Ата-аналармен бірге ж?ргізілген сыныптан тыс іс-шара: Денсаулы? елінде


Жармуханбетова Улболсын Койжановна
ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені КММ-нің кітапханашысы
Тақырыбы: «Денсаулықты күте білейік»
Мақсаты: Ж.Досмұхаметовтың туғанына 130 жыл, С.Датұлының туғанына 275 жыл, Алаш қозғалысына 100 жылдығына арнап, 28-ші қысқы Универсиядаға қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында және оқушыларды салауатты өмір сүруге, жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу, тілдерін дамыту, ата-анамен қарым-қатынасын нығайту.
Жоспары: І-бөлім Ғылыми бөлім.
Таныстыру. (Топ аты, ұраны, төс белгі)
Бірінші байлық денсаулық. (Сұрақ жауап кезені)
Тіл өнері. (Спорт денсаулық мәнерлеп оқу)
Ойлан тап. (Қағазда жасырылған сұрақты ашып тапсырманы орындайды)
Өнерлі өрге жүзеді. (Өз өнерлерін көрсету яғни ән-би, ритмикалық жаттығулар орындау)
ІІ-Бөлім: Спорттық, эстафеталық сайыс.
Қол күресі.
Ұлттық ойын арқан тарту.
Секірме жіппен секіру. (бір мин ішіндегі саны)
Кім жылдам? (допты ұрып барып, себетке дәлдеп тастау)
Қапты киіп секіріп мәреге жету.
Жүргізу барысы: Кітапханашының сөзі.
Құрметті жиналған қауым! Ұстаздар ата-аналар және оқушылар бүгінгі «Денсаулықты күте білейік» атты сыныптан тыс отбасылық сайыс кешіне қош келдіңіздер!
Сайыстың мақсаты: Ж.Досмұхаметовтың туғанына 130 жыл, С.Датұлының туғанына 275 жыл, Алаш қозғалысына 100 жылдығына арнап, 28-ші қысқы Универсиядаға қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында және оқушыларды салауатты өмір сүруге, жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу, тілдерін дамыту, ата-анамен қарым-қатынасын нығайту мақсатында 5-6 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында өткізгелі отырмыз.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын.
Жүргізуші: Денсаулық зор байлық деп халық бекер айтпаған. Денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген. Сондықтан оны сақтау керек дей келе сайысымызды бастамас бұрын мектеп директорына сөз кезегін берейік.
Жүргізуші: Еліміздің даму бағытын айқындайтын «Қазақстан -2050» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдану мәселесі қойылған . Сау дене, озат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақытты өмір деп ақын М, Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті – бастапқы білім берумен қатар жанжақты жарасымды, жүйелі интеллектуалды рухани тәрбие беру және оларды денсаулығын мықты етіп өсіру болып табылады. Ендігі кезекте
Әртаңды бақытпенен атырамыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Спортшы отбасыларын шақырамыз. (Командалар ортаға шығады)
Жүргізуші: Құрметті енді халайық,
Жарысты енді көріндер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріндер. Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ баға беретін қазылар алқасын таныстырып кетейін.
Сейтова Ж.Т
Муканов Е.Д
Ессұлтанов К.С
Жүргізуші:
Дені сау, ғұмыр жасың болады ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ,
Жылы сөз, жеңіл тағам, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды дәрі – бірақ - дей келе сайысымыздың
шарттарымен таныстырамыз.
Жоспары: І-бөлім Ғылыми бөлім.
Таныстыру. (Топ аты, ұраны, төс белгі)
Бірінші байлық денсаулық. (Сұрақ жауап кезені)
Тіл өнері. (Спорт денсаулық мәнерлеп оқу)
Ойлан тап. (Қағазда жасырылған сұрақты ашып тапсырманы орындайды)
Өнерлі өрге жүзеді. (Өз өнерлерін көрсету яғни ән-би, ритмикалық жаттығулар орындау)
ІІ-Бөлім: Спорттық, эстафеталық сайыс.
Қол күресі.
