Саба? жоспары: Химиялы? элементтерді? тірі ж?не ?лі таби?атта таралуы, адам организміндегі химиялы? элементтерді? биологиялы? р?лі (8 сынып)
8 «б» сынып Кабылкайрова Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы, адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі.
Сабақтың мақсаты:
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта кездесуін, олардың биологиялық маңызын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралғандығын біледі,
химиялық элементтердің биологиялық маңызын зерделейді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (2 мин)
ІІІ. Өткен сабаққа қысқаша шолу. «Өткенді ұмыпта, ол –болашақтың ұстазы» (2 мин)
IV. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану: (20-мин.) «Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыстанады. Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат жинап дайындалып келеді.
V. Қызығушылықты ояту.«Ой қозғау» стратегиясы (4 мин) «Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян»
VІ. Теорияны «Қолдану».
( 2-мин) «Білім алар баланың, оқу болар ермегі»
VІІ . «Жинақтау». «Ерінбей талмай төгіп тер, білгеннің үстіне біле бер». (5-мин)
Рефлексия
VIII. Бағалау
IХ. Үйге тапсырма Оқушыларды сабаққа дайындау, бағалау парақшаларын беру.
І топ:
Элемент Салыс-тырмалы
атомдық массасы рет саны периоды тобы ядро заряды атом құрамы Қосылыс-
тарының формуласы
Na 3 40 II 12 12 30p, 35n, 30e RO
ІІ топ:
Элемент Салыс-тырмалы
атомдық массасы рет саны периоды тобы ядро заряды атом құрамы Қосылыс-
тарының формуласы
K 4 64 I 13 13 6p, 6n, 6e RO2
ІІІ топ:
Элемент Салыс-тырмалы
атомдық массасы рет саны периоды тобы ядро заряды атом құрамы Қосылыс-
тарының формуласы
Li 2 14 V 14 14 15p, 16n, 15e R2O5
RH3
ІV топ:
Элемент Салыс-тырмалы
атомдық массасы рет саны периоды тобы ядро заряды атом құрамы Қосылыс-
тарының формуласы
S 3 35,5 VII 26 26 25p, 30n, 25e R2O7
Заттың салыстырмалы молекулалық массасын есепте:
І топ:
А) H2SO4 = 98
B) K2CO3 =138
C) AlPO4 =122
II топ:
HNO3 = 63
Na2SiO3 =122
CaCl2 = 111
III топ:
H2S =34
MgSO3 =104
LiOH =24
IV топ:
H3PO4 =98
Na2S =78
CuSO4 =160
« Мына суреттерді не байланыстырады?» дұрыс жауап – химиялық элементтер барлық тірі ағзалардың құрамында болады.
Тақтаға тақырып жазылады
Мақсатымыз қандай?
Қандай химиялық элементтер тірі және өлі табиғатта кездеседі ,олардың биологиялық маңызын анықтау.
Алдарыңда тоттанған шеге және кесілген алма берілген.
Екеуінің ұқсастығын тауып, ол нені білдіретінін анықтаңдар. Қандай элемент құрамында бар?
( темір ауада тоттанады қоңыр түске айналып)
Сұрақтарға жауап беріңдер
1.Қандай химиялық элементтерді анықтадыңдар?
2.Оларға сипаттама беріңдер (периодтық кестедегі орны:топ№,период №)
3.Бұл элементтер адам ағзасына қалай, не арқылы түседі?
4.Тағы қандай элементтер тірі ағзаларда кездеседі? Олар не үшін қажет? Осы сұрағымыздың жауабы толық болу үшін презентацияны қарайық:
І топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы металдардың биологиялық рөліІІ топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы бей металдардың биологиялық рөлі
ІІІ топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы макроэлементтердің биологиялық рөлі
IV топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы микроэлементтердің биологиялық рөлі
Тақырыпты оқу және дәстүрлі емес есеп шығару.1. Ағайынды бес жігітпіз, бесеуіміз де өте өткір, кез — келген адаммен оңай араласатын ашық – жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді журген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай, онша маңызды жұмыс істемейтін Латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартайдың істемеген жұмысы жоқ; аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін өсірумен айналысамын. Екі інім Рантай мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қып – қызыл жынды, бағына жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. Өздері автоматты сигнал беру жағында істейді. Мен және менің ағайындыларым кім?Жауабы: Литий, Натрий, Калий, Рубидий, Цезий.
Слайдтарды қарап не түсіндің, қандай шешімге келдің?
Жауабын топпен бірігіп қағазға бейнеле.
Есептер шығару.
Бір химиялық элемент туралы мәлімет дайындау
«Адам қалай тамақтанса….. !» деген эссе жазу