Тілдер к?ніне арнал?ан Тіл-алтын ?азына атты интеллектуалды? ойын
№20 орта мектеп-лицейі
«Тіл-алтын қазына»
Интеллектуалдық ойыны
Өткізген: Доскабулова К.О.
Молдаторе Г.Б.
Ақтөбе қаласы
Қ-Қайырлы күн, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
22 қыркүйек- Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.
Қазақстанда 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады, әр ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы-туған тілі.
Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар, тілдер мерекесіне арналған интеллектуалдық ойынымызды қош келдіңіздер!
Кімдер жүйрік білейінші
Біздің мектепте бар деп жүрейінші.
Құрметті көрерменді тәнті еткен,
4 кластарды қарсы алып көрейікші!
(4-кластар командалары өз орындарына шығады)
Әділдікпен баға берер топтарға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Жеңімпазды таңдап беріп алуға!
(Әділ қазылар алқамын сайлау)
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
(Әр команданың көшбасшысы өз командасын таныстырып өтеді)
Ал енді, Қазақстан Республикасының тілдер күніне арналған «Тіл-алтын қазана» атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық!
-Бірінші сайысымыз «Кім шапшаң?» деп аталады. Бұл сайыста топтар қойылған сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек.
(Сұрақтар слайдта беріледі. Сұраққа тез және дұрыс жауап берген топқа әділ қазылар бір ұпайдан береді. )
-Біздің ана тіліміз-қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл.
4 «Б» класс оқушыларының орындауында Еділбек Дүйсеновтің «Туған тіл» өлеңі.
Карина: Әлдилеген ән қылып,
Ана тілім аялы.
Жүрегімде мәңгілік,
Жапырағын жаяды.
Катя: Тілмен ғажапкүйге ендім
Мынау аспан астында
Оқып, жазып үйрендім
Әліппені аштым да.
Аружан: Ұғынумен келемін
Туған тілдің не екенін.
Қазақ тілі дегенің-
Отан, Атамекенім.
Аружан: Тіл тұғырға орнаса,
Мақтан етіп жүргейсің.
Туған тілің болмаса.
Тамыры жоқ гүлдейсің!
Келесі сайысымыз «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Бұл сайыста командалар суретерге байланысты мақалдарды атайды.
(Суреттер слайд арқылы беріледі)
Жасырылған мақалдар
Білім-теңіз, мектеп-кеме.
Оқу- инемен құдық қазғандай.
Кітап-білім бұлағы.
Ас атасы – нан.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Білім-алтын қазына.
-Осы сайыстың екінші бөлігі «Жалғасын тап» деп аталады. Командалар слайдта көрсетілген мақалдың жалғасын табу керек.
Оқусыз білім жоқ, ... (білімсіз күнің жоқ)
Тазалық-... (саулық кепілі)
Жүз теңгең болғанша,... ( жүз досың болсын)
Еңбек етсең ерінбей, ... (тояды қарының тіленбей)
-Ойынымыздың екінші бөлімі «Ойлан да, тап» деп аталады.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1. Сырт-сырт етеді,
Уақыт өтеді.
Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат
Оның аты - .........
2. Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығын,
Болады неше алма?
3. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады
4. Үш көзі бар қырағы,
Кезек ашып жұмады.
Өтеріңде көшеден,
Бұйрық беріп тұрады.
5. Түсі сары сүйкімді,
Дәмі қышқыл бір түрлі.
Ащы дей де алмайсың,
Шекерсіз жей алмайсың.
6. Сыртта қапырық болып тұр,
Үйде ол селкілдеп тоңып тұр.
7. Ағайынды бәрі:
Шықса көк,
Түссе сары.
8.Үшбұрыш та сызады,
Төртбұрыш та сызады.
Шеңберіңді дөңгелек,
Төрт бөледі, бұзады
9. Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
10. Алдына келесің,
Өзіңді көресің.
Ол не?
11. Үш көзді батыр
Жол көрсетер батыл
Үш көзі үш түрлі:
Қызы, сары, жасыл.
12. Қар емес – қатты.
Мұз емес – тәтті.
13. Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай.
14. Сыртылдайды күнімен.
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты
Көрсетеді тілімен.
15. Әрқашанда таң атпай,
Оятады сағаттай.
16. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
17. Ол жұмса көзін,
Ұйықтаймын өзім.
18. Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ.
19. Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да, қар емес,
Шешуін кім табады?
20. Қыста үйге кірмейді,
Көктем шықса жүрмейді.
Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін жариялағанша, біз тамаша бейнебаянды тамашалайық.
(«Көк тудың желбірегені» атты әннің бейнебаянын тамашалау)
Ал енді әділқазылар шешімін тыңдайық.
(Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін жариялайды)
-Осымен ойынымыз аяқталды, сау болыңыздар!
-Көріскенше күн жақсы болсын!
-