Презентация Ата-аналар жиналысы ?штік ода?: ата-ана, о?ушы, м??алім


Мейірімді жүрекпен,Ақпейілді тілекпен,Амандасып алайық,Бір жадырап қалайық! «Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті» (Н.Ә.Назарбаев) І.Негізгі бөлімҰлы ғалым, философ Әбу-насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен.»Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдыдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Бірінші топ – Бұл топқа оқушылар кіреді. Топқа бөліну Екінші топ – Бұл топқа ата-аналар кіреді. Үшінші топ – Бұл топқа ұстаздар кіреді. топтарға тапсырма: 1 топ- оқушылар-Ата-ана сендер үшін кім?-Мұғалім қандай болуы керек?2 топ - . Ата-аналар тобына: -Сіздер үшін бала кім?-«Болашақ» мектеп сіздердің ойларыңызша қандай болуы тиіс?3 топ - мұғалімдер тобына:- Сіздің ойыңызша оқушы қандай болуы тиіс?- «Ата-анаға» қандай тілектер айтасыз? 10 минут 2-топ – ата-анаСіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?3-топ – мұғалімОқушыға сіз нашар баға қойдыңыз, оқушы үйіне жылап барып, ата-анасына шағымданды, ата-ана сізге телефон шалып ренішін білдірсе не айтар едіңіз?1- топ- оқушыАта-анаң, ертең қонаққа барамыз, сабаққа бармай-ақ қойсаң қайтеді деді, ал ертең мұғалім бақылау жұмысын жазамыз сабақтан қалмаңдар деген еді, не істейсіңдер? 2-топ – ата-анаБалаңыз мектепте сыныптас достарымен ренжісіп қалды, сізге келіп шағымданды, сіздің әрекетіңіз?3-топ – мұғалімСіздің сабағыңызда оқушы сабаққа көңілі болмай, тыңдамай ренжулі отырды, ал сізге жаңа сабақ түсіндіру керек, не істейсіз?1- топ- оқушыСен бүгін сабаққа дайын болмадың, оның қандай себептері болуы мүмкін деп ойлайсыңдар? Бұл кезеңде ата-ана, оқушылар, мұғалімдер бір-біріне өздерін толғандыратын сұрақтар қояды. Ерікті микрафон: Ата-аналарға жадынама1.Баланың оқуына, тәрбиеленуіне, баланың белсенділігінің артуына тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз. Мұғалім-сіздің отбасыңыздың досы.2.Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.3.Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз. Бүгін қандай жаңа ұғым алды, нені үйренді? Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз.4.Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз,керісінше өзіңіз орындап беруге үйретпеңіз. Қай дәуірде болмасын, адамзаттың алдында тұрған басты міндет- мүдделердің бірі – есті де, еңбексүйгіш, Отансүйгіш, қайырымды да, қайратты ұрпақ тәрбиелеу. Н.Ә.Назарбаев жолдауынан