Химия п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы: К?міртек ж?не оны? ?осылыстары


Күні: 9А-
9Ә- «Бекітемін» ________
Пәні: Химия
Сабақтың тақырыбы:Көміртек және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері:
1.Білімділік мақсаты:. көміртектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі қасиеттері мен оның аллотропиялық түрөзгерістері жайлы түсінікті одан әрі жалғастырып дамыту. Олардың кристалдық торының түрлерін ажырату. Кристалдық тордың әртүрлілігіне қарай, бейметалдар қасиетіндегі өзара байланысты анықтай білу.
2.Дамытушылық мақсаты:Талдау,салыстыра білу қабілеттерін дамыту,арттыру
3.Тәрбиелік мақсаты:Экологиялық және экономикалық тәрбие бере отырып, белсенділік, іскерлік икем -дағдысын жетілдіру.Оқушыларға қышқылмен жұмыс жасағанда сақ болуға,қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың өту әдісі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, отырыңдар. Кезекші, бүгін сабақта кім жоқ?
1.Дәптермен жұмыс
2.Оқушылардың жұмыс дәптерлерін жинап алып тексеру.
Көміртектің қасиетін мысалға ала отырып, тотығу-тотықсыздану реакцияларын еске түсіру.
Құралдар мен реактивтер: графит, таскөмір, белсендірілген көмір, алмаз бен графиттің кристалдық тор үлгісі, бор, әктас, тұз, күкірт қышқылдары, сынауықтар, тұрғы.
2. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
Сұрақ-жауап: а) минералды тыңайтқыштардың түрлері мен жіктелуін айтып беріңдер; ә) азот және фосфор тыңайтқыштарының формуласын жазып, олардың аталуын айтып беріңдер; б) §22. 7-жаттығуды орындаңдар.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Көміртек –барлық тірі организмнің құрамына кіретін негізгі элемент. Жер бетінде кездесетін элементтер ішінде бос күйінде де, қосылыс түрінде де кездесетінін мұғалім оқушылардың тірек біліміне сүйене отырып баяндайды. Бос күйде көміртек, негізінен, екі түрлі турөзгеріс – алмаз бен графит түзетінін айта келіп, оқулықпен жұмыс істеу қажет. Көміртектің қай түр өзгерісін алсақ та оның дәмі, иісі болмайды. Кәдімгі температурада химиялқ енжар. Мұғалім адсобцияға тәжірибе көрсете отырып, сабақты түсіндіруді жалғастырады.
Әуелі көміртек атомының қосылыста көрсететін тотығу дәрежелеріне тоқталып, кестедегі формулаларды оқушыларға талдатқан жөн.
Көміртектің тотығу дәрежесі Қосылыстарының формулалары
+4
+2
0
-4 CO2 (-CO32- , Na2CO3) CS2, CF4

C (гарфит, алмаз, карбин, фуллерен)
CH4 (BeC, Al4C3, SiC)
Сызбанұсқаға сүйенген оқушылар сабақты тез меңгереді. Бейметалдардың электртерістік қатарын біле отырып, әр оқушыда өз бетінше формула құру дағдысы жоспарлы түрде қалыптасады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында, көміртек және оның қосылыстарының бір-біріне айналу сызбасын беруге болады:
+4 СО2→H2CO2→Na2CO3 Осы айналымды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін қарастырсақ:
↑ ↑+2 CO а) С→СО→СО2
↑ ә) CO2→H2CO2→Na2CO3
C← б) CH4→CO2
0 C
-4 CH4
Оқушылардың бұрын меңгерген тірек білімдеріне сүйене отырып, алдын ала жоспарлы тапсырма берген дұрыс. Мұғалімнің қалауы бойынша көрсетілімдік тәжірибелер жасауға болады.
Өткен сабақты қорытындылау арқылы мұғалім жаңа сабақты түсіндіруге кіріседі. Көміртек металдармен, сутекпен, кремниймен әрекеттескенде тотықтырғыш, ал басқа бейметалдармен, оксидтермен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш екендігіне тоқталады. Бұрын алған білімді дамыта отырып, көміртек жанғанда екі түрлі оксид – көміртек (II) оксиді СО және көміртек (IV) оксиді СО2 түзілетінін еске салады. Әр оксидтің молекула құрамы мен құрылысын нақтылайды. Олардың физикалық қасиеттерін салыстырады. Тірі организмге СО газының физиологиялық әсерін, қауіптілігін, химиялық қасиеттерін түсіндіреді. Лабороторияда СО2 газын алу және оны жинап газды анықтауды көрсетіп, газдың ауадан ауыр немесе жеңіл екеніне оқушылардың көзін жеткізеді. Ол үшін берілген формуланы пайдаланады:

Mr (CO2) 44
Dауа = ; Dауа = = 1,5,
Mr (ауа) 29
ал СО газының ауамен салыстырғанда тығыздығын оқушылар өздері табады.
Көмір қышқылы Н2СО3 екінегізді әлсіз қышқыл екендігін ал оныңтұздары карбонаттар табиғатта кеңінен таралғандығын мұғалім карбонаттар жинақтамасын көрсету арқылы түсіндіреді.
Мүмкіндік болса, корбанаттармен қатар жасыл ұнтақ малахиттің CuCO3(OH)2 айырылу тәжірибесін көрсетуге болады. «Карбонаттар» жинақтамасын пайдаланып, басқа минералдан оны ажырату үшін карбонатқа (CaCO)3 концентрациялы тұз қышқылынтамызу арқылы танып-білуді үйретеді. Егер зертте отырған зат әктас болса, қышқыл тамызғанда «быжылдап» газ бөлінгені байқалады. Оқулықтағы суретті пайдаланып, көміртек диоксиді СО2 және карбонаттардың қолданылуын, көміртектің табиғаттағы айналымын оқушылар өз бетінше оқып-үйренеді.
III. Алған білімді бекіту. Оқулықтың §23. 1-6- жаттығуларын және §24. 2-4-жаттығуларын орындайды. Химия есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен тапсырмалар беруіге болады.
а) Na2CO3→CO2→CaCO3→Ca(HCO3)2→CaCO3→CaO
ә) CuCO3*Cu(OH)2→CuO→Cu

CO2→K2CO3→KHCO3
Үйге тапсырма. §21. 1-9-жаттығулар. §22. 1-6-жаттығуларды және жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындайды.