ДИФФЕРЕНЦИЯЛАП О?ЫТУДЫ? О?У ПРОЦЕСІНДЕГІ М?МКІНДІКТЕРІ


ДИФФЕРЕНЦИЯЛАП ОҚЫТУДЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІ
Аристотель былай деп жазған: «Оқушылар биіктен көріну үшін алдыңғыларға жетіп,соңындағыларды тоспауы керек».
Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі білім алушыға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер–оқытушы мен білім алушыға тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күні оқу орындарының алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді мамандар тәрбиелеп шығару. Сондықтан дифференциациялап оқыту қазіргі кезде өзекті мәселе болып табылады.
Дифференциациялап оқыту -білім алушылардың мүдделерін,бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі,яғни білім беру процесін ұйымдастыру. Дифференциациялап оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді[2].
Дифференциация латын сөзінен аударғанда- айырымдау, бөлшектеу, жіктелу, саралау деген мағынаны білдіреді. Даралаудың ерекшелігімен байланысты студенттің жеке тұлға бейнесін ашудағы студентке өзіндік оқу жолына түсуге мүмкіндік беруге, оның өзіндік қабілеттілік деңгейіне және оқу материалының көлеміне қатысты. Білім беру жүйесіндегі ішкі факторлар ең алдымен әр студенттің мүмкіндік қажеттіліктерінің әртүрлі болуы кәсіптік оқытудың пайда болуына себепкер болды. Дифференциациялау және даралап оқыту жүйесінде туындаған мәселелер уақыт өте жалпылама оқыту жүйесінде туындайды.Иа,бұл оқыту жекелеп,педагогтардың оқыту жүйесін студенттің қызығушылығына оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеру арқылы жасалған.
Білім беруді  дифференциалдау – студенттің  өзіндік білім бағдарламасын құруымен ғана шектелмей, өзіндік жұмысты оқытушымен бірге отырып жүзеге асыратын ерекше процесс. Ал бұл оқыту технологиясы талаптарымен де толық үндеседі, өйткені бұл технологияның мәні - студенттің өзіндік шешімдеріне тәуелді болып келеді[4].
Бұл оқыту технологиясының қарастыратын міндеттері келесілер:
жалпы білім беруді білім алушылардың еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі математиканы тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету,оқушының білім алу әрекетіне деген қызығушылығын арттыру;
білім беру мазмұнын жаңғырту және оның компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру [3].
Дифференциалдық оқытуда топтарға түрлі ерекшеліктерге қарай бөледі:
1.Психологиялық ерекшеліктеріне қарай
2. Оқу үлгерімі бойынша бөлу
3. бағдарына қарай бөлу.
Менің дифференциациямда бағдар бойынша бөлінген, бірақ оқушыларды топтастырғанда оқу үлгеріміне көбірек мән бердім.
Дифференциалды оқыту негізінде мен мемлкеттік стандартқа сәйкес үш топқа бөлді:
базалық
кеңейтілген
тереңдетілген
Сабақтың құрылымында білім оқушыларға дайын күйінде берілмей, проблеманы шешу түрінде беріледі, соның ішінде өздігінен шешуге. Сонда, Білім оқытудың мақсаты емес, проблеманы шешу құралы болу керек. Яғни алатын білімнің проблеманы шешу үшін қажет екендігін оқушы түсіну керек, сонда ғана оның қызығушылығы және белсенділігі артады. Оқушылар топқа бөлініп, проблеманы шешу үшін қажетті ақпаратпен жұмыс жасау керек, іздену керек, топтың ішінде талдап, шешу жолдарын қорытып, анализ жасау керек. Ал мұғалім тек қана керек кезінде барып, көмек беруіне болады.
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі.
Ал Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Олай болса, мұғалімнің міндеті оқушыларды қоғамның қажеттілігін өтей алатын біліммен қаруландыру. Рудик бойынша айтсақ, өмірге қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды, сондықтан қазіргі уақытта бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осыған байланысты біздің ұжымның басты мақсаты-оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Сол мақсатпен мен сабақ құрылымын алдымен үш құзыреттілікке бағыттадым.
1. мәселені шешу – мұғалімнің шеберлігінен көрінеді, себебі, сабақтың құрылымында мақсат нақты қойылса, оған байланысты проблемалық сұрақ тақырыпты ашуға дұрыс бағытталса, мәселені шешу құзыреттілігі де дұрыс қалыптасады.
2. Ақпаратпен жұмыс – тапсырмалардың нақты болуына және топтағы оқушылардың жұмысына байланысты, ол үшін мұғалім тапсырмаларды дұрыс құрастыру қажет, оқушы тапсырманы алғаннан соң, ешбір сұрақ қоймай бірден түсініп, өздігінен орындап берсе, ол дұрыс құрастырылған, ал керісінше оқушы сұрақ қойып, мұғалім тапсырманың орындалуын түсіндіріп берсе, онда тапсырманың құрылымы дұрыс емес. Сондықтан әр тапсырма оқушының деңгейіне сай болуы керек, немесе топтағы оқушылардың деңгейіне сай болуы керек.
3. Коммуникативтік құзыреттілік- бұл да мұғалімнің шеберлігіне және технологияны тиімді пайдалануына байланысты, ең бастысы оқушылардың топта және жұпта жұмыс істеуіне байланысты.
Жоғарыда аталып өткен үш құзыреттілік қалай жүзеге асырылғандығын, мұғалімдердің белсенділіктері қай жерде көрінгендігіне тоқталар болсақ, ол үш деңгейде бағаланды

Оқу нәтижелері:
• Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге үйрету;
• Білім беруде оқушыны дәлелдерге мән беруге ынталандыру, шағын топтарда жұмыс істеу әдістерін тиімді қолдануға;
• Ойлау мен оқыту тәжірибесіне енгізуде, ақпараттар жинауда сын тұрғысынан талдау мен бағалаумен танысады.
Дифференциацияның мәні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.
Енді сабақ барысындағы топтарға тоқталатын болсақ, кеңейтілген, тереңдетілген топтағы оқушылардың білім сапасы жоғары, ал базалық топтағы оқушылардың білім сапасы төмен екендігін көрдік, ол оқушылардың қабілетіне байланысты, десек те біздің мақсатымыз базалық топтағы оқушыларды жоғарғы деңгейдегі оқушылардың қатарына қосу, яғни базалық топ болмауы керек.
Қорытындай келсек, дифференциалдап оқытудың артықшылығы студенттердің білім алуға деген қызығушылығын ояту. Дифференциацияның мәні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.       Ахметжанова Ү. Жаңа педагогикалық технология-оқу үрдісінде // Бастауыш мектеп. - 2009. - №11. -Б. 20-22.
2.       Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар //Қазақстан мектебі 2010. - №4. - Б.5-8.
3.       Оқушыларды дайындаудағы оқытуды жекелендіру және дифференциялау технологиялары [Текст] / С. Қ. Аметова // Шетел тілін оқыту әдістемесі = Методика обучения иностранному языку. - 2011. - № 1 (39). - Б. 54-56.
4.       Бекеева. А. Дамыта оқытутехнологиясын пайдаланудың теориялық негіздері// Бастауыш білім. - 2009. - № 6. - Б. 6-7.
5.       Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру-міндет// Қазақстан мектебі. – 2005. - №9-10. - Б.58-60.