Металдарды? жалпы ?асиеттері. Негізгі ж?не ?осымша топша материалдары. Сілтілік металдар.
Сыныбы – 10 сабақ реті: күні________
Тақырыбы §5.1. §5.2. Металдардың жалпы қасиеттері. Негізгі және қосымша топша материалдары. Сілтілік металдар. уақыты
Білімділік мақсаты:
дамытушылық
тәрбиелік: Металдардың, бейметалдар атомының жалпы қасиеттері, негізгі және қосымша топша металдары туралы білімді жетілдіру;
Металдардың, бейметалдар атомының атом құрылысының айырмашылығын түсіндіре білу, негізгі және қосымша топша металдарының жалпы қасиеттерін түсіндіре білу сілтілік металдар , атом құрылысы,қасиеттері, натрий ,калийдің қосылыстары,гидроксидтер,тұздары туралы білім-білік дағдыларын жетілдіру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
білім-білік дағдыларын жетілдіру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. Сабақ типі: аралас Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі,жаттығулар орындау фронталды әңгімелесу.10ЕТЖ-1 Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ, металл үлгілері, хабарлама, Ұйымдастыру
кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. 1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;
-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;
-кеткен кемшіліктерді жою.
Мына ұғымдарға анықтама беріңдер:жүйе, гомогенді, гетерогенді жүйе, лимитттеуші саты,фаза, , ферменттер, ингибитор, катализатор.
Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
Химиялық реакцияның тепе-теңдігіне қандай факторлар әсер етеді?
Есепті шығарыңдар:
Қысым мен температураны жоңарылатқанда тепе-теңдік қай бағытқа ығысады: СО2 +С==2СО Н=159 кДж?
Электрондық баланс құрыңдар:
2KI + 2FeCl3 ----I2 +2FeCl2 + 2KCl
2I-2е------ I2 тотығады
Fe+1е-----Fe тотықсызданады
2.Фронталды әңгімелесу: (нашар үлгерушілермен жұмыс)
Қандай металдарды білесіңдер?
Олар ХЭПЖ қай бөлігінде орналасқан?
Металдар периодтарда қалай орналасады?
Сілтілік және сілтілік-жер металдар қай период,қай топта орналасқан?
Натрий, кальций атомдарының электрондық формуласын жазыңдар? 5-7
Оқушылар ды білімді , саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері:
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары: Металдардың жалпы қасиеттері.Негізгі және қосымша топша металдары. Сілтілік металдар.
1.Білімді жаңғырту:
1.Фронталды әңгімелесу: (нашар үлгеретін оқушылармен жұмыс.):
Элементтер қалай жіктеледі?
Металдар және бейметалдарды қалай сипаттайды ?
Металдарың қасиеттері неге байланысты? Қандай металдар мен бейметалдарды білесіңдер?
Олар периодтық жүйенің қай бөлігінде орналасқан?
Металдардың физикалық қасиеттерін атаңдар?
Натрий, магний, алюминийдің электрондық формуласын жазыңдар?
Атомдардың электронды беру немесе қосып алу қабілеті неге байланысты
3-4
Жаңа сабақ түсіндіру
Кітаппан өз бетінше жұмыс- параграф 5.1оқу.
1.Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
1-3топтың негізгі топшасында орналасқан металдарды атаңдар.
Натрий, литий, кальций, магний, алюминий атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңдар.
Бұлар қандай элементтерге жатады? (s? p-элементы)
Не себебті металдақ қасиеттері артады? (ядро зарядының өсуімен, иондану энергиясының азаюымен металдық қасиеттері артады)
1,2 топтың негізгі топшасының элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің формуласын құрастырыңдар.
Алюминий элементінің оксиді мен гидроксидінің формулаларын құрастырыңдар.
Оның қасиеттері қандай? Оның қосылыстарының қасиеттері қандай? (амфотерлі)
2. 5.1суретпен жұмыс:
3.Мұғалімнің толықтыруы: Бұл металдардың қосылыситары ерте кезден белгілі болған ,бірақ тек 19 ғасырданеміс химигі Бунзен мен ағылшын химигі Дэви еңбегінің нәтижесінде алынды. Калий және натрий кең тараған (таралуы жөнінен алтыншы және жетінші), литий, рубидий, цезий - сирек кездесетін элементтер, франций – радиоактивті элемент, жер қыртысында кездеспейді. Сілтілік металл атомдарының құрылысы.
--сыртқы электрондық қабатта бір электрон болады;
--реттік нөмірі артқан сайын ядродағы протон саны артады,атомдағы электрон саны артады;
--энергетикалық деңгейдің саны өседі;
--я атомның және ионның радиусы өседі;
-- электртерістілігі кемиді.
