Презентация по химий на тему Алюминий ж?не оны? ма?ызды ?осылыстары. (10 класс)


САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:Алюминий және оның қосылыстары
style.rotation
style.rotationppt_wppt_y Меңгерсең тілін химияның,өзіңдағы білерсің,Ізденсең талмай зерделеп,Ғалым болып жүрерсің. Сабақтың тақырыбы:Алюминий және оның маңызды қосылыстары.Сабақтың мақсатыБілімділік:Периодтық жүйедегі орны және атом кұрылысы табиғатта таралуы, алынуы физикалық, химиялық қасиеттерінің қолданылуы туралы түсінік беру.Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өз пікірін қалыптастыру, есеп шығару дағдыларын, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке ,шапшаңдыққа ,уақытты үнемдеуге ,өзара еңбектерін бағалай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгертуСабақтың түрі:Жеке,Топтық жұмысСабақта қолданылатын әдістер: Сөздік әдіс,түсіндіру, іздену, сұрақ-жауап, есептер шығару.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, бейне тәжірибе, слаид, кестелер, зертханалық тәжірибе.Пән аралық байланыс: математиматика, география, тарих,әдебиет.I Ұйымдастыру кезеңі.1.Окушыларды тексеру2.Оқушыларды топқа бөлу (I, II, III,) I «Темір» тобыII « Хром» тобыIII «Алюминий» тобы II Үй тапсырмасын сұрау«Түйсікті ояту» I «Темір» тобы.А) Хром кен орны еліміздің қай обылысында, Жер қыртысында қандай минералдар түзеді?Ә) Темірдің өнеркәсіпте алынуы жолдары.   II «Хром тобы» А) Темір жер қыртысында қандай минералдар түзеді?Ә) Мысты өнеркәсіпте алу жолдары.III Алюминий тобы. А) Мыс жер қыртысында қандай минералдар түзеді?Ә) Өнеркәсіпте хромды алу жолдары. II «Ұғыну»1Мына сызбанұсқаны жүзеге асырыңдар.I «Темір» тобы Cuo → Cu → CuСl2 → Cu(OH)2 →CuSo4 II «Хром» тобыCr2 (So4)3→ Cu (OH)3 → Cr2 O3 → Cr →Cr2 S3III «Алюминий» тобы Fe→FeO→Fe Cl2→Fe (OH)2→FeSO4 Сабақтың жоспары:1.Алюминийдің периодтық жүйедегі атом құрылысы. 2. Табиғатта таралу3.Өнеркәсіпте алынуы 4.Физикалық қасиеттері5.Химиялық қасиеттері6.Алюминийдің қолданылуы7.Алюминий құймаларының қолданылуы. “МАҒЫНАНЫ ТАНУ”Алюминий Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы. Al27+130283P = 13e = 13N = 14−Қысқаша электрондық формула:1s21s22s22s22p62p63s23s23p13p1












r Алюминий IIIA топ элементі.Оның электрондық формуласы: Al реттік №13 Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p1 Табиғатта таралуы. Белсенді болғандықтан алюминий табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар құрамындағы алюминий-табиғатта ең көп тараған металл (жер қыртысындағы жалпы мөлшері шамамен 9%). Ол силикаттар құрамына (шпаттар, слюдалар), сондай-ақ далалық шпаттардың табиғи ыдырауы нәтижесінде түзілетін саздың құрамына кіреді. Алюминий қосылыстарының ішіндегі ең маңыздылары: Al2 O3 (корунд, рубин, сапфир,) криолит Na3 AlF6 ,боксит Al2 O3 xH2 O. Алынуы. Алюминий өндірісінде, шикізат ретінде көбінесе бокситтер Al2O3 *xH2O жиі қолданылады. Қақтағанда,олар суын жоғалтып ,алюминий оксидіне айналады. Электролиз кезінде катода алюминий, ал анодта оттек бөлінеді.