Ертегілер елінде (1 сынып)


Тақырыбы:   «Ертегілер елінде»
Мақсаты:
Балаларға ертегі туралы мағлұмат бере отырып, мән-мағынасын ашу. Бала бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі:  тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар, оқулықтар, ертегі кейпкерлерінің суреттері
Шарты:  Ертегі көрсетіп, сахналайды. 
Барысы:
І. Кіріспе сөз:
— Құрметті ұстаздар, оқушылар кішкентай бүлдіршіндер!
« Ертегілер елінде» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ертегі  — балалардың қиялын шарықтататын, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін халық ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.
Олай болса келесі кезекті ертегі кейіпкерлеріне берейік.
Бүгін шағын орталық балдырғандары мен бастауыш сынып оқушылары өздерінің дайындаған ертегілерін  біздің алдымызда сахналап айтып, көрсететін болады.  Олай болса «Ертегілер елінде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер! 
Енді келесі кезекте оқушыларға сұрақтар:
Қандай ертегілерді білесіздер?
Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./
Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?
Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./Ертегілер қалай аяқталады? / Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті» 
Жүргізуші: Балалар,  «Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,
Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді?— Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса  кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Ертегілер әлемі». Орындайтын: 4 -сынып оқушысы: Орынбас Ажар
Жүргізуші:
Кел, көрейік ертегі,Естіген жанды елтеді.Талай ғажап оқиға,Қызық сырын шертеді,- демекші алдарыңызға шағын орталық бүлдіршіндерін ортаға шақырамын.
«Кім тапқыр?» ал кәнекей балалар, мына кейіпкерлер қай ертегінің кейіпкерлері?
1 . Зере «Күн»
2. Есей «Ай»
3. Алихан «Әтеш»
 
4. Айдын «Аю» 
(Балалардың жауабы)
Оқушыларға :  «Кім білгір?» ойнын ойнап көрсек қайтеді?
Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.
Алдар көсе
Ер Төстік
Алтын балық
Күлше қыз
Маша мен аю
Жүргізуші:
Балдырғандар көп біледі ертегі,Ерінбестен ертегіні шертеді.«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті 3-сыныптың оқушыларына берейік.
(Оқушылар ертегі айтады)
«Мақта қыз» ертегісі
«Бауырсақ» ертегісі

Жүргізуші:
Оқушыларға: «Ойлан, тап!»
Шарты: Ертегіден үзінді  және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын  және кейіпкерді атау.
«Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/
«Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? / Жыл басына таласқан хайуанаттар/
Қу түлкі барлық балықтыТүсіріпті бір-бірлеп,Түсіріп бәрін болған соңТүсіп қапты бүлкүлдеп.
Суатқа барып құйрықты,Кешке қарай малып қой,Таң атарда тартасыңБалыққа жарып қайтасың./Түлкі мен қасқыр/
«- Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» -дейді жан ұшыра.   (Қарлығыш пен дәуіт )
«Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Тісімді жұлып, лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/
Қорытынды: 
Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір!  Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.Осымен біздің қысқаша «Ертегілер елінде» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет!
Тексерілді:
«Бекітемін»
Мектеп директоры
К.К.Карбузов
Тақырыбы:   Ертегілер елінде
Мақсаты:
Балаларға ертегі туралы мағлұмат бере отырып, мән-мағынасын ашу. Бала бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі:  тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар, оқулықтар, ертегі кейпкерлерінің суреттері
Шарты:  Ертегі көрсетіп, сахналайды. 
Күні: 17.01.2017ж
Уақыты: 11-00
Өтетін орны: шағын орталық
«Таутүрген орталау мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ
2016-2017 оқу жылы
Ертеңгілік
Тақырыбы:
Ертегілер елінде
Тәрбиеші: А.М.Қашағанова
Кітапханашы: К.А.Жантелиева