Открытый урок на тему Постановка правой и левой руки


С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия

«Бекітемін»
Директордың бейінді оқытужөніндегі орынбасары
______________ М. О. Курманова
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Оң қолмен сол қолдың қойлымын қою»
Домбыра пәнінің мұғалімі Квайдулов.Б.А.
Петропавл қаласы 2016 жылТақырыбы: «Оң қолмен сол қолдың қойлымын қою » Оқытушы :Квайдулов.Б.А.
Білім алушы : Қайрат Райымбек, 1 сынып
Сабақтың мақсаты: Оң қолмен сол қолдың қойлымын дұрыс қою.
Міндеттер:Оқушы үйде жаңа сабақпен өзі жұмыс жасай алатындай деңгейде түсіндіру .
Сабақтын түрі: жаңа сабақ .
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, практикалық жұмыс.
Оқытудың техникалық құрал-жабдықтары:домбыра, нота кітабы.
Сабақтың барысы: Екі ішектің бірі қатты, Бірін сәл-сәл кім бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ-домбыра-деген өлең жолында айтылғандай, бүгін біз ең ежелгі, ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап-домбырамен танысамыз.
Домбыраның құрылысын кім біледі? Сұрап, толықтыру. Басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі.
Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады:
шанағы(кеудесі), мойны және басы;
-Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартыптұратын түйме орналасқан ;-Мойын пернелерге бөлінген;
-Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші роль атқарады.
- Балалар, енді осы домбыра аспабында ойналып қаралы қайғыны естірткен күй туралы аңызды тыңдаңыздар.
Аңыз күй «Ақсақ құлан»
Ертеде ел билеген Хан өмір сүріпті. Бір күні оның жалғыз баласы әкесінің тілін алмай, құлан аулауға шығады. Құлан аулап жүріп, хан баласы ұзап кеткенін байқамай қалады.
Біршама уақыт өтеді. Жазық далада бір топ құлан жайылып жүр. Хан баласының атқан оғы үйірді бастап жүрген басшы құланды жаралайды. Жараланып ызаланған құлан аңшыға қарсы шауып келіп, баланы теуіп өлтіреді. Хан бір сұмдықтың болғанын сезіп, баласы туралы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын балқытып құйдырамын деп уәде береді. Халық не істерін білмей қиналады. Сол кезде елге танымал күйші келіп, домбыраны алады да, бір күйді ойнай жөнеледі. Күйді тыңдап отырғанда, аңшылық көрініс, ашулы құландардың шабысы, хан баласының өлімі көз алдыңыздан өтіп жатады. Хан болған жағдайды түсінеді. Күйші болған жағдайды күй арқылы жеткізеді. Хан берген уәдесінен таймас үшін өзіне қайғылы хабар жеткізген домбыраға қорғасын ертіп құйдырады... Міне,күй құдіреті деп осыны айт!
Домбыраның шанағындағы ойық осылай пайда болған екен деседі.

1.Қайталау : Ең алдымен өткен тақырыптарды қайталаймын.
1. Домбыра туралы не білеміз ?
2. Домбыраның құрылысымен танысу .
3. Домбыраның шығу тарихы .
4.Алдыңғы сабақтарда өткен ноталарды еске түсіру
2. Жаңа тақырып: Оң қолмен сол қолдың қойлымын қою
3. Практикалық жұмыс. Домбыра тарихымен танысу .
4. Тапсырмамен жұмыс. Үйренген тапсырманы дәлме дәл қайталап беру , егер оқушы сабақты түсінуде қиыншылықтарға тап болса , сол қиыншылықтармен жұмыс жасау , оқушыға бұл тақырыпты жан жақты түсіндіру .
.5.Үй тапсырмасын беру.
Оң қол мен сол қолдың техникасын арттыратың жаттығуларды ойнау - Оқушының білімін бағалау.