Электролиз реакциясының жалпы теңдеуі: 2Al2O3 → 4Al+3O2 *Елімізде Павлодар қаласында Торғай кен орнындағы бокситтен электролиздік әдіс арқылы алюминийді алу үшін глинозем өндіретін алюминий зауыты жұмыс істейді. Металл күйіндегі алюминий алынатын электролиз цехтары салынып, 2007жылдан өнім бере бастады. Физикалық қасиеттері. Алюминий күмістей ақ түсті жеңіл металл. Алюминийдің иілгіштік қасиеті жоғары,ол оңай фольга болып жайылады және сым түріне созылады. Алюминий электрөткізгіштігі мен жылуөткізгіштігі жоғары металл. Химиялық қасиеттері. Ауада алюминий оттекпен әрекеттесіп,оны қорғайтын оксидтік қабықша түзеді.Қабықшасы алынған алюминий өте белсенді.Сынаппен алюминий құймасы амальгама түзеді Алюминий ұнтағын қыздырғанда тұтанады және оксидін түзіп, жарық жалынымен жанады: 4Al+3O2=2Al2O3 H= -3350кДж Алюминий мен оттектің байланысы өте жоғары беріктілікпен ерекшеленеді.Сондықтан алюминий көптеген металл оксидтерін (темір,марганец,хром) оттекті тартып алады. Металл оксидтерін алюминиймен тотықсыздандыру үшін алюмотермия деп аталады. Мысалы,егер алюминий ұнтағын темір оксидімен Fe3O4 немесе FeO*Fe2O3 араластырып қоспаны жақса, онда өте қарқынды реакция жүреді: 8Al+3FeO* Fe2O3=4Al2O3+9Fe H=3240кДж Алюминий галогендермен тікелей әрекеттесіп, галогенидтер түзеді: 2Al+3Br2=2AlBr3 Егер қорғағыш қабықшаны химиялық әдіспен аластатса (мысалы,сілті ерітіндісімен),онда металл сумен сутекті бөліп,қарқынды әрекеттеседі: 2Al+6H2O=2Al(OH)3+3H2Сұйылтылған тұз және күкірт қышқылдары оксид қабықшасын бұзып,сутекті ығыстырып, алюминийді оңай ерітеді: 2Al+6HCl=2AlCl3+3H2Екідайлы болғандықтан алюминий сілті ерітінділерімен де оңай әрекеттеседі: 2Al+2NaOH+6H2O=2Na[Al(OH)4]+3H2Сұйылтылған азот қышқылы алюминиймен әректтесіп азот (II) оксидіне дейін тотықсызданады: 2Al+4HNO3=Al(NO3)3+NO +2H2OСуықта концентірлі азот және күкірт қыщқылдарында алюминий қорғағыш қабықша түзілу нәтежесінде енжарланады.Сондықтан азот қышқылын алюминий ыдыстарында сақтайды және тасымалдайды. Алюминий оксиді Al2O3 қиын балқитын, ақ түсті қатты зат. Табиғатта корунд минералы түрінде кездеседі. Алюминий оксиді суда ерімейді, бірақ қышқылда жақсы ериді;Al2O3 + 6HCl=2AlCl3+3H2OСілті ерітінділерімен гидроксоалюминаттар түзеді:Al2O3+2NaOH+3H2O=2Na[Al(OH)4]ал құрғақ сілтілермен балқытқанда, метаалюминаттар бередіAl2O3+2NaOH=2NaAlO2+H2OАлюминий гидроксидінің Al (OH)3 екі түрлі түрөзгерісі болуы мүмкін:кристалдық немесе аморфтық. Алюминий гидроксидінің Al (OH)3 екі түрлі түрөзгерісі болуы мүмкін:кристалдық немесе аморфтық.