Разработка по теме ?аза?стан аума?ында атмосфералы? ?ысымны?, жауын — шашынны? таралуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы.
Мақсаты: Білімділік: Жауын-шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде ауа температурасының өзгеру себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылық: : Оқушылардың ойлау қабілетін, картамен, интерактивтік тақтамен, оқулықпен жұмыс жасай білу, білім – білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту,диаграммалар мен жұмыс жүргізе білу, атмосфералық жауын -шашынды өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушыларлардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арқылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты үйымдастыру формасы: Жеке, топтық.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта,Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карталар,климаттық карталар
Пәнаралық байланыс: Физикалық география, физика, математика, экология.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру
1997 жыл - 10 желтоқсанда Акмола қаласы ресми түрде Қазақстан Республикасының астанасы деп жарияланды.
1948жыл - 10 желтоқсанда ББҰ Жалпыға бірдей адам құқығын қорғау деклерациясын қабылдады. "Сандар сөйлейді".13394 км2724, 9 мың км
96995 м
- 13217 млн
6,2
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) Қазақстан аумағында ауа температуратсының таралуына қандай факторлар әсер етеді?
2) Қазақстан аумағында орташа жылдық температураның таралуы, оның себептері
3) Климат картасына қарай отырып ең суық және ең жылы айлардағы ауа температурасының таралу заңдылығын анықтау
4) Климаттық карталарда темпертура қалай белгіленеді?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Ауа райы элементтері, құбылыстары, атмосфералық қысым
Біз жауын - шашын туралы не білеміз? Бұл туралы сендер төменгі сыныптарда үйрендіңдер.
Жауын-шашынды өлшеу қалай жүргізіледі?
Тақырыпты өз бетінше меңгеру келесі жоспар бойынша жүргізіледі:
1.Атмосфералық қысымның таралуы.Қысымның биіктікке қарай өзгеруіне байланысты өз бетінше есептер құрастыру.
2.Атмосфералық жауын - шашынның түрлері. Тірек-сызба толтыру арқылы түсіндіру
Атмосфералық жауын - шашын түрлері
3.Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралу ерекшеліктері.Қазақстанның аумағында жауын - шашынның таралу картасымен жұмыс.
4.Жауын-шашынның жыл маусымдарына байланысты таралуы.
"Жыл мезгілдері" сөйлейді. Мұнда оқушылар әр жыл мезгілінде жауын-щашынның қалай болтынын айтады. Алдымен сол жыл мезгіліне тиісті өзі шығарған немесе жаттаған жыл мезгіліне тиісті өлең оқиды.
5.Қар жамылғысы
Қар маған ұнайды, өйткені... Өз ойларымен жалғастыру.
6.Ылғалдану коэффициенті
Есептер шешу.Диаграммалар мен жауын шашынның таралу картасын қолдана отырып есеп шығару.
Шымкент қ Астана қ Өскемен қ Атырау қ
7.Қазақстандағы атмосфералық құбылыстар?
8.Халық ауа райын қалай болжады?
Тақырыпты меңгеру үшін презентацияларды, оқулық мәтінін, суреттерін және атластағы климаттық карталар пайдаланылады.
Кері байланыс.Топтарға тапсырма беру.
І топ1. Қазақстан жеріне жауын - шашынның аз және әркелкі түсуінің себебі неде?2. Қазақстандағы жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері қанша?3. Әсіресе, Қазақстанның қай аймақтарына жауын - шашын өте аз түседі?4. Қазақстандағы жауын - шашын ең көп түсетін жерді ата5. Республикамыздың жазық және аласа таулы өлкелерінде жауын - шашын қай бағытқа қарай кемиді?ІІ топ1. Солтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері қанша?2. Орталықтағы жауын - шашынның орташа мөлшері қанша?3. Оңтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері қанша?4. Қазақстанда жауын - шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай қалай өзгереді5. Республикамыздың қай аймақтары ылғалды өңір саналады?ІІІ топ1. Солтүстік өңірлерге жауын - шашынның 70 - 80%- ы жылдың қай мезгілінде түседі?2.«Құрғақ жаңбыр» деген не?3 Қазақстанның қай жерлерінде байқалады?4. Еліміздің солтүстігінде жылдық жауын - шашынның қанша пайызы қыста түседі?
5. Еліміздің оңтүстігінде жылдық жауын - шашынның қанша пайызы қыста түседі?
Сәйкестендіру тесті
1.Қыста аязда тартылған сымға тұрып қалатын мұз қиыршықтары.
2.Күзде жанасқан заттарға ауадан бөлінетін су тамшылары.
3. Бұлттан температура 0 градустан төмен болғанда түсетін жауын- шашын түрі.
4.Қүзде , қыста ауа температурасы төмендеп кеткен кезде , заттарға тұрып қалатын кристалды мұз.
5.Бұлттан сұйық күйінде түсетін жауын- шашын түрі.
Жауаптары:
А.қар
Б.Жаңбыр
В.Қырау
Г.Шық
Д. Қылау
Жауабы: 1-Д, 2- Г, 3- А, 4-В, 5-Б
Географиялық диктант1. Қазақстанда жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері..... аралығында.2. Жауын - шашынның ең көп түсетін жері.....3. Арал теңізінің солтүстік шығысы мен..... жауын - шашын небәрі 100 мм.4. Республикалық жазық және аласа таулы бөлігінде жауын - шашын солтүстіктен оңтүстікке және шығысқа қарай.....5. Солтүстік өңірлерде жылдық жауын - шашынның..... жылдың жылы мезгілінде түседі.6. Республиканың солтүстігінде қардың қалындығы....., ал оңтүстігінде.....7. Жылдық жауын - шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын..... деп атайды.8. Оңтүстікке қардың жату ұзақтығы....., ал солтүстікте..... күн.9. Республиканың солтүстігінде қыста жылдық жауын - шашынының....., ал оңтүстігінде..... түседі.10. Қызылорда қаласының ылғалдану коэффиценті...
ІҮ. Сабақты қорытындылау
1.Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт:
A) Будақ
B) Қабат
C) Шарбы
2.Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы
А) Ауа температурасы.
В) Атмосфералық жауын-шашын.
С) Атмосфералық қысым.
3. Атмосфераның төменгі қабаты
А) Тропосфера.
В) Стратосфера.
С) Мезосфера.
4. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температура арасындағы айырмашылық
А) Тәуліктік орташа температура.
В) Температураның тәуліктік амплитудасы.
С) Ауа-райыныз өзгерісі.
5. Ауаның құрамындағыең көп кездесетін газ.:
A) оттегі
B) азот
C) көмір қышқыл газ.
6.Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы:
A) Ылғадылық
B) Конденсация
C) Амплитуда
Ой-түйін:
–Сабақта не үйрендің ?
– Жауын- шашын туралы білу не үшін қажет?
– Бүгін, осы сабақта алған білімдерің өмірде қажет боларма екен?
- Және не білгің келеді?
Ү.Бағалау. Үйге тапсырма – шығармашылық. Өзімізде кезедесетін жауын-шашын түрлерінің біріне төмендегі жоспар бойынша қысқаша шығарма жазу.
1. Атауы?
2.Қалай пайда болады?
2.Табиғатта және адам өміріндегі маңызы неде?