Аяулы анашым ерте?гілігі орта??ы топ?а арнал?ан


Ертеңгілік мақсаты: баланың анаға деген жылылығын сезінуге, ұғына білуге, осы ыстық сезімді мерекеде ән,би, ойын арқылы жеткізе білуге талпындыру. Жүргізуші:
-Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, әріптестер, ару қыздар! Сіздерді 8-Наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз! (ортаға сахна сыртынан қыздар миллион раушан гүл әніне бимен шығады, бидің соңында ербалдар келіп сыйлықтарын беріп орындарына жағасады)
3 ер бала үш тілде тақпақтарымен ертеңгілікті ашады.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!Бала, бала, бала деп,Түнде шошып оянғанТүн үйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған.Қаймақты сүттей қалқытқанСуық болса жөргегіҚорғасындай балқытқанАйналасына ас қойып,Өзенді көлдей шалқытқан.Қолын қатты тигізбей,Иісін жүпар аңқытқанБұл кім?Балалар: Ана, ана, ана!Жүргізуші: Құрметті аналар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.Бүгін наурыздің 8 - іСұлулықтың негізіӘдемі сөз адамныңАнаға айтар лебізі - деп балаларды (тақпақтарымен) шақырамыз
Ән: «Ақ гүлдер»
Тәрбиеші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.Көктем: Дала гүлге бөленеді.Қуанышқа кенеледі.Орман, торғай, бақтардаӨйткені мен көктеммінҚұстар сайрай жөнеледі.Шұғыламды төккенмін.Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.Тәрбиеші: -Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.Көктем: -Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.Тәрбиеші: Әрине, біздің балалар әже, аналарының есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)Көктем: - Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.
-Балалар мен сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр,жауап бере аласыңдар ма?
-Қазір ,бүгін жылдың қай мезгілі?
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Бүгін көктемнің қандай күні?
-Көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?
-Жақсы, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер!
Тәрбиеші: -Ару көктем біздің де кішкентай гүлдеріміз оянып жатыр.Өзіңізге арнап гүлдер де билеп берсін қабыл алыңыз.
«Гүлдер» биіОсы кезде көктемнің телефоны шырылдайды.Көктем: - Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар.
Көктем: -Рахмет. Сау болыңдар.Тәрбиеші: Қандай қызық кітап. Ой, аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?Бұзақы: - Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасағаннан кейін анам мені далаға қуып жіберді.Тәрбиеші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге өлең айтасың ба?Ән: ««Анам,әжем»Бұзақы: -Ой, қандай жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.Тәрбиеші: -Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен. (Кәмпиттерді ашу)Бірінші кәмпит тақпақтар. (Балалар тақпағы)
Би: «Ана»
-Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты. Залға әже келеді.
Тәрбиеші: Саламатсызба, әже! Мейрамыңызбен! Біреуді іздеп жүрсізбе?
Әже:- Саламатсыздарма, қарақтарым! Мына балалардың дауысын естіп араларында менің немерем Қызылтелпек жоқпа деп келе жатқам.
Тәрбиеші: -Жооқ, келген жоқ. Келемін деп хабарласты ма сізге?
Әже:- ия, таңмен хабарласып еді, мейрамынмен құттықтап келемін деп.
Тәрбиеші:- Сіз отырыңыз, жол жүрем деп шаршап қалған боларсыз. Немереңіз қазір келіп қалар, ол келгенше бізге сиқырлы ағашымыздағы тағы бір кәмпитті ашуға көмектесіңіз.
Әже: -жақсы балалар
Тақпақтар: әже туралы тақпақатарымен балаларды ортаға шақырамыз  
