?МЖ Ішкі энергия (10 сынып)


Бекітемін:
Пәні: Физика
Сыныбы: 10
Қысқа мерзімді жоспар № 37
Сабақтың тақырыбы Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері.
Сілтеме 1.Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспар.
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.
3.А. Орақова, Ж. Жартынова «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»
4.Ғаламтор .
Жалпы мақсаты Оқушыларға идеал газдың ішкі энергиясы, ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері, термодинамиканың І заңы туралы білімді өз беттерімен іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру , бір атомды, екі атомды, көп атомды идеал газдың ішкі энергиясы формулаларына есеп шығару дағдысын дамыту.
Ресурстар Интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, постерлер, оқулық, бағалау парағы, электрондық оқулық (10 сынып), бейнематериал, тапсырмалары бар парақшалар .
Күтілетін нәтиже Оқушылар ішкі энергия, ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері, термодинамиканың І заңы туралы толық мәліметті біледі, .

Негізгі идеялар Дененің ішкі энергиясы деп оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу , яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады.
Дереккөз
1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. Физика,10 сыныпАлматы, «Мектеп» 2010 ж
2. С.Тұяқбаев, Ш. Тынтаева, Ж.Бақынов. Физика. Есептер жинағы Алматы «Мектеп», 2010
3.А.П.Рымкеевич. Физика есептерінің жинағы, Алматы, «Мектеп» 2012 ж
Әдістер Сергіту.
«Миға шабуыл»
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Бағалау.
Топтық жұмыс. Екі жұлдыз, бір тілек.
Жұптық жұмыс. Ауызша мадақтау.
Жеке жұмыс. Критерийлер арқылы .
Жиынтық бағалау
Жұмыс формалары
Тапсырмалар 1. Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл .Сұрақтар арқылы
2.Топтық жұмыс . Мәтінмен жұмыс. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі
3.Жұптық жұмыс . Формулалар сөйлейді
4.Жеке тапсырма . Есептер шығару
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады) :

Сабақ кезеңдері Әдістер Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1 Ұйымдастыру кезеңі
(4 минут) Сергіту «Молекулалар мен атомдар» ойыны.
«Топқа бөлу» Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.
Ойынның аяқталуы бойынша оқушыларды топқа бөлу.
Оқушылар атом дегенде ажырайды, молекула дегенде бірігеді
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
2 Үй тапсырмасын сұрау
(6 минут) «Менің түсінгенім...»
Оқушылардан осы ойын түрі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау. Оқушылар бір параққа жауаптарын жазады .
3 Қызығушылығын ояту (4 минут). «Миға шабуыл».
«Сұрақтар» арқылы
Сұрақтар:
1.Дененің ішкі энергиясы деген не?
2.Дененің ішкі энергиясын қандай тәсілдермен өзгертуге болады?
3. Бөлме температура- сындағы массалары 100 г және 600 г пішіндері бірдей екі жез таяқша бірдей уақытқа ыстық суға батырылған. Олардың ішкі энергиялары өзгерді ме?
4. Жұмыс кезінде қолара неліктен қызады ?
5. Денемен жұмыс істегенде, жылу берілгенде, дененің ішкі энергиясының артқанын көрсететін мысалдар келтіріңдер.
6. Егер мыс сымды темір төске қойып соққыласа немесе белгілі бір жерінен ерсілі-қарсылы тез майыстырса, ол қатты қызып кетеді. Осы құбылысты түсіндіріңдер.
7. Арқанға жабысып немесе бақан бойымен тез сырғанап түскен кезде , қолдың күйіп қалатыны неліктен ?
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
4
Мағынаны тану.
(18 минут)
Топтық жұмыс.
«Мәтінмен жұмыс»
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі
Жұптық жұмыс.
«Формулалар сөйлейді» Топ мүшелеріне мәтінмен танысуға тапсырма беріледі.
Оқушыларды жұпқа бөліп, тапсырма беру. Топтағы оқушылар жеке оқып шығады , содан соң жұппен, сосын топта талқылайды. Мәтіннің мазмұнын ашады.
Постерге мәтін бойынша өз ойларын түсіреді.
Топ спикерлері «Сынып алдында жалпылай қайталау» әдісі арқылы қорғайды.
Оқушылар жұппен формулаларды қорытып шығарады, кестені толтырады.

5 Ой толғаныс.
(7 минут). Жеке жұмыс. Есептер шығару Тапсырмалары бар парақшаны тарату.
Жұмысты тексеру,
критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау.
Оқушылар тақырып бойынша есептер шығарады.
6 Қорытынды
(3 минут)
Кері байланыс
(3 минут) «Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері» тақырыбындағы таныстырылым арқылы қортындылаймын.
«Альпинистер» Әр оқушы сабақтан алған әсерін стикерге жазады, тақтадағы суреттің қажет жеріне іледі.
8
Үй тапсырмасы.
Кейінгі тапсырмалар. 5.1, 5.2. Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері. 8-жаттығу.
Кейінгі оқу.
«Ішкі энергия» тақырыбында презентация дайындау.
РРРРРр
Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді
№ Тапсырмалар
Оқушы жауаптары
1 Идеал газдың ішкі энергиясының формуласын жаз, ондағы әр шамаға сипаттама бер. 2 Негізгі формуладан газ массасының формуласын қорытып шығар. Мольдік массаның формуласын жазыңдар. Температураның формуласын жазыңдар. 3 Идеал газдың ішкі энергиясының формуласын қорытып шығар. 4
Термодинамиканың І заңының формуласын жазыңдар. Жеке жұмыс. Есептер шығару
10 моль біратомды идеал газдың 270C температурадағы ішкі энергиясын анықтаңдар. (R = 8,31 Дж/К∙моль ) (2 ұпай)
37 С температурадағы 12 моль гелийдің ішкі энергиясын табыңдар. (R = 8,31 Дж/К∙моль )
(2 ұпай)
Бір атомды идеал газдың температурасы –73-тан 127С дейін артты. Газдағы молекулалар саны 10 28. Оның ішкі энергиясының өзгерісі неге тең? (NA = 6∙1023 моль-1, R = 8,31 Дж/К∙моль )
(2 ұпай)
127 C температурадағы массасы 4 г гелийдің ішкі энергиясы неге тең болады? (М(Не) = 4∙10-3 кг/моль, R = 8,31Дж/К∙моль ) (2 ұпай)
5 л көлем алатын газ 200 кПа қысым түсіреді. Оның ішкі энергиясы қандай?
Рефлексия.
Сабақта мақсатыма жете алдым ба ______________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Сабақтың тиімді жақтары ______________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Тиімсіз болған жақтары _________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Келесі сабақта нені ескеру қажет _______________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________