Алюминий гидроксдін алюминий тұздары ертінділеріне сілтімен әсер ету арқылы алынады : AlCl3+3NaOH = Al(OH)3 +3NaClЖаңа тұнған Al(OH)3 ақ қоймалжың тұнба, суда мүлдем ерімейді және типтік екідайлы гирдоксид болып табылады: Al(OH)3+3HCl=АlCl3+3H2O Al(OH) 3+NaOH=Na[Al(OH)4]Алюминий тұздары сулы ерітінділерде жоғары дәрежеде гидролизге ұшырайды: AlCl3+HOH → Al(OH)Cl2+HClАлюминийдің әлсіз қышқылдармен түзетін тұздары сулы ертінділерде толық гидролизге ұшырайды: Al2S3+6HOH=2Al(OH)3 +3H2S Қолданылуы.Алюминий техникада және тұрмыста кеңінен қолданады. Жеңіл және бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан,оның авиациялық өнеркәсіпте, автокөлікте ,электротехникада электр сымдарын жасауда маңызы өте зор.Корунд Al2 О3 – зергерлік өнеркәсіпте мойын тіректер мен тіректер, қоспалар әсерінен әртүрлі бағалы тастар (рубин сапфир және аметист) Алюминий хлориді AlCl3 органикалық синтезде өршіткі ретінде.Алюминий сульфаты (Al2(SO4)3) - суды тазарту, қағаз өндіру.Алюминий кристаллогидраты Al2(SO4)3 18H2O –мақта маталарды бояуға . Алюмокали ашудасы KAl(SO4)2 12H2O –тері ,аяқкиім өнеркәсібінде тері илегенде және маталарды бояуда. Қолданылуы
Алюминийден жасалатын тұрмысқа қажетті заттар Алюминий құймаларыАлюминий құймаларыҚолданылуыМагналий (Al+Mn+Mg)Кеме мен зымыран жасау2. Дюралюмин(Al+Mg+Si+Cu)Ұшақ жасау3. Алюминий марганецті қола Al+Cu+MnМашина тетіктерін жасау4. Al+Mg+SiҚұрылысТік ұшақтардың бұрамалары5. Силумин (Al+Si+Na)Машина жасауАлюминий құймалары жемірілуге төзімді келеді. 3 “Миға шабуыл” I “Темір” тобы.Құрамында алюминийдің 9 массалық бөлігі, оттегінің 8 массалық бөлігі кіретін заттың химиялық формуласын табыңдар?II “Хром” тобыМассасы 6г алюминий мен мыстан тұратын қоспаны тұз қышқылы мен өңдегенде нәтижесінде 3,7л сутегі түзілді Қоспадағы алюминийдің массалық үлесін (%) есептеңдер.III “Алюминий” тобыАлюминий мен магнитті теміртас (Ғе3О4) әрекеттескенде 1моль темір алынды.Реакция нәтижесінде алынған алюминий оксидінің массасын есептеңдер. Есептредің шешуі“Темір” тобых:у=9/27 : 8/16= 0,33:0,5x:y=0,33/0,33:0,5/0,33=1:1,5=2:3 Жауабы: Al2O3“Хром” тобы.X г V=3,7л2Al+6HCl=2AlCl3+3H2m=54г V=67,2л2M(Al)=54г/моль x г/54г=3,7л/67,2л m=54г V=22,4 л/моль x=54г*3,7л/67,2л=2,97гV(H2)=22,4л m(Al)=2,97гm(Cu)=6-2,97=3.03W(Al)=−2.976=0.50 немесе 50%W(Cu)=3.036=0.5 немесе 50%III“Алюминий” тобы 8Al+3Fe3O4=4Al2O3+9Fe M= 408г 9моль4M(Al2O3)=408г/моль