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ал енді өздеріңізге арналған «Әжетайым-әжешім» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Әжетайым»
Әже: Рахмет, балалар! енді мен үйге қарай шығайын, немерем келіп қалып, күтіп қалар.
Тәрбиеші: -жарайсыңдар, балалар. Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың «Аспазшылар» биін қабыл алыңыздар.
Би: «Аспазшылар»
Есік қағылады.Тәрбиеші :- Балалар бізге есік қағып келген кім екен! Балалар сендер мына қызды танисыңдар ма! Балалар:- Ия, танимызТәрбиеші : -Бұл кім өзі! Балалар- Бұл ертегідегі Қызыл телпек екен.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, балалар, жана ғана әжеміз іздеп келген Қызыл телпек.
Тәрбиеші :- Қызыл телпек сен мұнда не істеп жүрсің! Сені жана әжең іздеп келіп кетті, күтіп қалды. Қызыл телпек:- ой, мен әжемді мерекесімен құттықтауға бар жатыр едім, бірақ жолда қасқыр кездесіп мені қуып келеді, мен одан қорқып қашам деп, қолымдағы бәліш салынған себетімді жоғалып алдым. И,И,И, деп жылайды. Тәрбиеші:- Қызыл телпек қарағым, сен мұңайма жылама, бізде бүгін үлкен мереке. Айналаға қарашы сен бүгін тойға келдің ғой, қарашы саған қонақтар қарап отыр ғой. Қызыл телпек: -Айналаға қарап, ұялып тәрбиешінің артына барып тығылады. Тәрбиеші:- Қызыл телпек, сен жасырынбай-ақ қой сен әжеңе барғанда қандай сый жасамақшы едің! Бізде сиқырлы ағаш бар сол ағашта тәтті кәмпиттер өседі екен сол тәттілерден беруімізге болады. Кәмпитті ашамыз: Қызыл телпек сен бізге қосылып біздің балалармен бірге ән салып би билесеңші Қызыл телпек:- Жарайды. Тәрбиеші :- Ал ендеше биге кезек береміз.
Тақпақтар:
Ойын: « Әжемнің жібі» (Қызылтелпек ойнатады)
Шарты: жіптердің түстеріне сай шұлықтарды себетттерге салу.
Ән: «Мамина улыбка»Тәрбиеші: Жарайсыңдар қыздар! Қызыл телпек, сен әлі де қорқып отырсың ба! Қызыл телпек: Ия Тәрбиеші: Неге! Қызыл телпек:- Әне, анау қасқыр маған қарап тұр ғой, қазір ол маған келеді. Себетімді сол тауып алып, әжеме алып бара жатқан бәлішімді жеп қойған болар.Тәрбиеші: -Ой айналайын қорқағым-ау, біз мұнда неге тұрмыз, біз саған көмектесеміз. Балалар қызыл телпекке көмектесеміз бе! Сыйлыққа бәліштің орнына біз тәтті кәмпиттер береміз дедімго..Балалар:- Ия (Сиқырлы ағаштың ішінен тағы бір кәмпитті жұлып алып, ашу)
Тәрбиеші:- Онда біздің батыр балаларымыз билеп қасқырды бұл жерден қуып шығады. Балалар бірақ абайлаңдар. Өздеріңе зиян тиіп кетіп жүрмесін. Би:- «Джентельмен» Тәрбиеші: міне, Қызыл телпек біздің балалар қасқырды қорқытып, қуып жіберді. Ол енді жоқ. Әжеңе барар жолда ол кезікпейді деп ойлаймыз. Енді жинап алған тәттілерінді алып, әжеңе барып,сыйлауын болады.
Қызыл телпек: рахмет, сіздерге, балалар. көңіл-күйім көтеріліп қалды. Енді әжемді барып құттықтап, қуантайын. Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Сау бол! Қалған соңғы кәмпитті ашайық балалар.
Ән: «Ай лав май мамми»
Тәрбиеші; рахмет, қыздар.
Ойын: «Сиқырлы кострюль»
Тәрбиеші:- Құрметті аналар, қыздар! Міне бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізде соңына таяп қалды. Сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Біз доспыз гүлдермен Текке оны жұлмаймыз Той күні бір-бірлеп Аналарға сыйлаймыз! - деп балаларыңыздың сіздерге арнап жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар! Қош сау болыңыздар!
№ 50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК
Ертеңгілік тақырыбы:

«Аяулы анашым!»
«Балбөбек» ортаңғы тобы
836477505

Тәрбиеші: А.А. Магзомова

2016-2017 оқу жылы
150300455495200