Ж?сіп Баласа??ни ??тты білік дастаны бойынша
Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» дастаны бойынша
Пәні: Қазақ әдебиеті Сынып: 8 «А»
Сабақ тақырыбы: Ж.Баласағұни «Құтты білік» дастаны бойынша
Сабақ мақсаты: Ақынның өлеңдерін талдай білуге үйрету, сыни тұрғысынан ойлау; поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігін, тәрбиелік мәнін ұғындыру, үлгі - өнеге ету; ақын өлеңдері арқылы оқушы бойына жақсы қасиеттерді сіңірту, дарыту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: СТО
Көрнекілік: тақта, оқулық, презентация, қима қағаздар, постер , стикерлер.
Сабақ барысы
№ Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ескерту
I Үй тапсырмасын тексеру 1. Жүсіп Баласағұнның өлеңін жатқа айту
2. Презентация дайындап келу Үй жұмысына бойынша 4 қыз презентация көрсету. Қалған оқушылардан 1 шумақтан 2-ге бөлу арқылы жұптарын тапқызу, бір-бірінің жұбын тауып, жаттауды айту.
Мотивация Шаттық шеңбері
(Бүгінгі болатын сабаққа байланысты тілек айту)
«Мақсат – бақыт бастауы» атты әнін қойып, тыңдату. Өлең не жайлы, не үшін қойдым деп ойлайсыңдар?
Жақсы қасиеттеріңіз көп болсын деп, бір-бірімізбен алмасайық (шапалақтау), жаман қасиеттерімізден арылу мақсатында қолдарымызды мыжғылайық. Алған әсерлерің қандай?
Тақырыпқа шығу Бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз? Оқушылар тақырыпқа шығады Мақсат қою Ендеше сабақ мақсатын өзіміз шығарып көрейік. Бүгінгі сабаққа байланысты сабақтың мақсатын анықтайды II Жаңа тақырыпты ашу 1. Тапсырма
Сандық рет бойынша 1-ден 5-ке саналып топта отыру. «Мен кіммін?»
I – топ Әл-Фараби бейнесін көрсету
II- топ Жүсіп Баласағұни бейнесін көрсету.
2. Тапсырма
Рабғузи әңгімесі бойынша үзінді оқу.
Бірінші әңгіме
Лұқман әкім қарыз сұрап келген кісінің бетін қайтармайтын еді. Бір күні бір кісі келіп, мың алтын алады. Іштей: «Қарызын бермей кетейін», - деп ойлайды. Жолда бара жатып, бір жерге демалады. Сол кезде бір құс ұшып келіп, жатқан түйіншекті іліп ала жөнеледі. Құс Лұқман әкімнің үйінің төбесінен ұшып бара жатқанда түйіншегі жерге түсіп кетеді. Қарыз алған кісі Лұқман әкімге қайтып келеді. Тағы мың алтын беруін өтінеді. Ішінен: «Егер осы жолы берсе, мың алтыннан екі мың қылып қайтарармын-ау», - деп ойлайды.
Лұқман сұрағанын береді. Алтын алған кісі сауда жасап, мың алтыннан он мың пайда көреді. Лұқманнан алған қарызын екі есе қайтарады. Сонда Лұқман әкім: «.....», -дейді.
Тапсырма: Лұқман әкімнің сөзін жалғастыр
(фон «Хафиз» күйі) 1. Әр топтан бір-бір оқушы шығады, сол оқушыларға осы ғұламалардың есімі жазылған стикерлер маңдайларына жабыстырылады. Оқушылар оларға сұрақтар қою арқылы кім екендерін анықтау.
2. Осы әңгіменің жалғасын топ бойынша отырып жалғастыру.
Дәлелді сыни тұрғыдан талдау мен бағалау III Бекіту Постер қорғату
Жалпы осы өткен тақырыптар бойынша кез-келген сурет түрінде келтіріп , өз ойларын ортаға салып, жеткізе білу. IV Қорытынды
Рефлексия 1. Қандай жаңа түсініктермен таныстыңдар?
2. Бүгінгі сабақта алған білімді қайда қолдана аласыңдар деп ойлайсыңдар?
3. Сабақ қызықты өтті ме, несімен?
4. Осы сабақ бойынша өздеріңе не түйдіңдер?
Сабақтың мақсатына жеттің бе? Оқушының пікірі, сабақтың мақсатына жету/жетпеуі
V Бағалау 1. 2 жұлдыз, 1 тілек түрінде топ мүшелері қарсылас топты бағалайды
2. Әр тапсырма бойынша критериалды бағалау Топ басшылары бағалау парақтары бойынша топ мүшелеріне қойған бағаларын айтып, түсіндіреді Үй тапсырмасы Жүсіп Баласағұни мен Абай Құнанбаевтың өлең жолдарындағы үндестікті табу Пән мұғалімі: Сарманова К.А.