ХХІ ?асыр к?шбасшысы, 8-сынып математика, сыныптан тыс ж?мыс


Бекітемін: Келісілді:
Мектеп директоры: А.О.Шомакова ОІМ: А.И.Мурсалова
«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің
Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі» КММ
математикалық сайысы
Әзірлеген: Идрисова Анар
Амангельдиевна
«XХI ғасыр көшбасшысы» сайысы
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 8-сынып оқушыларының «XХI ғасыр көшбасшысы» атты сайысын көруге қош келдіңіздер!
Ойыншыларды ортаға шақырамыз. Ойыншылар ортаға біртіндеп шақырылады. Әділқазы алқалары таныстырылады.
Әділқазы алқалары:
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Мурсалова А.І.
Орыс тілі мұғалімі: Жусупбаева З.С.
Ағылшын тілінің мұғалімі: Сембекова Е.Х.
Математика пәнінің мұғалімі: Макаров А.Б.
Ойынның шарттары:
I-тур.Бәйге.
II-тур.Көкпар.
III-тур.Сөз таразысы.
IV-тур.Сұрақтарға жауап.
V-тур.Шешендік өнер.
VI-тур.Қорытынды.
I-тур.Бәйге.
Бұл бөлімде оқушылар әртүрлі сұрақтарға жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1.7-9 сыныптарда оқытылатын геометрияның бөлімі. Жауабы:Планиметрия.
2.Табиғи және жасанды жарық көздерін атаңдар.
Жауабы: Табиғи жарық көзі-Күн.Жасанда жарық көзі:от,сіріңке,шам,керосин және электр шамдары,факельдер,тамызықтар,шырақтар.
3.«Ноль» қай елдің сөзі? Жауабы: «Ноль» ұғымы V ғасырда Үндістанда шықты «Ноль» жоқ деген сөз.
4.1 мен 10 цифрларына қандай амал қолданғанда 1 шығады. Жауабы: 101=1.
5.Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем. Жауабы:Теорема.
6.Отырардан шыққан ұлы ойшыл,данышпан ғалы математик кім?
Жауабы: әл-Фараби.
7.37 санын 5 үштік арқылы жаз. Жауабы: 33+3+3/3=37.
8.Серпінділік күшін түсіндіретін қазақтың ұлттық ойын түрі. Жауабы: Садақ ату.
9.Тең әсерлі күшті түсіндіретін
ұлттық ойын түрі. Жауабы: Арқан тарту.
10.1 тонна мақта ауыр ма? 1 тонна темір ауыр ма? Жауабы: Тең болады.
1-турдағы ұпайлар саны айтылып,жеңімпаз анықталады.
II-тур.Көкпар.
Оқушылар А-командасы 1,3,5,7. Б-командасы 2,4,6,8 болып екі топқа бөлінеді.
А-командасы үшбұрыштар 1,3,5,7
Б-командасы төртбұрыштар 2,4,6,8.
Анықтамасы, түрлерін атау, қасиеттері, белгілері т.б. 3 минут уақытта айту керек. Ұпайды әділ қазылар алқасы анықтайды.
III-тур.Сөз таразысы.Полиглот.
Көп тілді меңгеру заман талабы болып отырғандықтан, қатысушылардың шет тілін қаншалықты меңгергендігін ойынымыздың келесі туры: «Полиглоттан» байқайық. Бұл турда жасырылған сөзді, немесе жұмбақ шешуін үш тілде - қазақша, орысша, ағылшынша айту керек.
1.Жұрттың бәрі соны сүйеді.
Бірақ қарағысы келмейді. Жауабы: күн, солнце,sonne.
2.Бар ма,жоқ па, оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Жауабы: ауа,воздух,air.
3.Өз еркіне жіберсең,Дүниені бүлдірер. Жауабы: от,огонь, fier.
4.Жоқ өзінде бас та,қас та,мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. Жауабы: сызғыш,линейка,ruler.
5.Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. Жауабы: мұз,лед,ice.
6.Өмірдің бұл шырағы
Әрі жүйрік көреген. Жауабы: көз,глаза,eyes.
7.Қабат,қабат қаттама
Ақылың болса аттама. Жауабы: кітап,книга,book.

IV-тур. Егер де мен
Егер сен 7-сыныпты бітіріп, бітіру сыныптан-сыныпқа көшіру емтиханын тапсырғалы тұрсаң саған мынадай сұрақ келсе, қалай жауап берер едің?
1.Үшбұрыштар теңдігінің белгілері.
2. Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасы.
3.Үшбұрыштың түрлері, анықтамасы.
4.Тік бұрышты үшбұрыш.
V-тур.Сұрақтарға жауап.
1. Ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында түрлі-түсті жарық шоқтарына жіктелуінен пайда болатын тамаша көрініс. Жауабы: кемпірқосақ.
2. Тек қана 6 цифрын 3 рет пайдаланып,30 санын өрнекте. Жауабы: 6*6-6=36-6=30.
3. П әрпімен басталатын 9 математикалық атауды жылдам атап шық. Жауабы: параллель,перпендикуляр,параллелограмм,плюс,проекция,процент,планиметрия.
4. 870-950 ж.аралығында өмір сүрген шығыстың атақты ғалымы.
Жауабы: Әбунасыр әл-Фариби.
5. Б.ғ.б. 300-315 ж.өмір сүрген атақты математик «Бастамалар» атты кітаптың авторы. Жауабы: Еквлид.
VI-тур. Шешендік өнер.
Ақтық сайысқа шыққан екі жеңімпаз өз шешендіктерін көрсетеді.
Тақырыптар:
1. Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы.
2. Сәнді киіне білу, шашты дұрыс күту жөнінде білесіндер ме?
3. Ән көңілдің ажары.
4. Үлкенге құрмет кішіге ізет.
Әр оқушыға ұпайды әділ қазылар алқасы береді. Жеңімпаз анықталады.
VII-тур.Қорытынды.