Ұлттық ойын арқан тарту.
Секірме жіппен секіру. (бір мин ішіндегі саны)
Кім жылдам? (допты ұрып барып себетке дәлдеп тастау)
Қапты киіп секіріп, мәреге жету.
Әсем әнің сырнайдай
Әлем сүйіп тыңдайды
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды - Сайыскерлердің құрметіне Жарқын
квартетінің орындауында ән шашуын қабыл алыңыздар.
Ән:
Жүргізуші: І бөлімнің І кезеңі Таныстыру. (Әр топ өздерінің төс белгілерін таныстырып өтеді)
Жүргізуші: УА халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық –терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.
Денің сауда күштісін бұл ғаламда,
Денің сауда сұлусың бұл әлемде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді , жақсылыққа жетерсің - деп сайысымыздың келесі кезеңі «Бірінші байлық денсаулық» деп аталады, яғни сайыскерлердің білімін ой өрісін бағалайтын сұрақ- жауап кезеңі.
Бірінші топқа сұрақ:
1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Темекінің зардабы қандай ?
Екінші топқа сұрақ:
1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
2.Маскүнемнің қоғамға тигізер зардабы қандай?
Үшінші топқа сұрақ:
1.Адам денсаулығын улайтын ,зиянды заттарды атаңдар?
2.Денсаулық күні қашан ?
Жүргізуші: Мақсат тұтсаң қанатың бір талмайтын,
Жігерің бар, талабың бар қайратың.
Өз өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар әлі алда салатын. - деп сайысымыздың «Тіл
өнері» кезеңіне кезек берейік, яғни спорт, денсаулық тақырыбындағы өлеңді мәнерлеп оқу.
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау – деп сайысымыздың келесі кезеңі
«Ойлан тап» деп аталады. (ойын шарты әр топтың топ басшысы шығып, үстел үстінде жарысынған сұрақтардың жауабын тез айту керек)
Жүргізуші: Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп.
Қазақтың сымбатты,
Ұл-қызы көбейсін – деп кезекті «Өнерлі өрге жүзер»
бөліміне берейік. (әрбір топ өздерінің үйден дайындап келген өнерлерін көрсетеді).
ІІ-бөлім Спорттық-эстафеталық сайыс.
Жүргізуші: Академик Н.М.Амосов айтқандай – «Денсаулық мықты болу үшін, мәңгі өз күшін болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды». Болашағымыз нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін, нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір сүруіміз керек – дей келе сайысымыздың ІІ бөлімі эстафеталық ойындарға кезек берейік.
Денсаулық шексіз бақыт,
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттымын денім сауда,
Деген сөзді құр айтпаған Абай атамыз да – деп ІІ бөлімнің
І кезеңі «Қол күресіне» кезек берейік.
Жүргізуші: Спорт біздің досымыз,
Күш-қайраты сыналған.
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыналған – деп келесі ойынымыз «Арқан
тарту». (ойын шарты ортаға сызық сызылады, сол белгілеген сызықтан қай топ өз қарсыластарын өткізе алса, сол топ жеңіске жетеді).
Жүргізуші: Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да – дей отырып «Секірме жіппен» секіру кезеңіне келейік. (1 минут ішінде саны).
Жүргізуші: Өнерменен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік менің бар. – дей отырып, ендігі кезекте «Кім
жылдам» кезеңіне берейік. (допты ұрып себетке дәлдеп тастау).
Жүргізуші: Бойларында от бар екенін байқадым,
Жүректерде шоқ бар екенін байқадым.
Әрқашан осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым - дей отырып,
«Қаппен секіру» ойынына кезек берейік.(Қапты киіп, секіріп мәреге жету).
Кітапханашының қорытынды сөзі.
Құрметті ата-аналар, оқушылар, сайыскерлер егемен еліміздің болашағы сіздерсіздер! Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі адамдардың өзі. Осындай жат-жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден аулақ ұстап, салауатты өмір салтын насихаттайық!
Көңілдін ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз – дей келе сайсымызды
қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.