Ауа.Д?ниетану п?нінен саба? жоспары (4 сынып)


Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Озерный орта мектебі
информатика мұғалімі Каримова Орунтай Хабибулиновна
Пән:Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:Ауа –Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.
Сабақтың мақсаты: Ауа туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру.
2. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын түсіндіру.
3. Ауаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ауаның құрамы» деген тірек – сызба, «Ауаның қасиеттері» деген кесте.
Сабақтың барысы:
-Қазір қандай сабақ?
-Жер табиғат құндағы ,
Дүниетану сабағы.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Тест әдісі:(тамшыларда орналысады)
1Су қандай зат?
А) қатты Ә) Суйық Б) Жұмсақ
2. Судың түсі қандай?
А) ақ Ә) түссіз Б) көгілдір
3. Судың пішіні қандай?
А) дөңгелек ә) төртбұрыш Б) жоқ
4. Тұщы су қайда кездеседі?
А) өзенде ә) теңізде Б) мұхитта
5. Каспий теңізіне қандай ірі өзен суын құяды?
А) Іле Ә) Ертіс Б) Жайық
Физикалық картамен жұмыс.
Қазақстанның ірі көлдерін табу,көрсету.
(Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз көлі)
Қазақстанның ірі өзендерін табу,көрсету.
(Жайық, Іле, Ертіс, Сырдария, Есіл)

Сөзжұмбақты шешу.
1 Өлі табиғатқа жататын зат,өзен ішінде,тауда көп болады.
2. Өзен, бұлақ бастауы қайдан?
3. Адамдардың ауыз су алатын орны?
4. Қазақстанның ірі көлдін атауы?
5. Суды ластамау үшін фабрикаларда,зауыттарда не орнатады?
6. Шипалы суда ел арасында қалай айтады?
8. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясына ән салып,
Құстар жүрген сайрап?
9. Қазақстанда қандай теңіз құрып бара жатыр?
10. Судың бір күйі?

(Шешуі : Суды қорғау)
Суреттермен жұмыс
Жаңа сабақ.
Бар ма, жөқ па оны анық білмейсің,
Ол жөқ жерде өмір сүріп жүрмейсаң? (Ауа)
Мұғалімнің түсіндіруі.
–Жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Бос кеңістіктің бәрінде ауа толып тұрады. Ауа көзге көрінбейді, она сезім мүшесімен ғана блеміз. Жел –ауаның қозғалысы. Біздің ғаламшарларымызды қоршап тұрған ауа қабаты атмосфера деп атайды.
Атмосфера – бұл жүздеген километрге созылған алып ауа қабаты. Атмосфераның қалыңдығы ғаламшардың әр жерінде әртүрлі. Атмосфера жер шарын зиянды күн сәулелерінен қорғайды.
Ауаның құрамы мен қасиеттерін алғаш Джозеф Пристли мен Антуан Лавуазье зерттеді.
Сөздік жұмысы.
АТМОСФЕРА - БҰЛ ЖҮЗДЕГЕН КИЛОМЕТРГЕ СОЗЫЛҒАН АЛЫП АУА ҚАБАТЫ.
ЖЕЛ - АУАНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
МЕТЕОРИТ-ҒАРЫШТАН АУА ҚАБАТЫНА ТҮСКЕН ТАСТАР

Ауаның құрамы мен қасиеттері.
Тәжірибе жүргізу.
Ауыздарыңызды жауып, таңауларыңызды қысыңыздар, тұншықтыңдар –сендерге не жетпейді?
Тақтаға «Ауаның құрамы» деген кесте ілінеді.
Көмірқышқыл газы 1%
Оттегі 21%
Азот 78%
Ғалымдар ауаның көптеген газдардан тұратынын осыдан екі ғасыр бұрын ғана білді. Ауа –көптеген газдардың қоспасы, оның құрамында азот- 78%, көмірқышқыл газы-1%, оттегі-21%.
Ыстықтап терледіңдер. Қолдарыңа желпеуіш алып, желпи бастадыңдар. Неге?
Шарды алып,үрлейміз. Ол неге торсияды?
Оның ішінде не бар? Енді ауаны шығарамыз. Көріне ме? Неге?

«Ауаның қасиеттері» деген кестемен жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
Дәмсіз мөлдір пішіні жоқ
Серпіледі АУА көзге көрінбейді
Сығылады иіссіз
Ауаның қасиеттерін адамдар қайда қолданылады?(Суреттермен жұмыс)
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу.
Суреттермен жұмыс( қолшатыр)
Пікірталас.
Сұрақтар:
-Ауа таза болу керек пе?
- Адам ауаны неге ластамау керек?
Осы пікірді қалай түсінесіңдер?
Түрлі қалдықтар
Ауаның ластану себептері
Улы газдар
Пайдаланған газдар
Радиация
Ауаға залалды заттардың шығарылуы
Орманды кесу

Мұғалім оқушылардың өздерін сөйлетеді.Оқушылар жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі адамның іс-әрекетіне тәуелді екенін айтады.
Сондықтан ауаны қорғау керектігін түсінеді.
Оқушылар «Ауаны қорғандар!» тақырыбында сурет салады.
«Кез келген бала, ересек адам ауаны таза қалпында сақтау үшін не істейді» деген басты ойды дәледеу.
Сабақты қорытындылау.

Шаталовтың тірек- сызба арқылы сабақты бекітеміз.
Үйге тапсырма беру. «Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау» мәтінін оқып келу.
Бағалау.