Саба? жоспары Солт?стік Американы? ішкі сулары
7 сынып
Сабақтың тақырыбы : Солтүстік Американың ішкі сулары
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Солтүстік Американың ішкі сулары туралы білімдерін қалыптастыру
Сабақтың міндеттері: Солтүстік Американың ішкі сулары өзендері, көлдері туралы білім беру
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға ,аялауға , сүйе білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқулық, карта, қосымша материалдарды пайдаланып өздік жұмыс жасай білуге , ойлау қабілетін дамытуға үйрету
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдістері СТО
Сабақтың барысы:
І-Ұйымдастыру: Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу, топтарға бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (Мыйға шабуыл)
1)Терминдерге сипаттама бер тарнадо,ураган (майя тілінде (дау құдайы))
2)Материкті қанша климаттық белдеулер кесіп өтеді?
3)Солтүстік Американың ең суық жері?(Гренландия –(-700))
4) Солтүстік Американың ең ыстық жері? (+570 Өлім аңғары)
5)Материктегі жауын-шашынның ең көп түсетін жері?(Кордильераның солтүстік батыс жағалауы мұнда 6000 мм-ге түседі)
6) Материктегі жауын-шашынның ең аз түсетін жері?(Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап , 100 мм-ден кем
7)Аса ұзын ,енді тау жүйесі? (Кордильера , ұзындығы-9000км-ге жуық , ені-1600 км-ге тең)
ІІІ.Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту
1.Мен өзім үшбұрыщқа ұқсас жермін
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін
АҚШ бар, Канада бар,Мексика бар
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтан
Виннипег ,Ұлы көлдер , тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай
-Балалар осы өлең жолдарында
Қандай материк туралы айтылған?(Солтүстік Америка)
1.Топтарға тапсырма
І-топ.Солтүстік Америка материгінің өзендері
ІІ-топ.Солтүстік Америка материгінің көлдері
Қорғау 2 топ берілген тапсырмаларын қорғайды .
3 тапсырма «Сәйкестігін тап»
І-топ
Торнадо арал
Гудзон тау
Гренландия құйын
Миссисипи шың
Аппалач шығанақ
Мак-Кинли үлкен өзен
ІІ-топ
Колорадо бұғаз
Лабрадор сарқырама
Онтарио тау
Ниагара түбек
Беринг көл
VI Бекіту:
2.Топтарға тест тапсырмаларын беру. Әр топ бір-бірлерінің тест тапсырмаларын тексереді.
Қорытындылау:
Үйге тапсырма : 32 тапсырма Солтүстік Американың өзен, көлдерін кескін картаға түсіру.
Бағалау: әр топқа жеке тоқталу.