Презентация на тему Ата-аналар жиналысы.Баланы? бас ?стазы-ата-анасы


Баланың бас ұстазы-ата-ана.Басталуы: сағ:11/00 ЕРЕЖЕ Күн тәртібінде1. Тренинг2. І тоқсан қорытындысы3. Әр түрлі сұрақтар Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен:“Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді”. Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру- біздің және сіздің мақсатымыз. Ата-аналарға жаднама 1. Балаңыздың оқуына, тәрбиеленуіне, баланың белсенділігінің артуына тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз. Мұғалім-сіздің отбасыңыздың досы және бірінші одағы. 2.Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.3. Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз, бүгін қандай жаңа ұғым алды, нені үйренді, т.б. Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз. 4.Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз, керісінше өзіңіз орындап беруге үйретпеңіз.5. Мүмкіндігінше баланың айтқан әңгімесіне, өзі жайлы, мектебі туралы, достары туралы т.б оймен бөлісіп, баланың көзқарасымен қарауға тырысыңыз. Өз мүмкіндігіңізге байланысты мектеп пен мұғаліммен тығыз байланысты болыңыз. Ол сіздің балаңызды тәрбиелеудегі өнеріңіздің жоғарлығын көрсетеді.