Ауа температурасы мен ?ысымыны? таралуы.
Мерзімі:
Тақырыбы: Ауа температурасы мен қысымның таралуы.
Мақсаты:
Білімділік: Ауа температурасы мен қысымының таралуы теорияны енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: География пәніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақты ұйымдастыру формасы: Білім беруді жалғастыру
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы.
І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыны түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедері ненің әсерінен өзгеріп отырады?
Тік қозғалу дегеніміз не?
Сыртқы күштерге нелер жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Атмосфоераның жердегі тіршілік үшін маңызы. Атмосфера географиялық қабықтың бір бөлігі ретінде Жердің басқа компоненттерімен тығыз байланыста болады. Атмосфераны бейнелі түрде ауа мұхиты деп атайды. Жердің тірішік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты – тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары – бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға – қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеліп соқтырады. Тропосфераны ауа райы «қалыптасатын» орын деп те атайды. Қазіргі кезде апатты құбылыстардың алдын алу үшін адамзат алдында ауа райын болжау мен басқара білу міндеті тұр. Сендер ауа райының белгілі бір жерге тән көп жылдық режимін климат деп атайтынын білесіңдер.
Климаттық карталар. Жер шарындағы климаттық қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор. Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар изотермалар, қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобар,жылдық жауын – шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изогиета деп атайды.
Жер бетінде ауа температурасы мен қысымының тарауы. Климаттық белдеулердің қалыптасуы жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне байланысты. Күн сәулесінің түсу бұрышы үлкен болады, яғни жыл бойы жылуды мол алады. Сондықтан жер беті тез қызып, атмосфераның оған жанасқан төменгі бөлігінде температура жоғарылайды. Соның нәтижесінде жылдық орташа температура +25°,+26°Сшамасыда болады. Ал экватор полюстерге қарай күн сәулесінің түсу бұрышы кемиді. Сол себепті Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстігінде жылдық орташа температура – 10°С, ал Антарктиканың орталық бөліктерінде – 50°, - 55° С-қа дейін төмендейді. Ауа температурасы жыл мезгілдеріне карай өзгеріп отырады.
Атмосфералық қысым белдеулері жер бетінде күн сәулесінің әркелкі түсуі мен Жердің өз білігінен айналуы әсерінен болатын ауытқу күшіне байланысты қалыптасады. Ауа ағысы көлденең бағытта ғана емес, тік бағытта да қозғалады. Экватор маңында күшті қызған ауа көлемі ұлғайып, салмағы жеңілдей беретіндіктен жоғары көтеріледі, яғни ауаның тұрақты жоғары бағыттталған қозғалысы пайда болады. Соның нәтижесінде экватор маңынндағы Жер бетінде төменгі қысым белдеуі қалыптасады. Полюстер маңында суынып, салмағы ауырлаған ауа төмен бағытталады, яғни төмен қарай бағытталған ауа қозғалысы пайда болады. Осыған байланысты полюстер мағындағы Жер бетінде жоғары қысымды белдеу қалыптасады. Қозғалыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуына байланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып ауырлаған бұл ауа 30° с.е. пен 30°с.е. маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде жоғарғы қысымды белдеулер қалыптасады.
Сонымен, жер бетінде жоғары өрлеген ауа ағыны басым аймақтарда төмен қысым, төмендеген ауа ағыны басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері калыптасады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Атмосфера дегенімің не?
Ол қандай қабаттардан тұрады?
Климат дегеніміз не?
Жер шарында қандай климаттық белдеулер бар?
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
§ 6 Ауа температурасы мен қысымының таралуы. Мазмұндау. Оқу.