Фосфор ж?не оны? ?асиеттері 9 сынып


Сабақтың мақсаты:Оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, кальций және оның қосылыстары туралы білімді меңгеруіне жағдай жасау.Күтілетін нәтижелері: Химиялық элементтердің ПЖ-гі оны бойынша кальцийдің қасиеттерін сипаттай алады;Кальций оксиді мен гидроксидінің қасиеттерін салыстыра алады;Топтық жұмыс арқылы өзін-өзі реттей алады; «Химиялық ой жинау»Металдарға жалпы сипаттама; ПЖО.Жалпы физикалық қасиеттері.Жалпы химиялық қасиеттері.Ме активтік қатарын кім ұсынған?Ме табиғатта қандай түрінде кездеседі? Тестпен жұмыс.1. Берілген элементтердің ішіндегі атомдарының радиусы ең үлкеніA) Sі. B) Na. C) Cs. D) Al. E) Mg.2. Біріншіден соңғысына қарай металдық қасиеттері күшейетін элементтер қатары.A) C, N, B, F. B) Br, Ca, Mg, Be. C) Sі, Na, K, Rb. D) Na, Mg, Al, Sі. E) Al, Sі, P, Mg.3. Химиялық қасиеттері өзара жақын элемент жұптары:A) Lі, Be. B) Be, B. C) Be, Ba. D) Lі, Na. E) Mg, Al. ІІ-нұсқа.1. Be - Mg - Ca қатарында элементтердің металдық қасиеттерінің өзгеруі:A) Кемиді. B) Өседі. C) Басында кеміп, сосын өседі. D) Басында өсіп, сосын кемиді. E) Өзгермейді2. Берілген элементтердің ішіндегі металдық қасиеті басымыA) Cu B) Zn C) Ga D) K E) Ca3. Металдық қасиеттерінің артуымен орналасқан элементтер қатарыA) Al, C, Se B) Cu, S, Na C) Cs, Te, Mg D) As, Br, P E) Na, K, Rb ПЖОКальций I-период, II топтың негізгі топшасының элементі,реттік нөмірі 20, Ar =40 ядросында 20 протонмен 20 нейтроны бар.Кальцийдің электрондық формуласы 1s22s2 2p6 3s23p64s2,валенттілік электрондары 4s2болғандықтан кальций қосылыстарында II валентті. Табиғатта таралуы Табиғи қосылыстары:сульфаттар CaSО4∙ 2Н2О ғаныш, карбонаттар - СаСО3, доломит СаСО3 ∙ 2MgCО3; фосфаттары - фосфорит Са3(РО4)2, апатит Са5(РО4)3ОН, фторапатит Са5(РО4)3Ғ, флюорит СаҒ2. Алынуы, Физикалық қасиеттері Кальцийді кальций хлоридінің балқымасын электролиз- деп алады.Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.Ат. н. 20; ат. м. 40,08; балқу t 842°С; қайнау t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б. Химиялық қасиеттері: Кальций белсенді метал болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.Жай заттармен Са + Н = СаН₂ кальций гидриді Са + Сl₂ = СаСl₂ кальций хлориді 2Са + О₂ = 2СаО кальций оксиді 6Са + 2N₂ = СаN кальций нитриді Ca + 2С =СаС₂ кальций карбиді Күрделі заттармен Ca + 2НОН = Са(ОН)₂ + Н₂ ↑ Ca + 2HCl=СаСl₂ + Н₂ ↑ Кальцийдің қосылыстары Кальций оксиді — ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 C0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:СаСО3 СаО + СО2↑- 180кДжКальций оксиді — нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді: СаО + Н2О = Са(ОН)2 + 70 кДжБұл реакция өте қуатты жүреді, су бұрқылдап "қайнап" жатады, тіпті біразы буланады. Нөтижесінде, сөндірілген әк деп аталатын көпсіген кеуек ақ ұнтақ түзіледі. Әқ суына көмір қышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды:Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3↓ + Н2ОГазды одан өрі жібере берсе, лай көрінбей кетеді, өйткені суда ерімейтін орта тұз ерімтал қышқыл тұзға айналады:СаСО3 + Н2О + СО2 = Са(НСО3)2Қатты күйдегі кальций гидроксидінің Са(ОН), судағы жүзгіні, түсі ақ болғандықтан, техникада әк суті деп аталады. Сөндірілген өк құрылыста кеңінен қолданылады. Топпен жұмыс. 1-топ. Жаңа салынған кірпіш үйлерде сөндірілген ізбес қандай химиялық өзгерістерге ұшырайды? Бұл процесс аяқталғанша үй қабырғалары неліктен дымқыл болады? Жауаптарыңды дәлелдеу үшін тиісті реакция теңдеулерін келтіріңдер. Карточкамен жұмыс. 2-топ. Берген шыны түтікті ғана пайдаланып, мөлдір әкті суды сұйылтылған натрий гидроксиді ерітіндісінен қалай ажыратып білуге болады? Карточкамен жұмыс. 3-топ. Төмендегі схемада көрсетілген процестерді туғызатын реакцияларға мысалдар келтіріңдер:1) Са2+ + СО32- → СаСО32) СаСО3 + ? → Са2+ + ? Карточкамен жұмыс. 4-топ. Суда еріген кальций карбонатының бар екенін химиялық реактивтер қолданбай, қалай білуге болады? Жауабы: Жауабы. Жаңа салынған үйлерде сөндірілген ізбес ауа құрамындағы көмір қышқыл газын сіңіріп карбонатқа айналады, бұл процесс аяқталғанша үй қабырғалары дымқыл болатын себебі, кальций гидроксидінің құрамындағы судан.Са(ОН)2 + СО2 → СаСО3 + Н2О Жауабы: Жауабы: Суды қайнатқанда ыдыс қабырғаларына қақ тұрады. Есептер шығару. 2. Құрамында 92% кальций карбонаты бар 200 г әктасты өртегенде бөлінетін көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемі (л) Шешуі:Са + 2Н2О → Са(ОН)2 + Н2 М(Са) = 40 г/мольМ (Са(ОН)2) = 74 г/моль х г Са(ОН)2 ----- 200 г Са74г Са(ОН)2 ---- 40 г Са m(ертінді) = 1000 г + 200 г = 1200 г Шешуі:СаСО3 →СО2↑ + СаОМ(СаСО3) = 100 г/мольm(СаСО3) = ν · М(СаСО3) = 1 моль · 100 г/моль = 100 гVm = 22,4 л/мольV(CО2) = ν · Vm = 1 моль · 22,4 л/моль = 22,4 лm(СаСО3) = 200 г · 0,92 = 184 г 184 г СаСО3---- х л СO2100 г СаСО3 ---- 22,4 л СO2 Шешуі:Ca + H2 → CaH2CaH2 + 2H2O → Ca(OH)2 + 2H2↑ сумен тез әр-діCa(OH)2 + 2H2СO3 → Ca(HCO3 )2 + 2H2OCa(HCO3 )2 →СaСO3 ↓+ CO2↑ + H2OСaСO3 + 2HCI →СaСI2 + CO2↑ + H2O3 СaСI2 + 2Н3PО4 → Ca3(PО4)2 + 6HCI Үй тапсырмасы.“Ізденген жетер мұратқа.”1 .Кальций және оның қосылыстары тақырыбын оқу, тірек хабарларды пайдалана отырып, реакция теңдеулерін жаза білу2 .Оқулықтағы №6, №7 жаттығу (137 - бет)3 .Ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеу:«Менің өлкемнің байлығы» тақырыбына реферат жазу.