Солт?стік Американы? ішкі сулары та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары
Сынып: 7 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың ішкі сулары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік Американың ішкі сулары, яғни өзендері мен көлдері, олардың қандай алапқа жататыны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сабақта картамен, атласпен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды өзбетімен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылыған арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, Солтүстік Американың картасы.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сипаттау, анықтау, сәйкестендіру, жинақтау.
Ұйымдастыру: топқа бөлу (түспен бөлу)
Топтың аттары:
1-топ: Солтүстік Мұзды мұхит алабы.
2-топ: Тынық мұхит алабы.
3-топ: Атлант мұхит алабы.
Үй жұмысын тексеру кезеңі:
Экспресс сұрақтар.
1-топ: 1. Солтүстік Американың жерінің ауданы?
2.Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесі?
3.Солтүстік Америкадағы ең ұзын тау?
4.Ең үлкен аралы?
5.Ең биік шыңы?
2-топ: 1.Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі?
2.Материктің ең суық жері?
3.Ең ыстық жері?
4.Жауын-шашын ең көп түсетін жер?
5.Ураган деген не?
3-топ: 1.Торнадо деген не?
2.Материктің оңтүстік шеткі нүктесі?
3.Дүниежүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі?
4.Жауын-шашын ең аз түсетін жер?
5.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш?
2.Картамен жұмыс: Номенклатура. Өлім аңғары, Гренландия аралы, Кордильера тауы, Мак-Кинли шыңы, Калифорния шығанағы, шеткі нүктелері.
Жаңа тақырып.
-Балалар, өзен дегеніміз не?
Өзен дегеніміз-табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су.
-Көл дегеніміз не?
Көл дегеніміз-табиғи жолмен пайда болып жер бетінің ойыстарында жиналған су.
Алдарыңдағы топтың аты мен өзендерге қараңдаршы? Оқып беріңдер. Яғни әр топта әр мұхит алап өзендерінің аттары жатыр.Сонымен Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге,тұщы сулы терең көлдерге бай.Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орын алады.Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған.Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған.Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.
Оқулық және атласпен жұмыс.
1 топ тапсырмасы: Атлант мұхит алабына жататын өзендерді сипаттаңыз. Материктің қай бөлігінде Ұлы көлдер орналасқан.
2 топ тапсырмасы: Солтүстік Мұзды мұхиты алабына жататын өзендерді сипаттаңыз.
3 топ тапсырмасы: Тынық мұхит алабына жататын өзендерді атап, сипаттаңыз.
Топтан 1-2 оқушыдан шығып тапсырманы қорғайды.
Кескін картамен жұмыс.
Тест тапсырмасы.
1.Солтүстік Американың ең үлкен өзені:
А)Маккензи б)Миссисипи в)Колумбия
2.Аппалач тауынан шығысқа қарай ағатын өзендер:
А) Суы мол б) суы аз в) суы орташа
3.Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің қоректенуі:
А)жауын-шашынмен б)қар суымен в) жер асты суымен
4.Солтүстік Американың ішкі тұйық алабына жататын өзендер
А)үлкен ауданды алып жатыр б)аз ғана ауданды алып жатыр
5.Солтүстік Америкадағы ең үлкен көл
а)Мичиган б)Жоғарғы көл в)Онтарио
6.Ниагара сарқырамасы мына көлдермен байланысқан?
а) Мичиган-Гурон б)Эри-Онтарио в)Жоғарғы –Гурон
7.Ұлы көл Атлант мұхитымен қай өзен арқылы байланысады?
А)Ұлы Лаврентий б)Миссури в)Макензи
8. Ниагара сарқырамасының аудармасы
а) гүрілдеуік су б)Үлкен өзен в) су атасы
Жауабы: 1б; 2а; 3б; 4б; 5а; 6б; 7а; 8а.
Бағасы: 1-4 «3»
5-7 «4»
8-9 «5»
Ой толғау. Семантикалық карта
№ Колорадо Жоғарғы көл Мичиган Миссури Гурон көлі Онтарио Маккензи Миссисипи
Атлант мұхиты Солтүстік
Мұзды мүхиты Тынық мұхиты Ұлы көлдер Оқушыларды бағалау.
Топ басшысы оқушыларды бағалап, мұғалімге тапсырады.
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Экспресс сұрақтар Карт. жұмыс Топпен жұмыс. Тест Семантикалық карта
1 2 3 4 5 6 7 Үйге тапсырма: §32 оқу.
Солтүстік Американың ішкі суларын кескін картаға түсіру. Қосымша мәліметтерді пайдаланып бір өзенге сипаттама жазу.