Та?ырыбы Тол?ындар Тол?ынды? ?оз?алыс.


Сабақтың мақсаты:Білімділік. Оқушыларға толқындар,толқындық қозғалыс туралы жалпы мағлұмат беру, білімдерін жетілдіру. Дамытушылық. Есеп шығарту арқылы ойлау, шығармашылық,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік. Оқушыларды табиғаттағы құбылыстарды түсіне білуге,байқай білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.Сабақтың түрі: Лекция және есеп шығару сабағы.Оқыту технологиясы : ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, тест, деңгейлік тапсырма. Сабақтың әдісі : 1.Иллюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу,лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу.2.Репродуктивті әдіс. .Білім – білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.3. Зерттеу әдісі- мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп,мәтінмен, есептер шығарту, үлестірмелі материалдар мен жұмыс. Сабақтың пәнаралық байланысы: Математика.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жеке карточкалар. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.2.Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі.3.Сабақтың мақсатымен таныстыру кезеңі.4.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.5.Есеп шығару кезеңі.6.Жаңа сабақты қорытып , бекіту кезеңі.7.Оқушылардың білімін бағалау.8.Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңі. ҮЙ ЖҰМЫСЫН ЖӘНЕ БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢІ. 1.Бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл қайталанып отыратын қозғалыс?2.Тербелістерді қандай шамалар арқылы сипаттаймыз?3.Серіппелі маятник үшін тербеліс периодының формуласы? 4.Математикалық маятник үшін тербеліс периодының формуласы?5. Томсон формуласы?6.Электромагниттік тербелістерді алуға арналған тізбек қалай аталады?7. Өзгеру жиілігі тербелістің меншікті жиілігі дәл келген кезде байқалатын құбылыс?8.Серіппелі және математикалық тербелістер қандай тербеліс жасайды?9.Есіктің ашып -жабылуы қандай тербеліске мысал бола алады?10.Өшпейтін тербеліске тербелістің қай түрі жатады? Жауабы:1.Механикалық тербелістер.2.Тербеліс периоды,жиілік,амплитуда.3.4.5.6.Тербелмелі контур.7.Резонанс8.Еркін тербеліске9.Еріксіз тербеліс10.Еріксіз тербеліс. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды,тек энергияны ғана тасымалдайды. Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын көлденең толқын деп атайды. Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп атайды. Толқынның маңызды сипаттамасына толқын ұзындығы жатады. Толқын ұзындығын: белгілейді.Толқын ұзындығы -периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық. Толқын ұзындығы деп толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және теп-теңдік күйінен ауытқулары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығын айтады. Толқын ұзындығының бөлшектердің тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама толқын жылдамдығы деп аталады: Есеп шығару кезеңі. 25-жаттығу.№1. Су айдынына тас тастағанда,толқындар пайда болады.Су бетінде қалқып жүрген кішкене дене 15 секунд ішінде 6 рет жоғары көтеріліп төмен түсті. Егер толқын өркештерінің арақашықтығы бір бірінен 40 см қашықтықта болса,онда су айдынында тарайтын толқын жылдамдығы неге тең? Есептер жинағынан №20. Көл бетіндегі толқынның ұзындығы 300 м, периоды 13,5с.Оның таралу жылдамдығы қандай? Деңгейлік тапсырма.№11.Қайық таралу жылдамдығы 2,5 м/с болатын су толқынында тербеліп тұр.Екі жалдың арасы 8м болса, қайықтың тербелісі периоды қандай?2. Найзағай жарқылынан 6c өткен соң оның дыбысы естілді. Ауадағы дыбыс жылдамдығы 340м/с болса, найзағай бақылаушының қандай қашықтықта болғаны? Деңгейлік тапсырма.№21. Көл суының бетінде толқын 6м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса,онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай?2.Балықшы қалтқы 10с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркешетерінің арақашықтығы 1,2 м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай? Деңгейлік тапсырма.№3 1.Балықшы су айдынындағы толқынды бақылай отырып, қалтқысының жанына 10с ішінде толқындардың 3 өркеші өткенін байқады.Толқын ұзындығы мен тербеліс жиілігі қандай? Толқынның таралу жылдамдығын 2м/с тең деп есептеңдер.2. Желсіз күні қайықтан көлге ауыр якорь тасталған.Жағада тұрған адам толқын оған 50 с кейін келіп жеткенін, көршілес өркештер арасындағы қашықтық 0,5 м екенін және 5 с ішінде 20 рет келіп соққанын байқайды? Қайық жағадан қандай қашықтықта болған. Деңгейлік тапсырма.№41. Периоды 0,005с тербелістер көзі суда толқын ұзындығы 7,175м дыбыс толқынын шығарады. Судағы дыбыс жылдамдығын табыңдар?2. Егер толқын ұзындығы 7 м, ал тербеліс жиілігі 220 Гц болса, судың ішінде 7,7 км қашықтықта дыбыс толқыны қандай уақытта жетеді? Жаңа сабақты бекіту кезеңі.Тест арқылы. 1.Тербелістердің серпімді ортаның бір бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі...А) Механикалық толқын.В) механикалық тербелісС) Механикалық қозғалыс.2.Көлденең толқын дегенімі...А) Толқынның таралу бағытымен бағыттас толқындарВ)Толқынның таралу бағытына перпендикуляр толқындарС)Толқындардың таралу бағытына параллель толқын3. қандай физикалық шаманың формуласыА) Толқын жиілігіВ) Толқын жылдамдығыС)Толқын ұзындығы4.Периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық?А) Толқын жылдамдығыВ) Толқын периодыС) Толқын ұзындығы5. Толқын ұзындығының өлшем бірлігі...А) мВ) м/сС) Н 1 2 3 4 5 A B B C A Оқушы білімін бағалау кезеңі. Үйге тапсырма: §30 оқу. Ереже жаттау.25-жаттығу.№2,3.