Сандарды? арифметикалы? ортасы, ауыт?у ?згерісі, санны? шамасы.
Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, ауытқу өзгерісі, санның шамасы.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сандардың арифметикалық ортасы тақырыбын тиянақтау;Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу;Дамытушылық: Сандардың ауытқу өзгерісі, шамасын әртүрлі жағдайын дамыта оқыту, өз бетінше жұмыс жасауға баулу.Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, тапсырмалар.Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.Сабақтың түрі: бекіту сабағыСабақтың барысы:Бағдарлау – мотивациялық кезең.Қызығушылығын ояту.Тізбектей орналасқан бүтін бес оң санның қосындысы 2005 – ке тең. Осы сандардың ең үлкені қандай?А) 401; В) 403; С) 404; Д) 405; Е) 2001.Мұғалім жетелеуіменХалық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т. с. с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі. Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері: арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода.Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды қарастырайық.1 - есеп. Шахмат ойыны жарысында 5 - сынып оқушылары: 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпай алды. Осы ұпайлардың арифметикалық ортасын табыңдар.Шешуі. Оқушылардың алған барлық ұпайларының қосындысын тауып, оны ұпайлар санына бөлу керек:(13+13+12+13+10+13+12+10): 8=12Жауабы: оқушылардың алған ұпайларының арифметикалық ортасы 12 ұпай.Есептеу нәтижесінде алынған 12 саны - берілген 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 сандарының арифметикалық ортасы.Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:1) 5 пен 3; 2) 7 мен 9; 3) 10 мен 12;Өз бетіндік жұмыс1 - тапсырма. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:1) 5, 7, 10, 12, 16; 2) 14, 18, 20, 23;2 - тапсырма. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар: 1) 0, 1; 2; 0, 5; 7;3 - тапсырма. Сандардаың модасын табыңдар: 1) 2, 1; 3, 5; 4, 6; 2, 1; 0, 3;
ІІ. Оқулықпен жұмыс:№ 1160, 1162(1 - 2)Оқулықтан тыс тапсырма.Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі:Оқушылардың аттары Жүгірген уақыты (секунд есебімен)Серик 14, 1Рустем 18, 2Аңсар 15, 5Ербол 16, 2Нұрбол 22, 4Даурен 16, 2Бекжан 20, 4Кесте бойынша: 1) уақыттардың арифметикалық ортасын табыңдар;2) уақыттың өзгеріс ауқымын табыңдар;Рефлексиялық – бағалау кезең.Бекітуге арналған сұрақтар:1) Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 45, 58, 76, 81;2) Сандардың модасын табыңдар: 1) 5, 1; 7, 5; 8, 3; 10, 2; 20;
3) Ең үлкен және ең кіші мәнәң табыңдарОқушыларды бағалау.Үйге тапсырма №889; 890