Физикалық қасиеттері – кітаппен өз бетінше жұмыс: 6.5 кесте бойынша (152бет)
-барлық сілтілк металдар күмістей ақ түсті,пышақпен оңай кесіледі,оңай балқиды;
- крист.торы: кубтық көлемді центрлі;
--реттік нөмірі өскен сайын тек тығыздығы артады,ал атомдану энергиясы,қаттылығы,қайнау және балқу температуралары төмендейді;
Химиялық қасиеттері:
Ең активті,күшті тотықтырғыш,барлығы дерлік бейметалдармен әрекеттеседі,сумен,қышқылдармен,сұйық сынапта жақсы сақталады, еріп амальгамалар деп аталатын құймалар түзеді,олартаза металдарға қарағанда белсенділігі төмендеу. Калий және натрий қосылыстары:
гидридтер Қатты кристаллдық заттар ,сумен негіздер сияқты әрекеттеседі
натрий пероксиді Калий және натрий ауада жанғанда оттек көп қосылыстар түзеді,кәдімгі оксидтермен салыстырғанда Na2O, K2O. Мысалы:2Na +O2 ---Na2O2 Оттектің тотығу дәрежесі: (-1).
Сілтілік металл оксидтері Ақ түсті зат ,күшті негіздік қасиет көрсетеді
Сілтілік металл гидрооксидтері Типтік негіздер ,ақ түсті,гигроскопиялық суда жақсы ериді
натрий хлориді Химия өнеркәсібінде,тұрмыста
натрий сульфаты Глаубер тұзы медицинада,шыны өнекәсібінде қолданылады.
натрий карбонаты Кальцинирленген сода,сабын қайнатуда,тігін, тері, фармацевтік, өнеркәсібінде, шыны алюминий өнеркәсібінде
натрий гидрокарбонаты Ас немесе ішетін сода, медицинада, кондитер өнеркәсібінде қолданылады
натрий нитраты Селитра, азот тыңайтқышы
калий хлораты Бертоллет тұзы, сіріңке қорабында болады,күшті тотықтырғыш.
калий перманга наты Кез-келген аптечкада болады.аптечке (марганцовка), лабораторияды оттек алу үшін қолданады.
Лабораториялық тәжірибе №7:кесте құру:
Аты формула Сыртқы түрі Табиғатта кездесе ме жоқ химиялық әдіспен алады. Қолданылуы
Натрий, хлорид,і ас тұзы Ақ түсті Табиғатта Химия өнеркәсібінде тұрмыста
Натрий, карбонаты кальцинир ленген сода Ақ түсті Химиялық жолмен Сабын қайнатуда,тігін тері, фармацевтік, өнеркәсібінде, шыны алюминий өнеркәсібінде
Калий пермангана ты Күлгін түсті Химиялық жолмен Медицинада , в лабораторияда оттек алуда
3.Қорытынды жасау.
4. 9-Б-4 көрсету №1 14-15
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын
алғашқы тексеру кезеңі: Білімділік міндеттері:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;
Жаттығуды тексеру.
Сілтілік металдар неге сілтілік деп аталады?
Сілтілік металдар қанша металл және қандай металдар жатады?
Оларды неге керосин астында немесе парафин майында сақтайды? 2-3
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
1. №4 жаттығуды орындау.73 бет.
Бер:М(Э2О)—94г/моль
Т/к Э-?
94 -16=78 78/2=39 Бұл калий.
**Металдар бейметалдардан сырқы түрі ғана емес ,жеке атомдардың және кристалл торларында да айырмашылық бар.
**Металдардың сырқы энергетикалық деңгейінде бірден үшке дейін электрон болады.
**Металдарда металдық байланыс және металдық кристалл торы тән. **Металдар жеңіл балқитын,қиын балқитын,жеңіл,ауыр, қара ,түсті болып бөлінеді.
**Металдардың қазіргі замандағы маңызы зор.
**Тірі және тіршіліксіз табиғат химиялық элемент металдардан тұрады. **Көптеген металл қосылыстары улы.
2.Жаттығуды тексеру
3.Дәптерге жазылғанды қорытындылау. 6-7
Үй тапсырмасын беру кезеңі: Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
2.Дәптерге жазғандарын тексеру .
3. Күнделікке жазғанын тексеру
Параграф 5.1.–5.2 оқу, №5. (96 бет.) 1-2
Сабақ қоры тындысын шығару кезеңі. - жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. 1-2
Рефлексия кезеңі: Білімділік міндеттері:
-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.
-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету. Білгендеріңнің маңызы қандай? 1-2