Ж?сіп Баласа??ни ??тты білік дастаны бойынша презентация


Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында көп ғалымдар жұмыс істеді. Мысалы: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, М. Хайдар Дулати, К.Жалаири және басқалар. XIX ғасырда Қазақстанның ғылымында П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н. П. Рычков, П. М. Мелиоранский, В. В. Радлов, В. В. Бартольд, А. А. Диваев, Ч. Уәлиханов үлес енгізді. Қазір Қазақстанда көп ЖОО-лар бар, көп ақылды, білімді, перспективалық жастар бар; және біздің Отанымыздың ғылыми шамасы болашақта тек қана даму болады... Әбу Насыр Әл-Фараби (Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби) (870, Отырар қаласы — 950, Сирия (Шам)) — қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Данышпан Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында ұлы ұстаз дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген. Отырар шаһары - Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр аралығына орналасқан. Отырар сол кездегі үлкен шаһарлардың бірі болды. Бұл жерде көптеген төбелер жатыр. Сол төбелердің барлығы да бір кездегі Отырар қаласының орны. Әбунасыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбунасыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап, Есі болса, жұрнақ болса намыстан. ......... – бірі, екіншісі - ........, Үшіншісі - ........, оған егіз ............. Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер. Бесіншісі - ........., жерге кіргізер. Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын, Білсін сонда басынан құс ұшпасын. Әл-Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оны шығыстың Аристотелі деп атаған. Отырарда қаласында Әл-Фараби,Қашғар қаласында Махмұт Қашғари,Баласағұн қаласында ............ дүниеге келген Жүсіп Баласағұни (Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни) 1020 жылы Балсағұн қаласы Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ қаласында туып, Қашқар қаласында қайтыс болған. Жүсіп Баласағұни - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді.