Ертегілер елінде
Тақырыбы: «Ертегілер елінде» ертегі оқып беру. «Шалқан» ертегісі.
Мақсаты: «Шалқан» ертегісін айтып беру. Сөз қорын молайту жаттығулары.
Әдісі: Баяндау, пікіралмасу.
І. Ұйымдастыру жұмысы.
а) Сәлемдесу, көңіл-күйін білу.
ә) Баланың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. «Шалқан» ертегісі.
А) Баяндау, түсіндіру. Ертегіні толық айтып бергеннен кейін, оқушыға кейбір бөлігін бастап беріп,әңгімені аяқтату.(содан соң не болуы мүмкін? т.с.с.)
Б) Сұрақтар беру арқылы баланың тілін дамыту.
- Ата не отырғызды?
-Ата шалқан отырғызды.
-Шалқан деген не?
-Жерде өсетін өнім.
-Шалқан қандай болып өсті?
-Шалқан үлкен болып өсті.
ІІІ.Ертегітерапия арқылы баланы еңбекке баулу, тұрмысқа қажетті заттарды адам өз еңбегімен табуы тиіс екенін түсіндіру.
ІҮ.Сергіту сәті.Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау .
Жайқалады ағаштар,
Алдымен жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.(2-рет қайталау)
ІҮ. Қорытынды: