Информатика ?лемі информатикадан ашы? о?у ?ызметі


Информатика оқу қызметі бойынша Мад тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі:- Информатика
Тақырыбы: Тіктөртбұрышпен танысу
Мақсаты: «Тіктөртбұрыш» құралымен танысу. Жұмыс жасау. Тіктөртбұрышты түрлі түстерге бояу. Олардың бір—бірінен айырмашылығын табу. Баланың ойлауын дамыту. Тінтуірмен жұмыс жасау дағдысын одан әрі жетілдіру. Компьютерге жұмыс жасауды жалғастыру. Саусақ моторикасын дамыту.
Билингвальды компанент: Тіктөртбұрыш-квадрат.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Компьютер құрылымдары, геометриялық пішіндер.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Жүректен-жүрекке жылы лебіздер.

Жұмбақтар:
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
Қыс туралы сұрақтар қойып, демонстрациялық көрнекіліктерді әңгімелейді. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, табиғат анамен, достарымен амандасады.
Бір-біріне жылы
лебіздер айтады.
Балалар сұрақтарға жауап беріп, суреттерді әңгімелейді. Балаларға есімдер қойып, олардың іс-әрекеттерін талдайды.
Іздену ұйымдастырушы Өткен тақырыпты еске түсірейік:
Негізгі пішіндермен танысу.
Жаңа тақырып: «Тіктөртбұрыш».
«Тіктөртбұрыш» құралымен танысу. Жұмыс жасау. Тіктөртбұрышты түрлі түстерге бояу. Олардың бір—бірінен айырмашылығын табу. Оған ұқсас бейнелерді табу.

Арунаның тапсырмасы. «Нысандарды бірдей етіп сал».
Дидактикалық ойындар: «Пішіндерді тап және атын ата»
Мақсаты: Пішіндерді ажырату. Пішіндер туралы білімін бекіту.

Балалардың түрлі жауаптары.


Жаңа тақырыпқа қызығушылықпен қарайды.
Педагогтің әрбір сөзіне мән береді.

Пішіндердің ішінен төртбұрышты таңдау арқылы тіктөртбұрыштың жасалуына мән береді.
Дидактикалық ойын ойнайды.
Сарамандылық жұмыс: Үлгіге қарап сурет салу және бояу.

Саусақ жаттығуы.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.  
Үлгіге қарап сурет салады және бояйды.

Саусақ жаттығуын жасайды.

Рефлексті коррекциялау Бүгінгі оқу қызметімңзде не туралы өттік?
Қандай пішіндермен таныстың?
Пішіндерді қандай түспен боядың?
Қорытындылау. Балалардың түрлі
жауаптары.
Алған білімдерімен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Тіктөртбұрышты.

Болуы керек: Зейіні, сөздік қоры, байланыстыра сөйлеуі.
Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға жауап беру; Суреттерді әңгімелеу;
Тәрбиешінің нұсқаулығын орындау; Саусақ жаттығуларын жасау; Берілген тапсырманы орындау.
Педагог: Аймағамбетова К