m=408гV(Fe)=9моль X г/408г=1моль/9моль x=408г/9моль=45,3г  4. “Ойлан тап”Мына сызбанұсқаларды орындаңдарI “Темір” тобыAl→Al(OH)3→AlCl3→Al(OH)3→Na[Al(OH)4]II “Хром тобы”Al→Al2O3→Al2(SO4)3→Al(OH)3→Al2O3III “Алюминий” тобыAL→AlCl3→Al(OH)3→Al(NO3)3→Al(OH)3→Na[Al(OH)4] ОрындалуыI “Темір” тобы1)Al→ Al(OH)3→ AlCl3→ Al(OH)3→ Na[Al(OH)4]2Al+6H2O=2Al(OH)3+3H2Al(OH)3+6HCl=2AlCl3+6H2OAlCl3+3NaOH+Al(OH)3 +3NaClAl(OH)3+NaOH=Na[Al(OH)3] II “Хром” тобы2)Al →Al2O3 →Al2(SO4)3 → Al(OH)3→Al2O34Al+3O2=2Al2O3Al2O3+3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2OAl2(SO4)3+6NaOH=2Al(OH)3 +3Na2SO42Al(OH)3 Al2O3+3H2O III “Алюминий” тобы3)Al→ AlCl3→ Al(OH)3→Al(NO3)3→Al(OH)3→ Na[Al(OH)4]2Al+6HCl=2AlCl3+3H2AlCl3+3NaOH=Al(OH)3 +3NaClAl(OH)3+3HNO3=Al(NO3)3+3H2OAl(NO3)3+3KOH=Al(OH)3 +3KNO3Al(OH)3+Na[Al(OH)4] Қызықты химиялық тәжірибе.І топ. Темір ІІ топ. ХромІІІ топ. «Альюмений» Үй тапсырмасы §7.2 Алюминий және оның қосылыстары. Шығармашылық тапсырма:Зергерлік тастар (рубин,александрит,сапфир) туралы шығу тарихы. РубинЛатын тілінен аударғанда “rubeus” қызыл дегенді білдіреді.Тастың көне орыс атаулары яхонт және карбонкул.Рубин түсі ашық қызғылт түстен қанық күлгін қызылға дейін түрленеді.Рим империясында рубинды алмаздан да қымбат бағалаған.Әртүрлі ғасырларда рубинге Клеопатра мен Мария стюарт та қызыққан.Ертедегі сенімдер бойынша ол “өмір тасы” деп аталған. Себебі бұл тас жын шайтандар мен жұқпалы аурулардан қорғайды деп есептеген. Рубинның ең тылсым қасиеті – ұлы істергебастама жасап, құштарлық тудыруы болып табылады.
style.rotation АлександритБұл тас XIX ғ. Орал кен орындарынан табылған және Ресей императоры Александр ІІ құрметіне аталған. Оның жұмбақ қасиеттері әрдайым адамдарды қызықтырған. Александрит жарықтың түсіне байланысты өзгеріп отырады. Көптеген аңыздардың біріне сенсек күндіз александрит изумруд болса, түнде пурпур аметистке айналған.Бұл ғажайып тас адам тағдырының өзгергіш болатындығының белгісі. Сонымен қатар жүрек жұмысын жақсартып, қан айналым жүйесін ретке келтіретін емдік қасиеті бар.
style.rotation СапфирСапфир – ең құнды асыл тас, адалдық, тазалық, кішіпейілдік белгісі. Ғашықтардың, жас жұбайлардың бойтұмары. Сонымен қатар білімге құштарлық тудырып, зерделік пен ақылдылықты күшейтеді. Жала мен қызғаныштан қорғайтын, татулық пен ынтымаққа шақыратын қасиеті бар. Жүрек, астма және невралгия ауруына шалдыққан адамдарға сол қолына сапфиры бар жүзік немесе білезік тағып жүруге кеңес беріледі.
style.rotation хризобериллрубинсапфиршабазитбирюзакорундаметистбирюза


style.rotation
style.rotation
ЛазуритТурмалинБирюзаХризоберилл
ppt_yppt_yppt_y
style.rotation
Алюминий