Атмосфераны? ма?ызы.Атмосфераны ?ор?ау саба? жоспары 6 сынып


География
Сабақ № 41
Тақырыбы:
Атмосфераның маңызы.Атмосфераны қорғау Мектеп
«Социалистік Еңбек Ері Қ.Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар» орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні: 02.02.2017 Мұғалім есімі Нурабаева Наргиза Оралбековна
Сынып: 6 а,ә Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Оқушыларға атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы және атмофераны қорғау жолдары туралы түсінік беру.Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы білім қалыптастыру.
Оқу нәтижелері Барлық оқушылар:
Атмосфераның маңызы,оны қорғаудың жолдары және ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы біледі.Өз білімін өмірлік қажеттілік пен құндылық ретінде пайдалана біледі,түсінеді,ажыратады.
Алдыңғы оқу Атмосфераны оқу,зерттеу
Жоспар АКТ,Сын тұрғысынан ойлау,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Жоспарланған
Уақыт (45 мин) Жоспарланған тапсырмалар Ресурстар
Басталуы
10 мин 1.Жағымды психологиялық ахуал тудыру.
«Ергежейлі және алыптар». Егер мұғалім алыптар десе -оқушылар қолдарын жоғары көтеру керек ; егер ергежейлілер десе –барлығы отырып,қолдарын алдыға қарай созу керек.
2.1,2,3,4-ке дейін аналу арқылы 4 топқа бөлінеді.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Алдыңғы сабақта үйге берілген «Егер мен табиғатты қорғау министрі болсам...» тақырыбына жазған эсселерін тыңдау.Әр топтан 2 оқушы оқиды.
Оқулық, постер,
слайдтар,
суреттер,
стикерлер,
маркерлер.
Таратпа материалдар.
Ортасы
25 мин
Мағынаны тану.
1 тапсырма: «Мен саған,сен маған» әдісі.
1,2 топ. Атмосфераның маңызы.
3,4 топ.Атмосфераны қорғау.
Әр топ өздеріне берілген мәтінді оқып шығады.Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындайды.Дайындаған сұрақтарын келесі топқа береді.
1 топ 3 топ
2 топ 4 топ
2- тапсырма: Постермен жұмыс.ЭКСПО-2017.
Әр топқа ЭКСПО – 2017 көрмесі жайлы қосымша мәлімет пен тақырыпқа қатысты суреттер беремін.
Постерге жапсырып,жоба қорғайды.
1 топ: Өтілетін уақыты
2 топ: Тарихы
3 топ: Тақырыбы
4 топ: Маңызы.
3- тапсырма: Географиялық диктант.
Жер бетінде өтіп жататын түрлі құбылыстар,өзгерістер,тіршілік атаулы ...... байланысты.(ауамен)
Ауа қабығы болмаса түндегі суық ...... С-тан асып кетер еді. (100)
....... төменгі қабатында бұлт үйіріліп,жауын-шашын жауады.(атмосфера)
Біздің планетамыздағы тіршілік .... тығыз байланысты. (атмосферамен)
Адамның ..... әрекетінің әсерінен атмосфера үлкен мөлшерде ластана бастады.(шаруашылық)
Экспо 2017-  2017 жылдың ..... аралығында өтеді.( 10 маусым мен 10 қыркүйек )
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy .......болып табылады.
(Болашақ қуаты)
Астана үшін  ... мемлекет дауыс берген.( 103)
Аяқталуы
10 мин Рефлексия.
«Күншуақ»: оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды
Үйге тапсырма: §28 Оқу,мазмұндау.
Бағалау.
Тексерілді: