Сабакты? максатын ж?не міндетін кою ж?не онын жузеге асуы.
Мұғалімнің аты-жөні:Әріпбай Нұргүл
Еңбек өтілі:15 жыл
Жұмыс орны: Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектеп
Қызметі: Математика пәнінің мұғалімі
Санаты : екінші
Сабақ жоспары:
Тақырыбы: Сабақтың мақсатын және міндетін қою және оның жүзеге асуы.
Мақсаты: Сабақтың мақсат-міндетін нақты қоюға үйрету.
Оқу нәтижелері:
1. Мақсаттың анықтамасын біледі.
2.Міндеттін жаза біледі.
3.Сабақтың мақсаты мен міндетін ажыратады.
4.Сабақтың әр кезеңінде міндеттердің жүзеге асуы.
Барысы: 1.Ойға шабуыл. Топ мүшелері төмендегі сұрақтар аясында талқылау жасайды.
Сабақтың мақсаты дегеніміз не?
Міндеті дегеніміз не?
Анықтамаларын глоссариден қарап, өздері берген анықтамамен салыстыру.
Блум таксономиясын еске түсіру. Оқу нәтижелерінің Блум таксономиясына сәйкес қалай қойылатынын түсіндіру.
Мысал келтіру:
Мақсаты:Көпмүшелер ұғымын біледі. Көпмүшелерді қосып, азайта алады және стандарт түрге келтіреді.
Міндеттер:
1.Бірмүшені көпмүшеге көбейте алады.
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара алады.
2.Көпмүшені көбейткішке жіктеуді, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды есептер шығаруда пайдаланады.
3. Есеп шығару барысындағы түрлендірулерді талдай алады.
4. Өрнектерді ықшамдап қорытындылайды.
Берілетін тапсырмалардың әрқайсысына бағалау көрсеткіштері қоюды және оның тақырыпты меңгерудегі маңыздылығын түсіндіру.
Сабақ атауы: Көпмүшелер. Бір мүшені көпмүшеге көбейту және ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Жалпы мақсаттар: А)Көпмүшелер ұғымын біледі. Көпмүшелерді қосып, азайта алады және стандарт түрге келтіреді.
Б) Дәреженің қасиеттерін пайдалана білуді, бір мүшелерге амалдар қолдана білуді дамытады.
В)Ынтымақтастық қарым қатынасты, өзін өзі бағалай білуді тәрбиелеу
Оқыту нәтижелері: 1.Бір мүшені көпмүшеге көбейте алады.
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара алады.
2.Көпмүшені көбейткішке жіктеуді, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды есептер шығаруда пайдаланады.
3. Есеп шығару барысындағы түрлендірулерді талдай алады.
4. Өрнектерді ықшамдап қорытындылайды
Түйінді идеялар: Жұппен және топпен жұмыс жасауда есептің шығару жолын түсінеді.
Есептің шығару барысын түрлендірулерді талдауда бір мүшені көпмүшеге көбейте алады.
Өзін және өзгені бағалай отырып өзінің даму бағытын анықтайды.
Дереккөздер:
Оқулық 7-сынып.
Шыныбеков Ә.Н. Әдістемелік нұсқау.
2-Апта, 3-күн. Топтық жұмыс туралы нұсқаулық.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Тапсырма: Оқушылар бір мүшелерді кітаптан оқи отырып, топпен талқылап түсінеді.
Презентация жасайды.
Бағалау: екі жұлдыз, бір тілек Әр топ өздерінің талқылауларын ортаға салады. Бір біріне ашық, жабық сұрақтар қойып өз ойларын қорғайды. Сұрақ жауап стратегиясы
Тапсырма:
Есептер шығару №193-200 (тақтары)
1.Көпмүшені тани алады -6 балл
2. Бір мүшелерді көпмүшеге көбейте алады
-6 балл
3. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара алады
-6 балл
4.Күрделі түрлендірулер жүргізе алады-6 балл
Кері байланыс:
Сабақтың табыстылығын бағалау. (Оқушылар өздеріне білу, білмеу жайлы) белгі қояды
1.Бір мүшені көпмүшеге көбейте алады.
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара алады.
2.Көпмүшені көбейткішке жіктеуді, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды есептер шығаруда пайдаланады.
3. Есеп шығару барысындағы түрлендірулерді талдай алады.
4. Өрнектерді ықшамдап қортынды
Үйге тапсырма: Есептер шығару №193-200 (жұптары)
032575500Қосымша
032702500
Рефлекция
7 сыныптармен жаңа форматтағы сабақ сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар ойлаған нәтижеме жетті. Сабақта топтық және жұптық жұмыстар жүйелі жүргізілді. Оқушылармен сабақта топпен жұмыс жасау оқушылардың қызығушылығын арттырды.