеттері қандай?5. Алюминийдің физикалық қасиеттері қандай?6. Алынуы7. ҚолданылуыІІ. Ұғыну бөлімінде жаңа сабаққа байланысты мына кестені пайдалана отырып, дәптерге білемін, білгім келеді бағанасын толтырамыз.3. Жаңа сабақ.Қара жер адамзатқа болған мекен,Қазына іші толған әр түрлі кен,Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,Солардың ең артығы немене екен.(ТЕМІР)Сонымен балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойласыңдар?ТЕМІРХимиялық таңбасы - Fе. Атом құрылысы +26) 2) 8) 14) 2)Электрондық формуласы: 1S2, 2S2, 2P6, 3S2, 3P6, 3d6, 4S2, 4P2Табиғатта таралуы жағынан төртінші орында тұрады. Жер қыртысында массалық үлесі - 5 пайыз.Табиғатта кездесетін минералды қосылыстары: магнетит Ғе3O4, гематит Fe2O3, лимонит Fe2O3 nH2O, пирит FeS2, сидерит ҒеСО3Таза темір күмістей ақ түсті, иілімді металл, тығыздығы - 7, 87г/см3, 15390С балқиды, 32000С қайнайды.Химиялық қасиеттері: Жай заттармен және күрделі заттармен реакцияға түседі.Жай заттармен. 1. Fe + S = FeS2. 2Fe + 3Cl2 = 2FeCl33. 3Fe + 2O2 = Fe3O4Күрделі заттармен: 1. Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu2. Fe + 2HCl = FeCl2 + H23. 2Fe+ 6H2SO4=Fe2(SO4) 3+3SO2+6H2O4. Fe + 4HNO3=Fe(NO3) 3+NO2+2H2O5. 3Fe+4H2O=Fe3O4 + 4H02Темір екі қатар қосылыстар түзеді: FeO, Fe(OH) 2, FeSO4Fe2O3, Fe(OH) 3, Fe2(SO4) 3Темірдің оксидтері де және гидроксидтері де суда ерімейді. Мысалы, темір (ІІ) сульфатының ерітіндісіне сілті ертіндісін құйсақ, ақ түсті тұнба түседі.FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH) 2 + 2Na2SO4Ауада ақ тұнба қоңыр тартады, өйткені Fe2+ ионы Fe3+ не дейін тотығады.4Fe(OH) 2 +O2 + 2H2O = 4Fe(OH) 3Темір (ІІ) гидроксиді қышқылда еріп негіздік қасиет көрсетедіFe(OH) 2 + 2HCl = FeCl2 + 2H2OТемір (ІІІ) гидроксиді де тұзының ерітіндісіне сілтімен әсер ету арқылы аладыFe2(SO4) 3 + NaOH = 2Fe(OH) 3 + 3Na2SO4Темір (ІІІ) гидроксиді қышқылда ериді, негіздік қасиет бередіFe(OH) 2 + 3HCl = FeCl3 + 3H2OТемір адам қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқан тарихи элемент. Ол адамды алғашқы құрал мен қару – жарақтан бастап, бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген жасампаз металл.Темір – тіршіліктің маңызды элементі. Қанның қызыл түсі болуы құрамында темір болады. Ол оттекті тасымалдайды. Адамда 4, 2 г темір болады. Темір – аспан тасы 1749 жылы Енисейден Сібір ұстасы сом темір кесегін тапқан. Ол тұңғыш метеорит деп аталған.Темірдің дәрілік препараттары, изотоптары Fe55, Fe52, Fe59, зерттеу кезінде индикатор ретінде, қан ауруын анықтауға қолданылады.Меккедегі қара тас темірден тұрады. Оның ауада тіреусіз қалқып тұруы – темірдің магниттік қасиетіне негізделген. Таза темірден жасалған 89, 7 пайыз, 415 жылы жасалынған.Темір (ІІ) тұздарының судағы ерітінділерін электролиздеу арқылы алуға болады.Темір металы Қазақстан жерінде ертеде б. з. дейінгі VІІ ғасыр мен 204 жылға дейін өмір сүрген сақтар мен б. з. дейінгі 204 жылдан біздің заманымыздағы 216 жылға дейін өмір сүрген ғұндар пайдаланған.Темір зергерлік және кәсіптік бұйым ретінде кең қолданылады. Темірге алтын, күміс, мыс тәрізді металдарды қосып, алуан түрлі тастармен безендіріп сырға, сақина, білезік, жүзік, ер тұрман т. с. с. жасаған.Темір кені Қарағанды, Шымкент, Павлодар зауыттарында Теміртау Қазақстан Магниткасы, Қашар, Лисаков қаласында өндіріледі.Темір кені – бұл қара металлургияның наны болып табылады.Темір кенінің қоры жағынан Қазақстан әлемде сегізінші, оны өндіруден он бірінші орын алады.Ал ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында тұр.ІҮ. Білімді тиянақтау.Мақсаты: Бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді ортаға салу, білімдерімізді тиянақтау,бұл бөлім деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.І деңгей1. Темірдің химиялық таңбасы2. Мүмкін болатын валенттілігіІІ деңгей1. Темірдің электрондық формуласы2. Темір қосылыстарын жазуІІІ деңгейМына айналымды жүзеге асырыңыз.І. Fе Cl2 FeCl3 NaOH, t0 Fe2O32. Химиялық құрам сөздерӨзім темір, өзім шалбарЕгер теріс қарай оқысаңБолатын бірі – қазба байлықтыңАйтшы мен сонда кіммін? (сым, мыс)Ү. Деңгей (оқулықтан)9 сан есептері1. Темір (ІІІ) сульфатының 12 грамына натрий гидроксидінің артық мөлшерімен әсер еткенде алынған тұнбаны қыздырып, толық айырғанда түзілетін оксидтің массасын табыңдар?2. Есептер мен жаттығулар жинағынан:6, 5грам мырыш неше грамм қышқылмен әрекеттеседі?ҮІ. ТоптастыруБұл бөлімде сабақты бекіту сұрақтары қойылады.1. Периодтық жүйеде темір нешінші топта, периодта орналасқан?2. Атом құрлысы қандай?3. Жер қыртысындағы массалық үлесі қандай?4. Темірдің физикалық қасиеттері қандай?5. Темірдің минералдық қосылыстарын кесте арқылы орындау.6. Темірдің қолданылуын ата.Бағалау.Үйге тапсырма:§351 деңгей 1 жаттығу 2 деңгей 4 - 843 деңгей 7 - есеп 4 - 101 4 деңгей 8 - есеп 4 - 102