?аза? тілінен саба? жоспары Ертегілер елінде (3 сынып)
Заградовка орта мектебі
Қазақ тілі пәнінен
3 сыныпта Лессон Стади әдісі бойынша өткізілген
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Өткізген: А.С.Жамалиева
2015 – 2016 оқу жылы
3 – сынып
Қазақ тілі бойынша сабақ жоспары
Зерттеу тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту».
Күні: 28.10.2015 ж.
Сабақ: 1
Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы әңгімелейді. Сөйлемдер құрайды. Топта бірігіп жұмыс істейді.
Оқудың нәтижесі: Ертегілер туралы әңгімеледі, сөйлемдер құрады, топта бірігіп жұмыс істеді.
Көрнекілігі: Смайликтер, карточкалар, презентация.
Сабақтың барысы:
Мұғалім әрекетіОқушы әрекетіУақыты1-әрекет
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесемін. Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.
- Бүгін сабақта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Күздің қай айы?
- Бүгін қазанның нешесі?
- Бүгін аптаның қай күні? Сәлемдеседі.
Оқу құралдарын дайындайды.
Берілген сұрақтарға жауап береді. 3 мин.
2-әрекет
Ынтымақтастықатмосферасын орнату«Апта күндері» әнін айтады Тапсырманы орындайды. 2 мин.
Топқа бөлуОқушыларды суреттердің көмегімен топтарқа бөлемін. Топтағы оқушыларға міндеттерін естеріне салып, топ мүшелерінің қызметтерін өзара бөлгіземін. Топ ережесін естеріне саламын. Оқушылар өз орындарына барып отырады, оқушылар міндеттерін өзара белгілеп алады. 3 мин.
3-әрекет
Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы естеріне саламын. Оқушылар қолдарын көтеріп, орындаған тапсырманы айтып береді. 7 мин.
4-әрекет
Өткен сабақпен байланыстыру.
Бекіту сабағы.
Миға шабуыл.
Өткен сабақтарда ертегілерді өткен болатынбыз. Мына тапсырмаларды орындауЕртегілер кейіпкерлерін бөлек теріп жазыңдар
Бұл қандай ертегі?
Тағы қандай ертегіні біз білеміз? Берілген сұрақтарға жауап береді. Өтілген тақырыптарды пысықтайды. 5 мин.
5-әрекет
Таныстырылымдайындау.
Әр топқа жеке тапсырма беріледі.
Сөйлемдер құрастырып жазу:
1 топ «Шалқан» сөзі
2 топ «Аю» сөзі
Оқушылардың топ ішіндегі міндеттерін орындауын қадағалаймын, бірігіп жұмыс істеуге шақырамын.
Берілген сөздерді септейді. Әр топ өз тапсырмалары бойынша таныстырылым дайындайды және қорғауға дайындалады. 5 мин.
ТаныстырылымдықорғауОқушыларды тақтаға шақырамын.
Құраған сөйлемдерін оқытамын.
Сөздерді септейді. Әр топ өз таныстырылымы аясында әңгімелейді. 5 мин.
6-әрекет
Сергіту сәті«Мен қазақпын» әнін қосып, балаларды билеуге шақырамын. «Мен қазақпын» биін билейді. 3 мин.
7-әрекет
Сұрақ – жауапДиалог құрастырады. Диалогті рөлге бөліп оқиды. Әр топқа мәтін беремін. Балалар мәтінді оқиды, аударады. Қойылған сұрақтарға жауап береді. 3 мин.
8-әрекет
Ойды қорытуОсы сабақ барысында сендерге қандай ойлар ұнады, қандай сөйлемдер естеріңде қалды, соларды айтып көрейік. Сабақта айтылған сөйлемдерді айтып, әңгімелейді. 3 мин.
9-әрекет
Үй тапсырмасы«Менің сүйікті ертегім» тақырыбына шағын шығарма жазу. Күнделіктеріне тапсырманы жазады. 2 мин.
10-әрекет
БағалауСмайликтерді санап әр баланың бағасын айтамын Бағалау смайликтер көмегімен оқушыларды бағалаймын. 3 мин.
11-әрекет
Рефлексия «Ертегілер» әнін орындайды Ән орындайды 1 мин.